Нормативтік сілтемелер



бет21/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Ұғым атауы

Гранттық зерттеу жұмысы

Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері

2643/ГФ4 «Теоретико-концептуальные основы развития инклюзивного образования в Казахстане». Мухамедханова А.К. (2015-2017)
AP08856467 «Развитие инклюзивного общества: роль модели образования и социального государства (всеобщего благосостояния), опыт скандинавских стран» Жүсіпбек Ғ.Ө.(2020-2022)

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды инклюзивті оқыту

AP08857092 «Организация довузовской подготовки лиц с ограниченными возможностями здоровья в системе инклюзивного высшего образования». Жакипбекова С.С. (2020- 2022);
AP05134037 «Формирование дистанционной образовательной среды вуза для обучения маломобильных (неподвижных) студентов-инвалидов». Мовкебаева З.А. (2018-2020); AP05130202 «Управление процессом оценки учебных достижений обучающихся с особыми образовательными потребностями». Аутаева А.Н. (2018-2020);
4072/ГФ4 Роль и место искусства в творчестве людей с ограниченными возможностями». Мусагулова Г.Ж. (2015-2017); AP08856309 «Научно-методическое сопровождение волонтерской деятельности студентов в рамках инклюзивного образования». Абильдина С.К. (2020-2022)

Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтарды
даярлау

AP05134666 «Подготовка педагогических кадров к профессиональной деятельности в условиях инклюзивного образования». Абильдина С.К. (2018-2020)

Енді осы «инклюзивті білім беру» ұғымының гранттық жобаларда қарастырылу мәселесіне тоқталайық. Біз 2015 жылдан бері қарай ҚР БҒМ Ғылым комитеті гранттық қаржыландырған жобаларды жүйелеп қарастырдық және орындалып жатқан жобаларды 3 бағытқа топтадық:


Бірінші бағыт - инклюзивті білім берудің теориялық, концептуалдық негіздері, инклюзивті қоғамды дамыту (А.К.Мухамедханова, Ғ.Ө. Жүсіпбек);
Екінші бағыт - инклюзивті білім беру жағдайында педагогтарды даярлау (Абильдина С.К.);
Үшінші бағыт - мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды инклюзивті оқыту, ЖОО дейінгі даярлау, қашықтықтан оқыту ортасын қалыптастыру, оқу үдерісін басқару және әдістемелік сүйемелдеу (Жакипбекова С.С., Мовкебаева З.А., Аутаева А.Н., Абильдина С.К).
Сонымен гранттық және диссертациялық зерттеу жұмыстарындағы инклюзивті білім беру ұйымдарында қолданылатын ұғым-түсініктерді келесідей топтадық (Сурет 7):





Сурет 7 - Инклюзивті білім беруде қолданылатын ұғым-түсініктердің
жүйеленуі

Т.Б. Земляная инклюзивті білім беруді заң тәжірибесі тұрғысынан қарастыра отырып, инклюзивті білім беру ұйымдарында «денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі білімгерлер» ұғымын бөліп көрсетеді. Осы ұғым тобына «психикалық және физикалық дамуында кемістігі бар тұлғалар», «мүгедек тұлғалар», «ерекше тұлғалар», «дамуында ауытқушылықтары бар тұлғалар», «мүмкіндігі шектеулі тұлғалар», «ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар» ұғымдарын жатқызды [115].


Педагогикада «ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар» ұғымы қолданылса, заңдар мен нормативтік актілерде «мүгедек» ұғымы жиі қолданылады. «Инклюзивті оқыту» ұғымымен қатар қолданылатын «ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар» ұғымында ерекше қажеттіліктің өзін нақтылау керек екендігі белгілі. Шетелде «мүгедек» ұғымы тек тар кәсіби мағынада медицинада ғана қолданылады. Осы бағыттағы зерттеулер педагогикалық теория мен практика тұрғысынан да, білім беру құқығы тұрғысынан да білім берудің жаңа философиясын қалыптастыруға негіз бола алады.
Жоғарыда айтылғандарға және «инклюзивті білім беру» ұғымына жасалған талдауға сүйене отырып, инклюзивті білім берудің категориялық аппараты, ұғым түсініктері әлі толық айқындалмағандығына, сонымен қатар инклюзивті білім берудің баршаға бірдей, нақты анықтамасы жоқ екендігіне көз жеткізе отырып, ғалымдар инклюзивті білім берудің мәні туралы ортақ түсінікке әлі келген жоқ деген қорытындыға келдік.
Сонымен Н.Альзахранидің нақты тұжырымдалған ұжырымдамалық аппараттың болмауы инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда қиындықтарға әкеледі деген пікірімен толықтай келісеміз [116].
Қорыта келе жоғарыда айтылғандарға және «білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту» ұғымына жасалған талдауға сүйене отырып, дуальдыбілім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың категориялық аппараты, ұғым түсініктері әлі толық айқындалмағандығына, сонымен қатар баршаға бірдей, нақты анықтамасы жоқ екендігіне көз жеткізе отырып, әзірге отандық және шетелдік ғалымдар білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытудың мәні туралы ортақ түсінікке әлі келген жоқ деген қорытынды жасауға болады.
Сондықтан біз зерттеу нәтижесінде білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту» ұғымына өзіміздің авторлық анықтамаларымызды келесідей тұжырымдап ұсынып отырмыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет