Нормативтік сілтемелер



бет31/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет

Үшінші бағыт педагогты кәсіби даярлаудың ақпараттық, функционалдық және мотивациялық талаптарын қамтиды. Ақпараттық талаптар - инклюзивті білім беру тарихын, тұжырымдамаларын, теорияларын, қағидаттарын, нормативтік заңнамаларды білу. Функционалдық талаптар - инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық жұмысты ұйымдастыру, кәсіби білімді дамыту тәсілдері, кәсіби қабілеттері мен қызметін жетілдіру, өзара қарым-қатынастың тәсілдерін білу, коммуникациялық дағдыларының болуы. Мотивациялық талаптар - инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы іскерлік, ынта, саналы бағытталуы, педагогтің өз тәжірибесін өзгертуі, кәсіби қызметін жетілдіруі, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы, толеранттылық, жауапкершілік қасиеттерінің болуы.
Төртінші бағыт педагогты кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттарын қарастырады. Оған бақылау, бағалау - кәсіби қызметтің қиындықтарын, қиындық себептерін талдау, педагогтың кәсіби және жеке жетістіктерінің нәтижелерін бағалау және әдістемелік шарттары жатады.
Бесінші бағыт педагогты кәсіби даярлауда оқытудың проблемалық, интерактивтік және инновациялық әдістерін сипаттайды.
Алтыншы бағыт педагогты кәсіби даярлаудың тиімді (дербестік, инклюзивті білім беру идеологиясын түсіну және қабылдау, тұлғалық бағдар мен бағдарлану), бейімді (инклюзивті білім беруді қолдау, білік, білім дағдыларды меңгеру) және нәтижелі (инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, инклюзивті білім беру процесінде кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін білу) деңгейлерін қарастырады.
Бірқатар ғалымдардың зерттеу жұмыстары педагогтың инклюзивті оқытуға дайындығын талдауға бағытталып, инклюзивті оқытуға даярлық педагогтердің кәсіби және психологиялық дайындығы, инклюзивті дайындық, инклюзивті құзыреттілік мәселелерін қамтиды.
Педагогтың инклюзивті оқытуға дайындығын функционалды көзқарас тұрғысынан қарастыру, кәсіби міндеттерді сәтті орындауды қамтамасыз ететін ерекше психикалық жағдай (А.Г.Ковалев, Н.Д. Левитов, К.К. Платонов, Г.Г. Голубева) ретінде зерделеу идеялары да қарастырылды.
М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович еңбектерінде педагогтың инклюзивті оқытуға дайын болуы тұлғалық көзқарас тұрғысынан жеке тұлғаның кәсіби маңызды сапасы ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар функционалдық және тұлғалық көзқарастарды біріктіре отырып, кәсіби жағдайға және міндеттерге деген көзқарасты анықтайтын тұлғаның сапасы, екінші жағынан іс-әрекетті тудыратын тұлғаның белсенді жағдайы ретінде сараланды.
Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, педагогтың инклюзивті оқытуға дайын болуы күрделі динамикалық құрылымға ие, ол бірқатар компоненттерді қамтиды:
- мотивациялық (міндеттерді орындау үшін жауапкершілік);
- бағдарлау (қызметтің ерекшеліктері, шарттары мен талаптары туралы білім мен идеялар);
- операциялық (қызметтің әдістері мен әдістерін, қажетті білім мен дағдыларды игеру);
- ерікті (өзін-өзі бақылау, міндеттерді орындау қалыптасатын әрекеттерді басқару мүмкіндігі);
- бағалау (өзінің дайындығын бағалау және кәсіби мәселелерді шешу процесінің оңтайлы үлгілерге сәйкестігі).
Қазіргі жағдайда педагогтардың инклюзивті оқытуға кәсіби дайындығын түсіну тұлғалық-әрекеттік (И.А.Зимняя, Э.Ф. Зеер, А.К. Маркова, Л.М. Митина, Э.Э. Семенюк және т.б.) және контекстік тәсілдерді (А.А. Вербицкий, М.Д. Ильязова) біріктіретін құзыреттілік тәсіл арнасында жүргізіледі.
Қазақстанда инклюзивті білім беру жағдайында педагогқа қойылатын кәсіби талаптар педагогтың жаңа кәсіби стандарттарында нормативті түрде бекітілген, оған сәйкес педагогтың кәсіби қызметі инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуге байланысты жаңа құзыреттіліктермен толықтырылған. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның нақты оқу мүмкіндіктері мен психикалық және физикалық денсаулығының ерекшеліктеріне қарамастан әр түрлі балаларды қабылдауға, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум шеңберінде басқа мамандармен өзара іс-қимыл жасауға дайындығымен сипатталады.
Дуальды білім беру жағдайында болашақ мамандарды инклюзивті оқытуға даярлауда педагогтың психологиялық ерекшеліктері басты маңызға ие, себебі педагогтің психологиялық бейнесінің қалыптасуы оқу процесінің жемістілігіне ықпал етеді. Педагогтың инклюзивті оқытуға даяр болуы тар мағынада кез келген іс-әрекетті тиімді орындау мақсатында өзінің барлық психофизиологиялық жүйелерін жұмылдыруы, кеңірек мағынада кәсіби тұрғыдан анықталған талаптардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Педагогтың кәсіби қызметке дайын болуының басты ерекшелігі оның интегративті сипатында, кәсіби тұлғаның негізгі компоненттерінің үйлесімділігінде, тұрақтылығы мен сабақтастығында, яғни психологиялық бірлігінде.
Дуальды білім беру жағдайында болашақ мамандарды инклюзивті оқытуға даярлау деңгейін инклюзивті этика, инклюзивті теория, инклюзивті практика құрайды. Дуальды білім беру жағдайында болашақ мамандарды инклюзивтік оқытуға даярлау моделін құруда инклюзияның даму тенденцияларына, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру формалары мен тәсілдеріне, болашақ мамандарды даярлаудағы кәсіби құзыреттіліктерге сүйендік.
Қазіргі таңда «модель» ұғымы әртүрлі мағынада қолданылып келеді. С.И. Архангельскийге жүгінетін болсақ, өз еңбектерінде модельдің көрнекілігі, анықтығы, нақтылығы маңызды. В.Г. Пищулин болашақ маманның моделін жасауда 2 құрамын атап көрсетеді, олар: кәсіби білімі және тұлғалық сапалары [191].
Н.Ф. Талызина болашақ маман моделін маманның өзінің болашақ кәсіби қызметінде шешетін негізгі міндеттеріне қатысты құруды ұсына отырып, болашақ әрбір мамандық иесі келесі 3 міндеттері орындай алуы тиіс деп санайды: зерттеушілік; практикалық; педагогикалық. Біз ұсынған модель болашақ мамандардың инклюзивті оқытуға дайындығын қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытатын педагогтар даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі келесідей бейнеледік (Сурет 16).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет