Инклюзия дегеніміз - тұлғалардың кез келген айырмашылықтарына қарамастан, білім беру үдерісіне қосуды білдіретін әлеуметтік ұғым деген авторлық қорытындыға келдік;
Инклюзивті білім беру - барлық тұлғалардың бірегейлігін, құндылығы мен алуан түрлілігін мойындай отырып, оларды кемсітуге жол бермейтін қолжетімді білім беру үдерісі деп авторлық ойымызды түйіндедік;
Инклюзивті оқыту - кез келген тұлғаның сапалы білім алу құқығын және сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған үдеріс деген авторлық анықтама беріп отырмыз.
Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға даярлау дегеніміз кәсіпорын мен оқу орнының бәсекеге қабілетті мамандарды инклюзивті білім беруге бірлесе даярлайтын инновациялық үдерісі деген авторлық анықтама ұсындық.
Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтардың даярлығының қазіргі жағдайы және зерттелуі
Қазақстандағы инклюзивтік білім беру мәселелері қарастырылған, білім беру саласындағы ұлттық саясатқа шолу жасалған «Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан 2009: ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі білімгерлер» зерттеуі болып табылады [117].
Сонымен қатар инклюзивтік білім беру саласындағы «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясының «Алматы қаласы мен Алматы облысындағы мүмкіндіктері шектеулі әйелдер: өмір сүру деңгейі, жұмыспен қамтылуы, көңіл-күйі және жеке өмірі» (2007), Сорос- Қазақстан қорының «Әлеуметтік осал топқа енетін балалар үшін сапалы білім алудың қолжетімділігі: ситуациялық талдау» (2011), «ҚР мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жұмысқа тарту ерекшеліктері» (2016), «ҚР мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жоғары білім алу құқығын жүзеге асыру» (2016) зерттеулерді жатқызуға болады.
«Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинағында білім беру жүйесі қызметінің әлеуметтік- экономикалық шарттары, негізгі көрсеткіштері мен индикаторлары, кәсіптік білім беру, білім беру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылады [118].
Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құзыреттіліктерін дамыту стратегиясында Қазақстанның басты стратегиялық басымдығы, әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалардың құзыреттілігін дамыту және күшейту, тұрақты дамыту формалары берілген [119].
Инклюзивтік білім берудің зерттелуінде «Инклюзивтілік және білім беру: баршаға деген баршаға» Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия. Білім беруді мониторингтеу бойынша дүниежүзілік баяндамаға ерекше назар аударған жөн. Баяндамада инклюзивтік білім беру, дискриминация, инклюзивтік саясат, инклюзивтік білім беру құқықтары сөз болады [120].
«Қазақстан жастары» Ұлттық баяндамасы инклюзивтік білім беруде жастардың білім алу құқығы, білім беру ортасында инновациялардың қолжетімділігі, сапасы, жастардың әлеуметтік осал санатының жай-күйі мен мүмкіндіктері, NEET санатындағы жастар санын азайту жөніндегі халықаралық және қазақстандық тәжірибе, жастардың әлеуметтік маңызы бар аурулары жөнінде мәселе көтереді [121].
«Қазақстан Республикасында 2012 жылы алғаш рет мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім беру мақсатында «Есту қабілеті шектеулі тұлғаларға арналған техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспарлары» 1211000-Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу және 304000-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) мамандықтары бойынша әзірленді [122].
Диссертациялық жұмысымыздың 1.1 бөлімінде білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың отандық және шетелдік диссертациялық еңбектерде және гранттық жобаларда зерттелуін терминдік талдау мақсатында қарастырған болатынбыз, инклюзивті білім беру саласындағы диссретациялық зерттеу жұмыстарына талдау жасаймыз (Кесте 7).
Кесте 7 - Инклюзивті білім беру мәселелерін зерделеген диссертациялық жұмыстар
Достарыңызбен бөлісу: |