Нормативтік сілтемелер



бет11/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Жүйелілік тұғыры ішкі және сыртқы факторларды талдау арқылы білім беру жүйесінің барлық элементтері, оның мазмұны мен іске асыру әдістері, құралдары, субъектілері, материалдық базаларын қарастырады.
А.И.Уемов [55] жүйелілік тұғырды жүйетану әдісі десе, жүйелі тұғырды В.Н.Садовский ғылыми білімді дамытудың келешегі зор стартегиясы дейді [56].
А.Н. Аверьянов жүйелілік таным келесілерді болжайды деп көрсетеді:
- іс-әрекет нысанын жүйе ретінде қарастыруды;
- жүйенің құрылымын, элементтері мен бөліктерін, олардың арасындағы өзара байланысты анықтауды;
- жүйенің ішкі байланыстарын мен маңыздылығын көрсетуді;
- жүйенің басқа жүйелер арасындағы рөлін анықтауды;
- жүйе құрылымы мен қызметін талдауды;
- жүйе заңдылықтары мен даму тенденциясын айқындауды [57].
М.Сарыбеков пен М.Сыдыкназаров өз еңбектерінде жүйелілік тұғырды өзара байланысты жиынтық ретінде қарастыра отырып, «біртұтас күрделі бірлік, жүйе ішінде бөлінуге қабілетті» деген анықтама береді [58].
Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың мақсаты мен мәндеттерін іске асыру ерекшелігі оның осы жүйелілік тұғырға негізделуі болып отыр. Жүйелілік тәсіл білім алушылардың ойлау, білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруда өте маңызды. Жүйелі ойлау, жүйелі жоспарлау, іс-әрекетті жүйелі меңгерту мамандарды жеделдете даярлау міндеттерін сапалы және оңтайлы шешуге ықпал етеді. Жүйелілік субъектінің іс-әрекетімен, қоршаған ортаның шындық объектілерін жүйелі тануымен, жүйелі зерттеу тәсілдерін қолдануымен сипатталады. Бұл тәсілдерді оқу үдерісінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарында қолданған тиімді. Жүйелілік тұғыр оқу құралдары, оқулықтар негізінде жеткізіледі.
С.В. Алехина инклюзивті оқытуды ресурстық қамтамасыз етудің негізгі жүйелілік бағыттарын анықтайды:
- ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
- инклюзияның барлық қатысушыларын психологиялық сүйемелдеу;
- білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің өзара іс-қимылы;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды жеке дамытудың практикалық- бағытталған бағыттарын әзірлеу;
- инклюзивті білім беру ортасын модельдеу және құру.
Ғалымның пікірінше, осы бағыттарды жүйелі жүргізілген жұмыс өз нәтижесін береді [59].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет