Нормативтік сілтемелер



бет13/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Тұлғаға бағдарлылық тұғыры білім алушының жеке-тұлғалық сапаларының дамуын білім беру жүйесінің мақсат, міндет, нәтижелерімен байланыстырады. Педагогикалық сөздіктерде «тұлғаға бағдарлану тұғыры - - тұлғаның дара, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген.
Тұлға - адамгершілік ұстанымдары қалыптасқан жеке адам болып табылады. Бағдарлылық – адамның даму динамикасы, оның мінез- құлқының негізгі тенденциялары көрінетін ең маңызды феномен. Тұлғаға бағдарланған инклюзивті оқыту қалыптасқан субъектілік тәжірибесі бар тұлғаның жекелігіне, өзіндік құндылығына, өзіндік ерекшелігіне басым көңіл бөлу, әлеуметтендіру, субъектілік тәжірибенің үнемі байып, өзгеріп отыруы арқылы да жүзеге асырылады. [65, 65б.].
С.Л. Рубинштейн бойынша, тұлғаға бағдарлылық динамикалық тенденцияларды білдіреді, мұнда мінез-құлық мотиві ретінде адамның іс- әрекеті анықталады. С.Л. Рубинштейн бағдарлылықты тұлғаның негізгі қызығушылықтары, қажеттіліктері, бейімділіктері мен ұмтылысының сипаттамасы ретінде қарастырған [66].
Ал Б.Ф. Ломов тұлғаға бағдарлылық оның бүкіл психикалық құрылымын анықтайтын жүйені қалыптастырушы құрылым ретінде қарастырады [67].
К.К. Платоновтың пікірі бойынша, тұлғаға бағдарлылық - бұл тұлға құрылымы, ол деңгей, кеңдік, қарқындылық, тұрақтылық сияқты ерекшеліктермен сипатталады [68].
Тұлғаға бағдарлану тұғыры жеке тұлғаның дамуын, жеке тұлғаның тәжірибесін қалыптастырудың мәнін, шартын және құралдарын белгілеуді, жеке тұлғаның мүмкіндігі мен даралығын субъект тәжірибесін қалыптастыруға бағыттауды қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс жасайтын педагогтар жеке тұлғаның таным қабілетін, қызығушылығын, оқыту іс-әрекетіндегі негізгі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасауда мақсат етеді. Мұнда білім алушылардың психофизикалық және әлеуметтік дамуындағы ерекшеліктері мен әртүрлі қажеттіліктеріне сәйкес білім беру үрдісін ұйымдастырады. Тұлғаға бағдарлану тұғыры бойынша адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады, әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті.
Инклюзивті оқытуда тұлғаның өмірлік жеке тәжірибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және тұлға ретінде өзін- өзі дамытуға жағдай жасалады. Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың ақыл-ойын, әлеуметтік, рухани, шығармашылық, эмоционалды дамуын қаматамсыз етеді. Мұнда педагог ақпарат беруші емес, білім алушының жеке басын дамытуда көмекші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет