Нормативтік сілтемелер



бет24/33
Дата06.02.2022
өлшемі440,98 Kb.
#81124
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
мал ш. 15

2.10 Бройлерлерді сою
Құс фабрикалары мен құс комбинаттарында құсты сою мен өңдеу негізі-нен механикаландырылған жүйелерде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта біздің елімізде құс фабрикалары мен құс комбинаттары үшін тауықтар мен балапандарды өңдеуге арналған бірыңғай жартылай автоматты жүйелер, бройлерлерді өңдейтін жүйелер, ішек-қарындарды жаруға және ұшаны салқындатуға арналған жабдықты қоса есептегенде құстың барлық түрін өңдеуге арналған универсалды жүйелер орнатылады. Бройлерлерді өңдеудің тасқынды-механикаландырылған жүйесі, союдан ұшаны тоңазытуға дейінгі бірегей толассыз технологаялық процесті қамтамасыз етеді.
Сою жүйелері бір сменада 10-12 мың балапанды өңдеуге есептелген. Бройлерлерді сойысқа 10 мың балапан тұратын бройлер қорасын түгелдей босатуға немесе 20 мың қүсқа арналғанды жартылай босатуға сәйкес келетіндей топпен дайындайды. 20 мың балапан сиятын құс қорасын кешкі уақытта бройлерлерді сояр алдында брезентпен ұзынынан шымылдықтап, қоршап қояды. Құстарды сою цехына жөнелтуден 5-6 сағат бұрын азықтанды-руды тоқтатады. Бройлерлер союға жөнелткенге дейін су іше береді. Бройлер-лер қорасының екінші жартысы келесі күні босатылады. Сөйтіп 20 мыңдық бройлер қорасы екі күнде тазартылады. Содан соң оны тазартып, дезинфекция-лайды, балапандардың жаңа тобын қабылдауға әзірлейді. Балапандардың жаңа тобын құс қорасын босатқаннан кейін 14 күн өткен соң ғана қабылдайды. Бұл санитарлық қажетті аралық.
Балапандарды төсеніште өсірілген кезде құс қорасын арнайы кішігірім секцияларға бөліп, қоршайды да, оларды жеке бригада қолмен ұстайды. Бройлерлер сою цехына арнаулы транспорт құралдарымен жеткізіледі. Егер балапандар клеткаларда күтілсе, онда оларды сою цехына ленталы транспор-термен жөнелтеді, ал клеткалы контейнерлерде өсірілсе онда солардың өзімен жеткізеді. Балапандарды ұстаған кезле жарақаттап алмау керек, өйткені қанаттарын, сирақтарын майыстыру, денесін жарақаттау ұшаның тауарлық түрін бұзып, сорттылығын төмендетеді. Ұстау мен тасымалдау құсқа кері әсер етпеуі үшін оны беймазалатпайтын дәрі-дәрмек - транквилизатормен қоректендіру қажет.
Бройлер балапаннын сояр алдында ас қорыту трактасын тазалау үшін ол сояр алдындағы төзімділіктен өткізіледі. Бұл кезде оған тек қана су мен әлсіреткіш зат 2 пайыз глаубер тұзының ерітіндісі беріледі. Соймастан бұрынғы ашықтыру етті неғұрлым ұзағырақ сақтауға ықпал етеді.
Құстың толық ішін жарған кезде сояр алдындағы төзімділік азая түседі. Балапандарды сояр алдындағы ашықтыру ұзақтығы 8-12 сағат созылады. Сояр алдындағы ашықтыру кезінде бройлер балапандарын суаруға шек қойылмайды.
Союға арналған бройлерлер қолмен ұсталынады, таңертең ерте, қораның жарығын сөндіріп тастап, немесе шам жарығымен түнде ұстаған жақсы. Еден-де ұстағанда торлар пайдалынады. Бройлер балапандарын клеткаларда күткен кезде оларды клеткалардан суырып алып, транспортер лентасына отырғызады, содан соң жәшіктерге немесе құс тасымалдайтын контейнерлерге отырғызы-лады.
Өлшемі 920 х 430 х 370 мм жәшікке: салқын кезде 20 бройлер, жылы кезде 15 бройлер отырғызылады. Контейнерлер әрқайсысында төрт-төрттен клеткалары бар бес қабатты металл кострукциядан тұрады. Клетканың едені жылжытылады, сөйтіп бройлерлер ленталы транспортерге келіп, контейнерге асатын жерге жеткізіледі. Бройлерлер автокөлікпен және тіркемелі дөңгелекті трактормен тасымалданады.
Бүкілресейлік құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу және технология институтында тор көзді еденде күтілетін бройлерді түсіру үшін механикалан-дыру белгіленген құс қораға көлденең ленталы транспортер орнатылады. Көтергіш қалқанның жәрдемімен бройлер қозғалмалы транспортерлерге қамалады да, ол бройлерді автомашинаға немесе трактор арбасына бағыттайды.
Бройлерлерді тасымалдау кезінде дене салмағының бір бөлігі жойылады. Сондықтан оны 40-50 км қашықтыққа 5 сағаттай мерзімде транспорт клетка-лармен тасымалдау ұсынылады. Өңдеуге жеткізілген құстар ыдыспен қоса өлшенеді, ыдыстың салмағы – қабылдау кезінде келген құс болса оны тран-спорт ыдысымен бірге өлшеп, өлген құсты өңдеуші кәсіпорынның мал дәрігеріне тапсырады.
Құсты конвейер ілгішегіне асып қояды. Содан соң конвейер бойынша құс жанын шығаратын аппаратқа (құсты анестезирацияға) береді. Құстың жанын шығару конвейер бойынша құс қозғалысы кезінде кернеуі күші мен жиілігі әр түрлі электр тогі арқылы жүзеге асырылады. Бройлер балапандарын жанын шығару үшін «РЗ –ФЗО» аппараты пайдаланылады. Аппарат кернеуі 220 вольт айнымалы тоқтың тізбегіне қосылады. Байланысатын ортаның жұмыс кернеуі балапандар үшін 90-110 вольт. Жанын шығару ұзақтығы үшін 3-6 секунд. Электр тогімен құстың жанын шығарған кезде жүрек соғуы тоқталмайды, мұның өзі құстың қансырауын толық тоқтатып, ұшаның тауарлы түрін жақсарта түседі. Жанын шығарғаннан кейін сою мен қансырауы орнына жөнелтіледі.
Құсты сою – ішкі және сыртқы екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Құсты іштен сою әдісі неғүрлым көбірек тараған. Оның мәні мынада: балапанның көзі мен құлағының екі ортасынан сол қолымен басынан ұстайды да, тұмсығын өзіне қарай бұрады, ортаңғы және шынашақ саусақтармен аузын ашады, оң қолмен қайшыны немесе пышақты ауыз қуысына тығып, тандайдың көмей жағын-дағы, күре тамыр мен көлденең тамырдың жалғасқан жеріндегі қан тамыр-ларын кеседі, содан соң қайшының ұшымен таңдай қуысы арқылы мидың алдыңғы бөлігіне укол жасайды. Сыртқы тәсілмен сойған кезде құстың айдары мен басынан ұстап, сол қолдың бас бармағымен оның сол жақ құлағын бітеп тұрады. Балапан басын сол жағына бұрып, өзіне қарай сәл-пәл қыса түседі. Сөйтіп құлақ тесігі тұсынан 15-20 мм төменірек пышақпен фасциясын, күре тамырын, ұйқы тамырын және шінара мойын етін тіледі. Тілу ұзындығы бройлер балапандарында 10-15 мм. Бройлерлерді союдың сыртқы әдісінің екінші түрі де колданылады. Бұл жағдайда сол қолмен басынан ұстап, құлақ сырғалығынан 10 мм төменірек теріге пышақты түйреп, оң жақ және сол жақ ұйқы тамырын, күре тамырдың бір жағын, содан соң оның екінші жағын тіледі, түйреу ұзындығы 15 мм -ден аспауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет