3 I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми теориялық негіздері



бет1/3
Дата05.06.2017
өлшемі0,82 Mb.
  1   2   3




Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………….....................3


I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері

I.1.Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері........................................…………................................................................7

I.2.Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің қазіргі жағдайы.......................................................................................................................15

II.3.Оқушыларға сабақтан тыс уақытта білім беруде интерактивті технологияларды қолдану……...……………………………………………....……...................................25


II. Инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқушыларға экологиялық білім берудің әдістемесі

II.1.Модульдік оқыту технологиясы………………......……………….................38

II.2.Компьютерлік және ақпараттық технологиясы..............................................................................................................45

II.3. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы ...................................................... 51

II.4 Тәжірибелік - эксперименттік жұмысының нәтижесі.......................................................................................................................60
Қорытынды ………….……..........……………………………………....….............63

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......……...…………………………...................................................................64




Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі де нақты білім беру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.

Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», 1996 жылғы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заң мен 2004ж қабылданған талаптарды іс - жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі көрсетілген [2,3,4,5,6]. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді.

Оқушыларға экологиялық білім беру олардың қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі

Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселері жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім-тәрбие беру Республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н.Ф.Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б.Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Қ.Б.Бөлеев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді [7,8].

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында, ізденіп зерттеулер жүргізген ғалым – педагогтар И.Д.Зверьев, А.Н.Захлебный, Н.С.Сарыбеков, И.Г.Суравегина, Н.А.Гладков, П.В.Иванов, Б.Г.Иоганзен, И.С.Матрусов, Н.А.Рыков, А.П.Сидельковский, В.Н.Скалон, Е.С.Сластенина, А.С.Бейсенова, Н.Е.Ильинская және т.б. ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылды [9,10,11,12,13].

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмытылуы. Бүгінгі таңда П.Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модельді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модельді оқыту технологиясы В.М. Монаховтың, В.П.Беспальконың оқыту технологиялары кеңінен таралған. Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Ш.Т.Таубаеваның, Қ.Қ.Қабдықайыровтың, С.Н.Лактионованың, М.М.Жанпейсованың және Қ.М.Нағымжанованың т.б. ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолдануда [14].
Зерттеу нысанасы: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Жоғарғы сынып оқушыларының инновациялық оқыту технологиясы негізінде алған экологиялық білімі.

Зерттеудің мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.

Зерттеу міндеттері:


  • Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық негізін айқындау;

  • Инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің түрлерін жетілдіру;

  • Инновациялық оқыту технологиясы арқылы үздіксіз экологиялық білім берудің моделін жасау;

  • Педагогикалық эксперимент арқылы экологиялық білім беруде инновациялық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін дәлеледеу.

Жетекші идея: Модульдік оқыту, компьютерлік және ақпараттық, деңгейлеп саралап оқыту технологиялар, арқылы әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады, экологиялық білім мен шығармашылығы қалаптасады.

Зерттеу әдістері:

  • Тақырыпқа байланысты жаратылыстану, философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік еңбектермен танысып талдау жасау;

  • Жалпы орта білім беретін мектептердегі экология пәнінің бағдарламаларына, оқулықтарына, әдістемелік - құралдарына талдау жасау;

  • Зерттеу бойынша сұрақтар қою, бақылау жүргізу, пікір алысу, экологиялық ойындар ұйымдастыру.


Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:

Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі таным теориясы, дидактикалық принциптер және тұлғаның шығармашылығы мен жаңашыл іс-әрекеттерін дамытуға негізделген инновациялық әдіс-тәсілдер теориясы.



Зерттеу көздері: Экология мәселесіне байланысты педагогика, психология, философия, жаратылыстану ғылымдары классиктерінің және инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және Үкіметінің ресми құжаттары, мектеп бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- Оқушыларға инновациялық оқыту технологиялар арқылы

экологиялық білім берудің теориялық тұрғыдан негізделуі анықталды;


Зерттеудің практикалық мәнділігі:


- Оқушыларға экологиялық білімді пәнаралық сабақтар арқылы беру мен оны жүзеге асыру үшін инновациялық оқыту технологияның ұсынылған түрлерін қолданудың тиімділігі анықталды:

- Модульдік оқыту технологиясы арқылы оқушылардың экологиялық танымдық қабілетін арттырады;

- Компьютерлік және ақпараттық технологиясы арқылы үздіксіз, жан-жақты экологиялық білім береді.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
I.1. Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері
Адамның даму тарихы, ғылыми прогрестің қоршаған орта мен табиғат арасындағы қатынасты байланыстыруда және дүниежүзілік табиғат байланысының кілт өзгеруіне әкеп соқты. Адам, қоғам табиғат заңдылығымен санаспауы нәтижесінде пайда болған экологиялық қайшылықтардың дамып, әлемдік дәрежеге жеткен, ең негізгі мәселенің бірі болды. Табиғат пен қоғамның дамуы бір-бірімен байланысты.

Қазіргі кезде балалардың санасына қоғамдық байлығы мен даму негізіндегі сезімдерін тәрбиелеп, оларға экологиялық білім беру мұғалімдердің міндеті.

Экологиялық тәлім-тәрбие мен білім беру мәселесін қарастыруда, ғалымдардың табиғат пәніндегі ой-пікірлері өзгеше. Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоции, Ф.Дистерверг баланың табиғатпен байланысы негізінде ой санасын қалыптастыру, білім мен тәрбие беру заңдылықтарын негіздеді [15,16]. Оқушының санасын дамытушы “табиғат сезіміне” үйрету жайында айта келіп, оның эстетикалық мінез-құлқының дамуындағы маңызын ашты. Ж.Ж.Руссо(1981) оқушылардың жан-дүние тәрбиесін табиғатпен өткізуін ұсынады. Ғалымның ойынша, табиғатқа деген жақсы көзқарасқа үйрету, баланың ой-санасын іштей дамыту арқылы табиғатты танып, қабылдау сезімдерінің әсерімен жүзеге асады деп тұжырымдайды[15].

Педагогика ғылымын негізін қалаушы ғалымы Я.А.Коменскийдің(1955) тұжырымдарына назар аударсақ, ол дұрыс тәрбие берудің жан-жақты көзқарасымен табиғаттың байланысуы керек деген ой айтады. Сол себептен табиғаттың бір бөлшегі – адам деп қарап, адам мен табиғат тәрбиесінің арасындағы заңдылықтарын дәлелдеуге әрекеттенді [17].

И.Г.Песталлоции(1981) табиғатпен тәрбиенің байланысы жөнінде баланың ақыл-ойы және күш – жігері ең өзекті мәселесі деп есептеді[16].

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 18 қара сөзіндегі табиғатқа деген философиялық тұрғыдан, сонымен қатар табиғатқа байланысты көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың байлығын адам баласының таусылмас азығы екенін көрсете келіп, «Кім өзіне махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз» – деп жасөспірімді табиғат – ананы аялап сүйіп, құрметтеуге үндейді. Баланың дүниетанымы бесіктен басталады дей келіп, оның ой-санасының бастысы, білуге құштарлық деп санайды. Өсекеле үйрету құралдары арқылы жақсы іс - әрекетке, ішкі сезімдерінің қалыптасуына, адамгершілікке тәрбиелеу болса, ал баланың мінез - құлқын қалыптастыру ең маңыздысы ұстаздарының, достарының үлгі - өнегелері қажет деп түйіндейді [18].

Еліміз мақтаныш тұтатын ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов елінің әдет –ғұрпын, салт - дәстүрін зерттей келіп, өз ұрпағын табиғатпен айналысуға жетелейтін педагогикасын жоғары бағалайды. «Табиғат ғажап, табиғаттан құпия тіршілікте не бар?» - дей отырып, халқы киеліге аса көңіл аударған. Олар айналадағы және күнделікті тұрмысқа қажетті саймандарды киелі деп құрметтеген. Осы киелілерді қастерлеп, ырым жасау қазақ баласына құт-береке, байлық әкеледі.

Қазіргі таңда жасөспірімдерді табиғатты қорғау үйретуші құрал Шоқан Уәлихановтың осы тақырып жөніндегі бай мұрасы болып табылады. Уәлихановтың табиғат пен халықтың қатынасындағы зерттеулері қазақ халқының арасындағы жағымсыз сезімдердің «Табиғатты шексіз қадірлеуінен туған» – деген ой айтады [19].

Қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсарин жастарды ата-ананың тәлім-тәрбиесін, ақыл-кеңесін көңіл түюге шақырып «Ақыл-кеңесті алмасаң анау тұрған қисық ағашқа ұқсап өсесің» - деп өзінің тәрбиеге деген көзқарасын айтады. Сонымен қатар ақын ағарту және қоршаған орта мәселелерін сараптап арнаған шығармаларында дүниеге өзіндік көзқарасын көрсетеді.

Ағартушының өміріндегі ерекше орын алатын мәселелері мәдениеттілік пен әдет – ғұрыптың көзқарастары және маңызы. Мысалы: аққан судың сылдырауы, шалғынды көкорайдың көркі т.б. табиғат қозғалыстары «Жаз», «Өзен» деген өлеңдерінде суреттеледі. Бұл өлеңдер жастарды табиғатты қастерлеуге тәрбиелейді [20].

Экологиялық білім мен тәрбиенің тамыры отбасы мен бала – бақшадан нәр алып, дамуы керек. Ата – бабаларымыз экологиялық тәрбиені ұлттық дәстүрде наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз беріп отырған. Мысалы, «Көк шыбықты сындырма, көктей соласын», «Ақуды атпа, киесі ұрады», «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін ашып жүр, өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нұр» деген ата – баба өсиетінде не деген көрегенділік, ақылдылық бар десеңізші! Ата-бабаларымыз қазақ жол жүріп келе жатып, аға алмай жатқан бұлақ көрсе көзін ашқан екен. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге ата – бабалардың нақыл сөздерін жеткізіп, оны ұғындыру және осыған байланысты экологиялық білім беру бұл мұғалімнің міндеті болып табылады.

Қай заманда болсын қазақ халқы дәстүрінде табиғатқа тағылықпен қарау деген болмаған. Аң - құстардан бастап өсімдіктерге дейін жанаршылықпен қарап, табиғат тұнығын «обал» деп санады. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдікі, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп санады.

Жоғарыда келтірген халықымыздың ырымдары мен тыйым сөздері жас өспірімдерге экологиялық білім беру жолына үлес қосады.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебитеттермен танысу жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің іс – қимыл бірілігінің нәтижесіндегі жетістіктің кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы – бұл бағыттағы онды нәтижелерге тек жоғары сынып оқушылырмен жүйелі түрде жүргізілген экологиялық – туристік - өлктану қызметі арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Жоғарғы сынып оқушыларының бойында шығармашылық қабілеттер мен қызығушылықтарды дамытуда, мектептен тыс мекемелер негізгі нысана болады. Жоғарғы сынып оқушылардың шығармашылық қызметтерінің ұжымдық түрлері, әсіресе табиғат пен қоршаған ортаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында тығыз байланыста бола алады. Жоғарғы сынып оқушыларының экологиялық білімділігі мен тәрбиелілігі олардың экологиялық санасына байланысты, яғни олардың барлық қызметі мен мінез – құлықтарын, бұрынғы ой – пікірлері мен көзқарастарына өзгеріс енгізудің қалыпқа келтіруші құралы деп түсінуге болады.

Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты мен міндеттерін және маңызын белгілеу үшін И.Д.Зверев еңбектерінің орны ерекше. Ол «экологиялық тәрбиенің мақсаты білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерін, моральдық нормаларына сәйкес қоршаған, ортаның жағдайына азаматтық қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады» – деп оның педагогикалық теориясы мен практикадағы сала екендігіне көңіл аударады.

И.Д.Зверев(1993) «Барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты ойланып жасалған жұмыстар қажет» - деп мұғалімдерге қойылатын негізгі үш талапқа ерекше қөңіл бөледі. Біріншіден, мұғалімнің алдында табиғат және қоғам туралы сезім жауапкершілік болу керек. Мұғалімдер әр адам, болашақ ұрпақ табиғатты қорғау қажеттігін түсінуі қажет. Екіншіден, мұғалімнің өзінің өмірі мен қызметінде табиғаттың жанашыры ретінде басқаларға үлгі болуы тиіс. Үшіншіден, әрбір мұғалім экологиялық біліммен қарулануы қерек [9].

Әрине оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде мұғалімдерге қойылатын негізгі талап - экологиялық білім мен тәрбие беру барысында негізгі мақсаты мен міндеттерін, маңыздылығын белгілеу болып табылады.

Б.Г.Иоганзен(1987) «Экологиялық білім мен тәрбие» жаңа ұғым екендігін атап көрсете отырып: «Экологиялық білім мен тәрбие әр адам қоғамды сақтау және жақсарту керектігін түсінуін қоршаған ортаның әсемдігін бағалай білетін, азаматтық жауапкершілік сезімін игерген жеке адамдарды қалыптастыруды қарастырады» - дейді [21].

Э.А.Тұрдықұлов(1982) болса «Экологиялық білім мен тәрбие беру оқушыларды табиғатты пайдаланудың ғылыми негіздері жөніндегі дағдыларын, табиғат ресурстарын қорғау саласына көзқарастар қалыптастырудағы психологиялық-педагогикалық процесті айтамыз», - деп атап көрсеткен.

Осы компоненттердің әр қайсысының өзіндік мәнін ұғыну, олардың органикалық бірлікте болуын қамтамасыз ету, табиғатқа жауапкершілік қалыптастыруда оқушының қасиетін ескере отырып жүргізуге негіз болды.

Экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері А.Н.Захлебныйдың еңбектерінде байқалады.

Ғалымдардың басым бөлігі экологиялық білім беру жайлы жеке адамның іс-әрекетінде байланысатын, табиғатқа деген моральдық жауапкершілік деңгейінің қалыптасуы экологиялық сезімі болатынын көрсетеді [10].

Жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына негіз болатын білім Ордасы мектеп екені бәрімізге мәлім. Сондықтан оқушылардың ой - өрісін, ұлттық мәдениет пен сана-сезімін дамытып алғыр тұлғаны қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.

Оқушыларға инновациялық технологиялар арқылы экологиялық білім беру жолдарын қарастыру үшін, ең алдымен біз ғалыми- педагогикалық әдебиеттерді зерттедім.

«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген. Оларды «инновациялық процесс» немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу дейді. Ең алдымен инновация ұғымы (латынның in- в, novus – жаңа) жаңарту, жаңалық, өзгерту деген мағынаны білдіреді.

Инновация ұғымын әр елде әртүлі түсінген. АҚШ-та, Нидерландта бұл термин кең таралса, ал Аравия мен Жапонияда осы ұғымды сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес.

Инновация деген ұғымының әр түрлі анықтамалары. Э.М.Роджерстің берген анықтамасында «Инновация» деген ұғымды нақтылы бір адамға жаңа бағыт болып табылатын идея», десе, ал ғалым Майлстың берген анықтамасы бойынша «Инновация» - арнайы жаңа өзгеріс. Осы өзгерісті жүйелі жүзеге асуын және шешілуін күтеміз» деген. Ғалымдар инновация мен өзгеріс арасындағы айырмашылықтарды анықтай отырып, бұл көбіне синонимдік қатынастар тұрғыда қараған. Бұл өзгеріс бүкіл мектеп жүйесінде жайылса, оны инновация деуге болады. Ал кез келген өзгерісті инновация деуге болмайды. Сондықтан өзгерту деген мағынаға тоқталсақ, педагогикада жаңа әдістер мен тәсілдер, құралдар, оқулықтар мен бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады. Инновация ұғымын негізін салуға көп үлесін қосқан ғалымдар В.Замбарт, И. Шумбердт және т.б. Бұл ұғымды саяси экономикалық технологиялық үрдістерге байлынысты қолданған.

Инновация ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады. Осы ағылшын ғалымдардың пікірінше, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, оқулықтарда және негізгі идеяларында.

Орыс ғалымдары В.И. Днепрова, В.С.Лазереваның еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болды. Олар «инновация» ұғымы жаңалықтарды шығару, игеру, қолдану және тарату деп сипаттайды. М.М.Поташник, А.С.Доренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде, ал «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.

Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың «инновация», «нововедение», «новешество», «новое», т.б. қазақша аудармаларын жасаған: Инновация» - жаңарту, «Нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, «Новшество» -жаңалық, «Инновациялық процесс» - жаңарту үрдісі.

Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген: «инновация» сөзі латын тілінен енген «обновление – жаңарту», «новинка – жаңалық», «изменение - өзгеріс» деген мағына береді.

Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды жасап, оларды қолдану деп анықталған.

Жоғарыда аталған мағлұматтарды бір жүйеге келтірсек, төмендегідей қорытынды шығарамыз. Инновация деген ұғымға ғалымдар әр түрлі түсінік берген. Олар: жаңалық, жаңаны енгізу, өзгеріс, құрал, әдіс-тәсілдер.

Инновация термині қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүр. Бұл терминдік сөзге нақты анықтамасы педагогикалық тұрғыда берілмеген. Осы көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Атап айтатын болсақ Н.Р.Юсуфбекова «О педагогической инноватике» деген еңбегінде «инновация» - білім беру жүйесіндегі жаңартудың үрдісі деп көрсетеді. Инновациялық үрдіс дегеніміз – жаңалықтарды жасау, оқу-тәрбие үрдісінде қолдану [22].

Педагог М.М.Жампейісова модульдік оқыту технологиясын жаңалықтарды, ой-идеялары өз уақытысында және қазірде қолдану тиімді деп санайды. Сонымен қатар «Педагогикалық технология» деген ұғым да қолданылып жүр.

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин(1989) «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолдарындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», деп анықтайды [22].

Көптеген педагог ғалымдардың еңбектерінде оқу үрдісін «технологияландыру» бағдарламалап оқыту тәрбиесінде іске асатын білім технологиясы, дамытып оқыту конспектіндегі педагогикалқ технология, жаңа ақпараттық технологияның мәні, мазмұны, оларды оқу үрдісіне енгізу, т.с. мәселелері ашып қарастырылған (Б.С.Гершунский, В.М. Монахов, Н.Ф.Талызина, В.В.Давыдов, Т.И.Ильина, Г.И.Щукина, Ж.А.Қараев, Е.И.Машбиц т.б.).

Педагогикалық технология дегеніміз – мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдараламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі. Педагогикалық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ: білім беруді ізгілендіру, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы,деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, компьютерлік және ақпараттық технологиясы, жобалап оқыту технологиясы және т.б.

Оқушыларға инновациялық технологиялар арқылы экологиялық білім беру педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер етеді. Модульдік оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, компьютерлік және ақпараттық технологиясы арқылы оқушылардың экология деген пәнге қызығушылығы мен білім деңгейін анықтауға болады. Осылайша сабақ беру барысында олар экологиялық мәселелердің тұтастығын ғылыми негізде қабылдайды, табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі нақты білім мен сарамандық тәжірибені, дағдыны меңгереді.

Табиғат пен коғамның өзара жан-жақты байланысын аша түсу әлеуметтік шындықтың тұтастығы мен дамуына оқушылардың көзқарасы мен сенімін тұжырымдап бекітеді. Байланыстың себебі туралы экологиялық білім, құрылымдық талдаудың жүйесі мен түсініктерді қорыту оқушылардың санасын дамытуға негізделген міндеттерді шешуді жақсарта түседі.

Қорыта келгенде, қазіргі мектептердегі экологиялық білім мен тәрбиенің төмен дәрежеде жүргізілетіндігі, оны күшейту үшін зерттеу жұмыстарын, жобалау – зерттеу, қоғамдық пайдалы қызметті экономикалық даму деңгеймен байланыстыру керек. Мектептегі экологиялық білім авторлық бағдарлы – тұжырымдамаларға толы, соған қосымша білім беру мекемелерінің жүйесіндегі экологиялық білім мен тәрбиеде жоғары сынып оқушыларының кейбір ерекшеліктерін ескертетін бағдарламада әдістемелік жақтары қамтылу керек еді.


I.2.Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің қазіргі жағдайы
Экологиялық білім берудің мақсаты – жеке адамның бойында қазаққа тән ізгілік пен әдет - ғұрыптарын дарыта отырып, «адам-қоғам- табиғат» арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту болып табылады. Экологиялық білім беру әрқашанда жеке адамның тәрбиесін экологиялық мәдениетін дамытудан бастап көпшілікке экологиялық білім беру деңгейіне көтерілді. Сондықтан, экологиялық білім беру өте күрделі процесс. Оны «дайын» күйінде ұсынуға болмайды. Ол үшін оқушылардың санасына, ой - өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып беру керек.

1968 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның биокеңестік қорын қорғау және оны тиімділікпен пайдалануға байланысты Үкіметаралық конференция болып, онда “Адам және биосфера” деп аталатын бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламада алғаш рет экологиялық білімнің жалпы мазмұны көрініс тапты. 1971 жылы желтоқсан айында Швейцарияда табиғат қорғауда жұртшылықты ағартуға байланысты 1-Еуропалық жұмыс конференциясы өтіп, онда ең алдымен “Қоршаған ортаны қорғау” және “Табиғатты қорғау” түсінігі егіз ұғым ретінде танылды.

ЮНЕСКО–ның ЮНЕП–пен (“БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы”) 1977 жылы Тбилисиде бірлесе өткізген қоршаған орта жөнінде білім беруге байланысты бірінші Үкіметаралық конференциясы өтуі экологиялық білім беру жүйесін одан әрі жетілудің елеулі кезеңі болды.

Экологиялық білім беру жүйесіндегі Халықаралық өзара байланыс Найроби (1982), Беч (1983), Москва (1987), Рио-де-Жанейро (1993), Орхус (1999), Кейатаун (2003) және басқа да конференцияларда одан әрі жалғасын тапты [23].

Осы жоғарыда аталған халықаралық ғылыми конференцияларда халыққа экологиялық білімді үздіксіз беру арқылы жүзеге асатыны баса айтылады. Олар:

- биосфера тұрақтылығын сақтау үшін ағарту жұмыстарын

ұйымдастыру арқылы;

- адам баласының туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім

беру;

-халық арасында экологиялық пікірталас өткізу.



Жоғарыда аталған өзекті бағдарламаны жүзеге асыруда Елбасының «Қазақстан - 2030» бағдараламасымен «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясы» және Білім мен Ғылым министрлігі бекіткен «Экологиялық білім бағдарламасы» құжаттарының міндеттері бойынша экологияны жеке пән ретінде мектептерге енгізу көзделген. Аталған мемлекеттік құжаттарды жүзеге асыру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.

Аталған құжаттарға сәйкес үкіметтің қауылысы (3.03.1998ж. №137,8б.) экологиялық білім берудегі негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың көкейкестілігі Қазақстанның көпсатылы оқу жүйелерінде экологиялық білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа мәдени тұрғысынан қарастырылады. Осыған орай, 1987 жылы проф. А.С.Бейсенованың «Оқушыларға экологиялық білім беруді жақсарту туралы концепциясы» және «Қазақстан Республикасында эколог мамандарды даярлау» туралы еңбектері шықты. 1988 жылы ҚР-сы Білім министрлігінің қауылысымен «Ландшафтар экологиясы және табиғат қорғау» лабораториясы ашылды.

Аталған зертханада үздіксіз экологиялық білім берудің шетелдік, ТМД және отандық іс – тәжірбиелер сарапталынды. Әсіресе, Ресей мемлекеті оқу жүйелерінде көпшілікке экологиялық білім берудің үздіксіз жүйесі жақсы жолға қойылғанын аңғартты. Онда жалпы және кәсіби білім беретін оқу жүйелеріне арналған экологиялық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтар және оқу құралдарының кешендері жарық көрген. Экологиялық білім берудің тұжырымдамасы жасалған. Осы жағдайлардың бәрі Қазақстанда экологиялық білім берудің ғылыми–теориялық негіздерін жасауға бағыт берді [24].

Зерттеу қорытындылары бойынша экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері, педагогикалық принциптері және экологиялық білім тұжырымдамасы мен мемлекеттік стандартының алғашқы жобалары жасалды. Үздіксіз экологиялық білім беруде ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу жұмыстары аяқталды. Үздіксіз экологиялық білім берудің алғашқы І-ХІ сыныптарға арналған оқу бағдарламалары жасалынды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты бойынша экологиялық білім беру «Биология» пәндерінің мазмұнында және вариативтік сағаттарға негізделген. Шын мәтінде дүниежүзілік және отандық тәжірбиелер көрсетіп отырғандай көпшілікке экологиялық білім беру экология курсын жеке пән ретінде оқыту ғана бұл проблеманы шеше алады.

Экологияны пән ретінде оқыту ғылыми-теориялық педагогика, психологиялық оқу - әдіснамалық тұрғыдан да негізделіп, нормативті – құжаттарына сүйенеді. Оның үстіне Егеменді Қазақстан Республикасы Конституциясы мен экологиялық зандарында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру туралы мемлекет деңгейінде бірнеше құжаттар қабылданды (Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы 2002, Экологиялық білім бағдарламасы 1999). Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін оқу орындарында 1991 жылдан бері вариативтік есептен экология курстары оқытылып келеді. Қазақстанда экология пәнінің авторлық бағдарламалары, оқу-әдістемелік нұсқаулар мен оқу - құралдары да жарық көрді (1-сурет).

Экологияны пән ретінде оқытудың біршама тәжірбиелері Абай атындағы КазҰПУ - нің география – экология факультетінде жинақталған. Профессор Ә.С.Бейсенованың ұсынысымен құрылған «Экология оқу әдістемелік зертханасы» 1987 жылдан бері Республика бойынша мектептерде экологиялық білім беру жүйесін үйлестіріп келуде. Зертхана қызметкерлері экология курсын оқытудың әдіснамалық, ғылыми – педагогикалық және оқу-әдістемелік негізін жасады. «Үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жақсарту» бағытында бірнеше республикалық ғылыми практикалық конференциялар ұйымдастырды.(Алматы, Орал, Семей,Атырау). Зертханада жасалған «Экология» курсының бағдарламалары бойынша 1991 жылдан бастап мектептерде, лицей мен педколледждерде арнайы курстар мен факультативтік сабақтар жүргізіліп келеді.

Экологияны пән ретінде оқыту тәжірибелері Ресейде жақсы жолға қойылған. Ресейде 1990 жылдан бастап экологияны пән ретінде оқытудың аймақтық аспектілері жақсы дамыған.

Экологиялық білім мен тәрбие беруде көрнекті педагогтар А.Н.Захлебный, И.Д.Зверев, И.Г.Суравегина, П.Р.Абаргаджиева, В.А.Пирова т.б. еңбектері баршылық. Аталған педагогтар экологияны пән ретінде оқыту проблемаларын мемлекеттік деңгейде көтере отырып оны практикада қолданған әрі оларды алғашқы әдіскер – педагогтар деуімізге болады.

Қазақстанда жарық көрген экологиялық бағдарламалар және әдістемелік нұсқаулар

Авторлар


Мұғалімдерге арналған оқу құралдар


Бейсенова А.С., Бейсеева Г.Б., Қазыханова Б., Қозыбаева С., Шілдебаев

Экология (5-сыныпқа арналған

әдістемелік нұсқау). Алматы, 1998.





Бейсенова А.С., Бейсеева Г.Б., Қазыханова Б., Қозыбаева С., Шілдебаев


Адам экологиясы (9-сыныпқа арналған әдістемелік нұсқау). Алматы, 1998.



Бейсенова А.С., Бейсеева Г.Б., Қазыханова Б., Қозыбаева С., Шілдебаев


Экология және табиғат қорғау (8 –сыныпқа арналған әдістемелік нұсқау).


«Экология младших классах начальной школы» Алматы, 1998.



Ходжаева Б.Л. и др. Рабочая группа

СШ № 132.





Экология (программа для 5-11) классов общеобразовательных школ, лицеев, гимназий. Алматы, 1998.

Братцев Д.Е., Гусельникова Н.П.,

Дмитриева И.А. и др.Рабочая группа СШ № 40.

Чимбулатова М.А., Мигрофанская С.Н.

СШ № 35

Экология-проблемы выживания человечества (для 9-11). Алматы, 1998.



«Экологическое воспитание» для СШ 10 11 классов гимназий, лицеев. Алматы,98

Севостьянова В.Е. СШ № 60

«Экологиятану» 1 том. Алматы, 1997.



Аубакиров С.К.

Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б.



Экология курсының бағдарламалары (5-11 сыныптар). Алматы, 2002.

Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б.

«Экологиялық білім тұжырымдамасы». Алматы, «Мектеп» 2003.

Шілдебаев Ж.Б.

«Экология» (әдістемелік нұсқау). Алматы, «Мектеп» 2003.

Сурет 3. Қазақстанда жарық көрген экологиялық бағдарламалар және әдістемелік нұсқаулар тізімі.

ЮНЕСКО- ның Бас директоры Ф.Майор экология мәселесін барлық оқу бағдарламасына өзек ете отырып, оны мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін оқыту, мұғалімдер мен басқару аппаратын бұған дайындау экологиялық проблеманы шешудегі ең маңызды фактор болуы тиіс деп есептейді. Прогресс стратегиясы жалпы және экологиялық білім берудің қауымдастығына келіп тіреледі. Оның: «Егер де біздер, адамдар – табиғаттың бөлшегі, біз өз ағаштарымызбен өздерімізді, егістік пен орманды жанымыздай сүйе беруге тиіспіз деген қарапайым да сенімді сөздерді әрбір бүлдіршіннің ойына сіңіре білмесек, онда қоршаған ортаны қорғаудағы қазіргі қол жеткізіп жүргеніміз тек жәй түсінік болып қала береді» - деп айтады.

Оқушылар биология курсын оқу барысында экологиялық білімнің мынандай элементтерін игеруге тиіс:

Биология: адамның денсаулығы және табиғи ортаның көрсеткіштері. Сонымен қатар биосферадағы тірі организмдердің экожүйеге әсер етуін және табиғатқа антропгендік факторлардың әсер етуі және т.б туралы.

География: Географиялық қабықтар - өмір сүретін орта және адамның ондағы қызыметі. Адам әрекеті арқылы нәтижесінде табиғи ортаның өзгеруін бағалау. Сонымен бірге өндіруші күшпен өндірістік қатынастың даму денгейі. Енді осылардың ішінде ең негізгісі экологиялық мәселерге де ерекше көңіл аударылады. Мысалы дүние жүзіндегі экологиялық проблемалардың болу себептері және шешу салдары қарастырылады.

Химия пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізу барысында экологиялық білімінің мынандай элементтерін оқушылар химия сабағында игеруге тиіс екендігі анықталды.



Химия: Қоршаған табиғи ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы, адам санының күн сайын өсе түсуі салдарынан шаруашылықтын қажеттіліктері артуының нәтижесінде өнеркәсіптен шығатын химиялық қалдықтардың қоршаған ортаға тигізер зардабын бақылау т.б

Физика пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін игеруге тиіс екендігі анықталды.



Физика: Адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері. Олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруіне бақылау: шудың болу себептері және денсаулыққа әсері, электромагниттік сәуленену, шаңмен ластану және т.б.

Мектептегі әрбір пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы тәрізді биология, химия, физика сияқты пәндердің өзіндік байланысы арқылы оқушыларға экологиялық білім беруге және сол бағытта тәрбие берудегі маңызы бар. Мәселен пәнаралық байланыс арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген география сабақтарына тоқталайық. 9-шы сыныпқа арналған география сабақтарындағы «Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарын бағалау» тақырыбына тоқталатын болсақ. Мұнда Қазақстанның жер көлеміне, географиялық орнына, табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарына тоқтала келіп, Қазақстанның табиғи ортасын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Енді бұл тақырыпты басқа пәндермен салыстыра қарайтын болсақ, мысалы биологиядағы кейбір табиғи ортада өмір сүретін жануарлар мен өсімдіктерге антропогендік әрекеттің тигізер әсеріне байланысты тақырыптарды байланыстыра отырып, қарастырып, түрлі көрнекіліктерді пайдалансақ тақырыптың мазмұны ашыла түсері сөзсіз. Біздің міндетіміз мектеп оқушыларының бойында экономикалық білім - біліктілерін қалыптастыру болғандықтан қоғам мен адам ортасындағы байланысты ашып көрсете білуіміз қажет. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жоғары оқу орындарының бағдарламасына халық педагогикасы пән ретінде енгізілді. Бұл пәннің негізгі міндеттерінің бірі яғни мақсаты әрбір баланы ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар халық дәстүрлігін педагогикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, әсіресе табиғатты қорғау мәселесін бір жүйеге келтіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу болып отыр. Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский «Ақылды-ақыл, арды-ар тәрбиелейді»- деген екен. Халқымыздың дана өкілдерінің өз туындыларының бірі-табиғатты қорғау дәстүрлері, іскер, парасатты, арлы адам тәрбиелеуге көмектеседі. Қазақ халқының асыл мұраларының бірі -табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген қамқорлық жеткіншектер қасиеттерді тәрбиелейміз.

Дегенмен ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында шиеленісе түскен экологиялық мәселелер бүгінде бүкіл адамзат баласын толғандырып отыр. Әрбір ел өз табиғатын қорғау үшін түрлі шаралар қолдануда. Ал, біз үшін халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында оқушыларға көбірек білім беру керек. Мұны бабалардан калған асыл сөз, ғибратнама, мақал – мәтелдер арқылы оқушы санасын қалыптастыруымыз қажет.

Мектеп оқулықтарындағы әсіресе географиядан түрлі тақырыптарды жаңа сабақ ретінде өткізгенде халқымыздың бай тәжірибесін қолдануға болады. Мысалы Биосфераның қазіргі кездегі жағдайлары тақырыбында атмосфера, гидросфера, литосфераның қазіргі жағдайына тоқтала келіп, халқымыздың «Жұпар ауа дертке ауа» - деген нақыл сөзінен бастап, оқушыларға қазақ халқы өзі өмірге әкелген ауа тазалығын сақтау қажеттілігі жайында нақылдарын тиянақты іске асыра білгенін түсіндіру керек. Осы арқылы оқушылар адамдардың кейбір жөнсіз іс - әрекеттерінің негізінде ауаның ластанып, топырақтың су мен жел эрозиясына ұшырайтындығын анықтайды. Сабақ соңында оқушылардың назарын су мен жел эрозиясына қарсы қандай шаралар жүргізілуі қажеттігі айтылады.

Осы мақсатта оқушыларэкология сабақтарының әрбір тақырыптарын өткен кезде оқулықтардан тыс әдебиеттерді пайдаланып, қосымша материалдар жинақтауға дағдыланады.

Экологиялық білім беру көп сатылы үрдіс. Оны кешенді тұрғыдан қалыптастыру қажет. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымдылығын тәрбиелеу. Үшіншіден, сарамандық іс- әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім берудің үш үлгісі бар:

Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарына, экологиялық мәселелердің жеке білімі, жекеленген тақырыптар енгізіледі және бұрынан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.

Екіншісі – бір пәнді үлгі. Орта мектептердің экологиялық оқу жоспарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс – жүзінде асады.

Үшінші аралас сабақтар үлгісі. Мұнда жоғарғы сынып оқушылары үшін экологиялық білімінің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Ол сабақтарды біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі.

Экологиялық білім беру табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғанын экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру.

қоғам талабы қаншалықты әсер еткенін, оны іске асырудың қазіргі жағдайын анықтаудың үлкен маңызы бар.

Сондықтан зерттеуге негіз етіп отырған жоғарғы сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиялар арқылы экологиялық білім беру қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенмен, оны іске асырудың қазіргі жағдайын анықтаудың үлкен маңызы бар.

Тақырып бойынша Тараз қаласының №12 мектептерінде жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар мына міндеттерді шешуге бағытталды:

-Жоғары сынып оқушыларына экологиялық білімді жаратылыстану пәндер арқылы беру оны жүзеге асыру үшін инновациялық оқыту технологияның тиімділігін анықтау;

- Инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқушыларға экологиялық білім беру жолдарын анықтау;



- Модульдік оқыту технологиясы оқушылардың экологиялық танымдық қабілетін арттыру;

-Компьютерлік және ақпараттық технологиясы арқылы жоғары сынып оқушыларына үздіксіз, жан-жақты экологиялық білім беру;

- Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушылардың алған экологиялық білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беру.

Аталған міндеттерді шешуге іс жүзіндегі педогогикалық процесті зерттеу әдістері, бақылау, сұрақ-жауап, бағдарламалар, оқулықтар мен құралдарды талдау т.б қолданылады.

Жоғары сынып оқушыларының бойында экологиялық міндетті дамыта түсу үшін қазіргі мектептер мен білім беру мекемелері қызметінің оқу-тәрбие үрдісін жалпы жеке мәдениеттің құрамдас бөліктері толық қамту арқылы мүмкіндік береді.

Жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесіне экологиялық білім мен тәрбие беретін материалдарды ендіру жолдарын біртұтастық жүйеде қарастырылу керек.

Аталған мектептерде жоғары сынып оқушыларына экологиялық білім беру үшін факультатив сабақ ретінде өткіздік. Факультативтік сабақтарда жоғары сынып оқушылардың экология ғылымына қызығушылығы үнемі дамып отырады. Оқушылардың экология сабақтарында еңбек етуге талпыну, экологиялық ойлау әрекеті мен ерекше шығармашылық қабілеті байқалады, жұмыстарының нәтижесі жақсарады. Бұл істің бәрі де уақыты шектеулі сабақта емес, факультативтік сабақтарда, экология ғылымын терең оқып үйрену процесінде жүзеге асырылады.

Мектепте факультативтік сабақтарда экология ғылымының жетістіктері мен даму болашағы, проблеманың мазмұнын әлдеқайда толық ашып көрсету мүмкіндігі бар.

Экологиялық білім көздері арқылы практикалық жұмыстар жүргізу, статистикалық материалдарды, жүйелі бақылауларды пайдалану, экологиялық ойындарды өткізу факультативтік сабақтардың оқу-тәрбиелік мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ өлкетану материалын кеңінен пайдалану, туған өлке табиғатының еркшеліктері мен шаруашылық іс-әрекетін оқып-үйрену негізінде көптеген экологиялық, географиялық, экономикалық түсініктер нақтыланады. Факультативтік курс бүгінгі оқушының жалпы білім мен болашақтағы мамандығының аралығында өткел қызметін атқарады.

Жаратылыстану курсы бойынша факультативті сабақтардың маңызы зор. Оның мазмұны Жер және қоршаған орта кеңістігі жайлы ғылымдардың ең жаңа жетістіктерін белсенді түрде пайдалану негізінде құрылған.

9-10сыныптарда жүргізілген факультативтік сабақтардың бағдарламасы тереңдетіп оқытуға құрылған. Қазіргі ғаламдық проблемалардың мәні, оның бүкіл дүние жүзінің алдында тұрған мәселелері жөнінде терең білім беріледі.

Экология сабақтарында модульдік оқыту технологиясы мен деңгейлеп саралап оқыту технологиясында “ Қала және жергілікті жер экологиясы” мен “Өдірістік экология” деген тараулар қарастырылып, тақырып бойынша өтілген оқушылардың экологиялық білім деңгейілері екінші тарауда көрсетілген.



1.3.Оқушыларға сабақтан тыс уақытта білім беруде интерактивті технологияларды қолдану

Оқушыларды табиғатты қорғау шараларына қатыстыру, олардың экологиялық білім деңгейлерін одан әрі жетілдірумен қосымша білім берумен тығыз байланысты.

Әрбір мектептің міндеті оқу бағдарламасынан тыс әртүрлі тәрбиелік білімділік мәні бар сабақтардан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларға дүние жүзінде болып жатқан экологиялық мәселелерді ұғындырып, болу себептерін айқындап, экологиялық білімін арттыру. Сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастырып өткізу жолдарын және әдістемесін ғалымдар Н.И.Болдырев, В.И.Фурсов және т.б өз еңбектерінде атап көрсеткен [25,26].

Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері:

1.Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, экологиялық материалдарды тереңінен меңгеруге көмектесу;

2.Сыныптан тыс жұмысты өткізуде оқушылар көп материалдарды іздеуге көмектесу;

3. Экологиялық мәдениет пен саясатты және экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру;

4.Оқушылардың бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру.

Сыныптан тыс экологиялық жұмысты іске асыру үшін мынандай талаптар ескерлу қажет:

1.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне қарай оқушыларды еркіне қарай топтастыру;

2. Қандай да жұмыстың түрі болмасын, оның қоғамдық және қолданбалы маңызын түсіндіру;

3. Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта - ықыласын, талабын, қабілеті мен құштарлығын ескеру;

4.Ұйымдастырылған қандай бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болу керек;

5.Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде экологиялық бағыт бағдар басым болғаны дұрыс. Осы жұмыстар нәтижелі болу үшін нақты белгіленген күні, мерзімі айқын белгіленген график болу қажет;

6.Осы сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға барлық оқушыларды қатыстыру керек. Бірақ жас ерекшеліктерін ескерген жөн.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарда экологиялық білім беру ісі жоғарғы сынып оқушыларын өзі туып өскен тұрғылықты жердің табиғатын тануға, аялап қорғауға және экологиялық проблемаларды анықтауға үйретеді.

Экологиялық айлық өткізу үшін аудандық оқу бөлімінен және мектеп әкімшілігімен келісіп өткізіледі.Тараз қаласындағы №12 мектепте 9-сынып оқушылар арасында «Экологиялық телекөпір» тәрбие сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды экология ғылымымен, оның бүкіл ғаламшар алдында тұрған мәселелерімен, Қазақстан мемлекетінің, оның ішінде Жамбыл облысының экологиялық жағдайларымен таныстыру. Сыртқы ортаның бүлінуіне адамзаттың да көптеген әсері бар екеніне мысалдар келтіріліп, эколог мамандарының мәліметтеріне оқушылардың назарын аудару.

Міндеттері:

1. Білімділік. Экологиялық телекөпір шарасын өткізу арқылы оқушылардың экологиялық білімін және Қазақстан мемлекеті бойынша, оның ішінде Тараз қаласының экологиялық мәселелерін сараптау. Сонымен қатар, табиғат пен адам өмірі үшін жануарлар мен өсімдіктердің маңызын анықтау. Оқушыларға экология ғылымы туралы білімді, оның міндеттері мен негізгі заңдылықтарын айту. Табиғатты қорғайтын бүкіл дүниежузілік «Жасыл әлем» ұйымының іс - әрекетімен таныстыру. Арал тағдырына байланысты Семей полигоны, Тараз қаласының экологиялық жағдайлары туралы мәліметтермен таныстыру.

2.Тәрбиелік. Экологиялық телекөпірде оқушыларды өмірді тануға үйрету, табиғаттың дамуы мен қозғалысы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде адамның табиғатпен байланыстылығын білуге үйрету. Оқушыларға жан-жақты экологиялық тәрбие беріп, эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.

3. Дамытушылық. Оқушыларды ұқыпты тыңдау, сұрақтарды нақты әрі қарапайым құрастырып қоя білу және білімін дамыту . Телекөпір жағдайында тез ойланып, берген сұрақтарға тез жауап беруге, талқыланған мәселелерге үлкен мән беруге дағдыландырған. Экология мәселелеріне, табиғаттың келешегіне көз жүгіртіп , қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, туған жерге сүйспеншіліктерін одан әрі дамыту.

Көрнекті құралдар: «Экология және біз» газеті, эмблемалар, оқушылардың суреттері, телекөпірдің аты жазылған плакат, экология заңдылықтары белгіленген карта, мамандар үшін арнайы папкалар.


  1. Дайындық сатысы

1. Бір жеті күн бұрын оқушыларға өтілетін шараны айтып, оларды дайындау. «Жер-біздің үйіміз» тақырыбына сурет салу бәйгесін жариялау және «Жасыл әлем» ұйымынның эмблемасын жасау. Оқушылармен экологиялық газет құрастыру. Әр түрлі маман иелерінің рөлін ойнайтын оқушыларды керекті мәліметтермен таныстырып, тақырыптар бойынша ізденетін қосымша әдебиеттердің тізімін беру.

2. Экологиялық телекөпір өтетін күні оқушылардың дайындықтарын тексеріп, түсініксіз болған жағдайларды реттеп, әрқайсысына «Жасыл әлем» эмблемасын тағу. Тақтаға телекөпір «Мектеп- Greеnpeace» деген жазуы бар плакаты ілінеді.

II.Негізгі бөлім.

Экологиялық телекөпір- «Мектеп- Greеnpeace».

Қатысқандар:

Жүргізуші(Тараз): Ержігітова А.

Жүргізуші (АҚШ): Қараманова А.

Эколог(Тараз): Иманов А.

Эколог(АҚШ): Ырсалдиев Ж.
Жүргізуші (Тараз): Қоршаған ортаны қорғау - бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. Осы орайда бүкіл дүние жүзілік «Жасыл әлем» табиатты қорғау ұйымы экологиялық телекөпір ұйымдастырып отыр. Осы телекөпірге қатысушы баршамыз бүкіл дүние жүзілік экологиялық мәселелерімен бірге Қазақстанның, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша көптеген экологиялық мәліметтер аламыз. Шамалыдан кейін Невададағы әріптестерімізбен хабарласамыз. Оған дейін сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр (оқушыларға сұрақтар қойылады). Экология ғылымы нені зерттейді? Экологияның қандай мәселелерін білесіздер? Әр түрлі өндіріс саласындағы мекемелер табиғатқа қандай зиян келтіруі мүмкін? «Қызыл кітапқа» енгізілген және адам баласының әсерінен құрып кеткен қандай жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін білесіздер? (оқушылар жауап береді).

Жургізуші: Енді Америкадағы әріптесім байланысқа шығады.

Жүргізуші (АҚШ): Бұлардың барлығы да студияға бір мақсатпен келіп отыр. Бізді табиғатқа ойланбай істелетін іс-әрекеттерден сақтандыру. Олар біздерге адам баласының осы уақытқа дейін табиғатқа қандай зиянды іс - әрекеттер жасағанын айтады. Оған кейін тоқталамыз. Қазір сіздер «Grеenpeace» ұйымы туралы не білесіздер, ол немен айналысады? (оқушылар жауап береді).

Жүргізуші (АҚШ): Біздің студианың қонағы - экология маманына сөз берейін.

Эколог маманы (АҚШ): Экология ағзалардың сыртқы ортаға деген қарым - қатынасы туралы ғылым, сонымен қатар ол тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасымен және өз ара қатынасын зерттейді. Бұл термин XIX ғасырда енгізілгенмен, экологияның өзі көне ерте заманнан белгілі, тіпті алғашқы қоғамдық дәуірінде адам баласы тірі қалу үшін экологиялық білім керек болған. Өзінің тіршілік ететін ортасын өзгерту үшін отпен еңбек құралдарын пайдалануды үйрену керек болды. Сонда ғана адам баласы мәдениеттілікке жететін еді. Экология екі ғылыммен байланыстырады. Біріншіден, экология ғылымы психологиямен байланысты. Психология адамдар арасындағы қарым - қатынасты қарастырады, ал экология адам мен сыртқы ортаның арасындағы қарым - қатынасын зерттейді. Екіншіден, экология ғылымы экономикамен байланысты. Экономика дегеніміз үй шаруашылығын жүргізу өнері, яғни бұл да үй туралы ғылым.

Жургізуші (АҚШ): Басқа ғылымдар сияқты экологияның да заңдылықтары бар дейді, сол туралы не айтасыз?

Эколог маман(Тараз): Басқа ғылымдар сияқты экологияның да заңдылықтары бар. 1974 жылы Коммонер өзінің «Тұйық шеңбер» кітабында экологияның заңдылықтарын тұжырымдаған. Меніңше, оны әр адам біліп, табиғаттың тепе- теңдігін бұзбағаны дұрыс.

I Заң – «Барлығы бір-бірімен байланысты»

Табиғатта еш нәрсе жоқтан пайда болмайды, еш нәрсе жойылып кетпейді. Егер табиғаттағы тамақтың байланыстың күрделі тізбегінен бір бөлімі түсіп қалатын болса, онда оның нәтижесі ойда болмаған нәрсеге алып келеді. Міне, осыны тірі табиғаттағы жалпы байланыс ұстанымы дейді. Әрбір тіршіліктің түрі көптеген басқа тіршіліктермен байланысты, сондықтан адамның табиғаттағы осы байланыстардың арасына кіруінің қажеті жоқ. Мысалы, адам масаны жою арқылы, онымен қоректенетін дала мысығы азайып, нәтижесінде кемірушілер қаптап кетеді. Бұған мысал ретінде «аңызақты аймақ» құбылысын да жатқызуға болады. Ол туралы не білесіздер? (сұрақ аудиторияға қойылады, осы сұраққа жауап береді).



II Заң- «Барлығы бір нәрсенің қажетіне жарауы тиісті»

Бұл бәрімізге белгілі материяның сақталу заңы. Материя жоқтан пайда болмайды, ол бір күйден екінші күйге ауысып отырады. Табиғатта «жарамсыз» немесе «қалдық» деген зат жоқ. Заттар бір орнынан екінші орынға ауысып, бір күйден екінші күйге айналады. Мысалы, дем алудан бөлінетін CO2 - өсімдіктер үшін тамақ ал өсімдіктерден бөлінетін оттегін жануарлар демалу үшін пайдаланылады. Жануарлардың «қалдықтары» - бактериялар мен бунақ денелердің (насекомдардың) тамағы, ал олардың тіршілік әрекетінің өнімі (P,K,CO2,NO) жасыл өсімдіктер үшін тамақ. Ал антропогендік әсердің нәтижесінен қалдық заттардың саны арта түседі.



III Заң – «Табиғат- әділ сыншы».

Табиғаттағы кез келген ірі антропогендік өзгеріс қоршаған ортаға зиян. Қоршаған ортаның тұрақты табиғи экожүйесі - күрделі жүйе. Себебі, оны ұйымдастырудың тәсілдерін табиғаттың өзі көп жылдар бойы эволюция арқылы сұрыптаған. Мысалы табиғатта ешқандай органикалық заттар синтезделмейді, егер оның өнімдері қажеттілігін таппаса.



IV Заң – «Еш нәрсе артық емес, бәрінің есебі бар».

Бүкіл дүниежүзілік экожүйе – бір тұтас нәрсе. Оның шеңберінде ұту немесе жоғалту болған емес, су оңтүстіктен солтүстікке ауысады, егіннің көбеюі орманның азаюына әкеліп соғады. Табиғат адам баласына өзінің байлығын төлеусіз береді деген теріс пиғыл апатқа әкеліп соғады. Оған тың жерлерді игеру, ядролық қопарылыс, тыңайтқыштарды пайдалану, ормандарды кесу, т.б мысалдарды жатқызуға болады.



V Заң – «Шындық жеңеді».

Қаншалықты шындық ауыр болмасын, шындыққа көз жетпей, ешнәрсені дұрыс бағытқа қарай өзгерту мүмкін емес. Бұл заңдылықты әр уақытта есте ұстаңыздар, егер оны бұзатын болсаңыздар өздеріңіз отырған бұтақты кескенмен бірдей болады.

Жүргізуші (АҚШ): Қазақстан туралы не айтар едіңіз? Әңгімеңізге арқау болу үшін алдымен оқушылардан Қазақстан тұрғыны ретінде қандай экологиялық апаттар мазасыздандыратынын біліп алайық.

Жүргізуші (Тараз): Қазақстан бойынша экологиялық жағдайларды толық айтып берсеңіз және соған байланысты қоршаған орта өсімдіктері мен жануарлары және топырақ туралы мәліметтерді білгіміз келеді.

Эколог (АҚШ): Соңғы кезде Семей полигонына көп назар аударамыз. Міне мынадай баспасөз мәліметтеріне көңіл бөлейік:

1975-1985 жылдар арасында 10 жыл ішінде өлімнің саны өскені байқалады. Полигонда жүргізілетін жарылыстан кейін жер асты суларының ағыны өзгеріп, сулар азая бастады. Жануарлар тектес өнімдерде және азықтарда полигоннан қашық басқа жерлерге қарағанда йод, цезий, полонийдің мөлшері 30-100 есе жоғары болған.



Жүргізуші (Тараз): Полигонда жарылыстар қандай мақсатпен жүргізілді және қай уақытта басталған?

Эколог (АҚШ): Ең қызығы бейбітшілік мақсат көзделген. Қуаң жерлерде су коймасын құру мүмкіндігін анықтау мақсатында жарылыс жүргізілген. Бұл әрине қисынсыз ой еді. Жан түршігерлік қопарылыс керісінше барлығын жапырып, радиусы бірнеше шақырымға дейінгі тірі заттардың бәрін жойып жіберді. Бұл 1953 жылы тамыз айының 12-інде болды. Содан бері бұл жерде 40 жылдай жер үсті және жер асты 470 ядролық қопарылыс болған. Қызықты жағдай - 1955 жылға дейін жарылысқа байланысты барлық құжаттарды құпия сақтау үшін бір данадан қолмен жарған. Қазір ядролық жарылыстың нәтижесі барлық нәрсеге әсер етуде. Жас нәрестелер кем болып туады, сәулелік аурулардан өлім жылдан-жылға көбеюде, су, топырақ, өсімдіктер, жануарлар уланған.

Екінші, жағдайы сын көтермейтін экологиялық апат аймағы - Арал. Арал теңізі жылдан жылға құрып барады, ал оның тұзы желмен бірнеше мың шақырым жерге дейін тарап жатыр. 1961 жылдан бастап Арал теңізінің деңгейі төмендеп келеді.

Соған байланысты теңіздегі балықтардың саны да азайып келеді. Ғалымдар Арал теңізіндегі тұздың мөлшерін есептеп шығарған. Ол 10 миллиард. тоннаға тең болған. Бұл сан 10 млн. гектар жерді қалыңдығы 5 см тұз қабатпен жауып тастауға жетеді екен.

Жүргізуші (АҚШ): Арал теңізі экологиясының осыншалық құлдырауына не себеп болды?

Эколог (АҚШ): Арал теңізінің деңгей мен тұздылығы Амудария мен Сырдария өзендерінен ағып келетін судын мөлшеріне байланысты болады. Ал 1961 жылдан бастап бұл өзендердің суларын ауыл шаруашылық егіндерін суару үшін пайдалана бастады. Бұл сулар қайтадан өзендерге құйылғанда бастапқы мөлшерден кем және құрамы улы химикаттарға толы болды. Амудария және Сырдария өзендерін зерттегенде, оның құрамына улы химикаттарын және зиянды ауыр металдар концентрациясының жоғары екені анықталды және басқада концорегенттік заттар, зиянды бактериалар болған. Басқа судың көзі болмағандықтан Қарақалпақстан, Қызылорда, Шымкент облысының халықтары осы суды қажеттеріне жаратып отыр. Сонда да бұл судың мөлшері оларға жетпейді. Халықтың суға деген мұқтаждығы арта түсуде. Арал құрып барады, оған кінәлі тек қана адамдар. Қазір Аралды құтқару үшін көптеген шаралар колға алынып жатыр. Мүмкін сіздерде Аралды құтқару акциасына атсалысасыздар. Ал қазір адамдар уланған судан зардап шегіп, өмірге келмеген жас нәрестелер шетінеп жатыр. Осы туралы ойланыңыздар.

Жүргізуші (Тараз): Семей, Арал тағдыры – Қазақ халқының және бүкіл дүниежүзі халықтарының қайғысы. Біздер оны әр уақытта есте ұстаймыз.Енді сіздерді қаланың тұрғыны ретінде не ойландырады? (Сұрақ оқушыларға қойылады. Олар жауап берді.)

Жүргізуші (АҚШ): Иә, біздерді қаланың тұрғыны ретінде қаланың жағдайы да көп ойландырады. «Біздер қалай демаламыз? Не ішеміз?» деген мәселелерге жауап іздейміз. Міне, осы орайда бүгін біз студияға Тараз қаласының экология саласымен айналысып жүрген маман иесін шақырдық. Сөз Тараз қаласының экологіне беріледі.

Эколог (Тараз): Тараз қаласының экологиялық жағдайы жақсы емес.

Қаланың ауасын ластауда авто-көліктер мен өнеркәсіптерден шығатын түтіндер мен қалдықтар бірінші орында. Олар ауаға көп деген заттарды шығарады. Мысалы, күкірт оксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, және ауыр металдар.

Жүргізуші (Тараз): Автокөліктерден және зауыттардан шығатын қалдықтар ауаны ластайды, осған қоса Батыс Қазақстанның экологиялық жағдайы қалай?

Эколог (Тараз): Бұл мәліметтер қала халқы үшін құпия еді. Ақтөбе облысының тұрғындары өздеріне полигондарда жүргізілген ядролық қопарылыстың ықпалын сезіп жүрді. Облыстағы полигондарға мыналар жатады: Копустин Яр, Азғыр, Ашулық және Тоцк полигоны, Эмба -5. Бұл полигондарда көп уақыттан бері соғыс ракеталарын жарып, сынаған және ядролық қопарылыс та жүргізілген. Облыста 1957 жылдан 1962 жылға дейін 10 ядролық жарылыс атмосферада жүргізілген. Соңғы жарылыс Байғанин ауданында 1987 жылы 3 қазанда болды.

Жүргізуші (АҚШ): Мынадай жақсы мәлімет бергеніңізге көп рахмет. Ал енді мен сұрағымды оқушылар адиториясына бергім келеді. Жер бетінде адам қай уақытта пайда болды?

Жауап: Ғалымдардың ойынша адам, жер бетінде бұдан 1,5-2 милд. жыл бұрын пайда болған. Алғашқы адамдар Шығыс Африкада өмір сүрген. Олар алғаш еңбек құралдарын жасап үйренген, содан соң өздеріне баспана жасаған. Ол уақытта адамдар табиғатқа зиян келтірмеген, қайта сыртқы ортамен үйлесімділікте болған. Олар қалай отты алуды үйренді, солай табиғатқа қысым түсіре бастайды. Оттан көптеген ормандар құрып кетеді. Әсіресе Африкада, Орталық Европада, Солтүстік Африкада, Азияда, бері келе мал, егін шаруашылығы өркендегенде адамдар саналы түрде орманды құрта бастады. Бақташылар малға зиян келтіреді деп көптеген жыртқыш аңдарды құртып жіберді. Міне, адам баласы табиғатқа қарсы іс-әрекетін осылай бастап, қазіргі күнге дейін жалғастырып отыр. Қазіргі кезде көп деген жануарлар мен өсімдіктер түрлері құрып кеткен. Телекөпір отырысына қатысып отырған маман – экологтар антропогендік әсерден флора мен фаунаның қазіргі жағдайы туралы айтып беретін шығар



Жүргізуші (Тараз): Мен көрермендерге сұрақ бергім келеді. Сыртқы орта мен адам баласы үшін өсімдіктер қандай роль атқарады? /Оқушылар жауап береді/

Жүргізуші (Тараз): Орманды құрту қай уақыттан басталды?

Эколог (АҚШ): Жер бетінде орманды құрту ерте кезде басталды. Соңғы 10мың жыл ішінде адам баласы жер шары бойынша 2/3 бөлігін құртып жіберген. Әсіресе, бұл әрекеттер XIX және XXғасыр аралығында капиталистік қоғамның даму тұсында болған. Солтүстік колонниянға айналдыру кезінде ормандарды құртқан. Ғалым Парсон былай жазды: «Солтүстік Американың шығыс жағалауын мекендеген 1-ші қоныс аударушыларға орман шексіз болып көрінді. Олар батысқа қарай жол салу үшін ормандарды аяусыз кесіп және жағып отырды».

Жүргізуші (АҚШ): Барлығымыз ғаламшардың өкпесі орман екенін білеміз. Сондықтан сізбен біздің қозғап отырған әңгімеміз, әрине, маңызды алайда орманды кесу мүмкін қауіпті жағдайға әкелмес?

Эколог (Тараз): Сіз қателесесіз. Осы уақытқа дейін ағашты отырғызудан ғөрі оны кесу жоғары болып отыр. Мысалы, Африкада орманның 2/3 ауданы кесілген, ал Мадагаскарда 9/10 бөлігі, Индияда орманның ауданы 18%, ал Қытайда 9% кеміген. Ұлыбританияда тіпті орманды құртып жіберген. Орманның азаюына өрттің әсері де зор.

Сұрақ: Орманды қалай күтуге болады?

Эколог (АҚШ): Қазір жаңа техниканы қолданады Мысалы, 1990 жылы “ПОЛЛ – 9” ұшырған. Оның аппараты тіпті кешкентай жеке ағаш жанып жатса да тез қабылдап, мәліметті жердегі тиісті ұйымдарға тез хабарлайды. Мұның бәрі де ғаламшалардың өкпесі болып саналатын орманды келешекте құрып кетуден сақтау.

Жұргізуші (АҚШ): Бүгін телекөпірге жануарлар әлемін қорғаудың эколог мамандарын да шақырғанбыз ендігі сөз кезегін сол экологтарға берейік.

Эколог (Тараз): Жер шарында адамдардың тікелей және жанама әсерету нәтижесінен сүтқоректілердің 106 түрі құрып кеткен. Омыртқалардың 100 түрі жоғалып кетуге жақын тұр.

Жүргізуші (Тараз): Нақты салдарымен айтып берсеңіз.

Эколог (АҚШ): Әрине құрып кетуге жақын тұрған Африканың жануарлары маймылдардың түрлері, жабайы есек, бегемот, африка пілі т.б. Пілдің мүйізін алу үшін кезінде көптеген пілдерді жойып жіберген. Қазіргі кезде Азия континентінде толық жапон қасқыры мен индиялық геопард жойылып кеткен. Еуропада жойылып кеткендерге еуропалық жолбарыс жатады. Коллекционерлер мен сувенир жасаушы әуесқойларға көбелектерді құртуда, әсіресе Кавказ көбелегі мен Қиыр Шығыс көбелегі.

Жүргізуші (АҚШ): Адамдар жануарлардың кейбір түрін байқамай құртып жіберу мүмкін бе?

Эколог (АҚШ): Мүмкін. Мексика шығанағында су шаянын аулаймыз деп, байқамай теңіз тасбақаларын түрлерін азайтып алған. Міне, осындай кездейсоқ аулау кәсібінен Жерорта теңізінде тіршілік ететін тюлень. Англияда бақташылар үй жануарларын қорғау үшін барлық жануарларды қасқыр құртып жіберген. Нәтижесінде бұғылар мен еліктер ішкі паразиттен көптеп қырыла бастаған. Ауру малдарды қасқырлар жеп бір жағын санитарлық қызмет атқаратын.

Жүргізуші (АҚШ): Осындай экологиялық тәрбиеге арналған телекөпірге қатысып, атсалысқандарыңызға, сонымен қатар американдық мамандарға және “Жасыл әлем” ұйымына рақмет айтамыз. Қош сау болыңыздар.

Оқу-тәрбие үрдісінде сыныптар арасында Экология пәнінен «Адам – табиғат перзенті» деген тақырыпта апталық өтті (1-кесте).

Апталықты өткізу үшін бағдарламасы 10 күн бұрын бекітіліп, хабарландыру түрінде алдын – ала ілініп қойылады.

Апталықтың мақсаты: Табиғат адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін ортасы екенін және дүние жүзінде болып жатқан экологиялық проблемалардың себептерін түсіндіру.

Сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие сағаттары оқушылардың әр сабаққа қызығуын, ынтасын, пәндердің өзара байланыстығын білуге құштарлығын арттырып, жан – жақты білім алуын қамтамасыз етеді.

Мектептен тыс жұмыстардың мазмұны оқушыны теориялық білімін кеңейте, толықтыра түсуге, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсіруге мүмкіндік береді.

Мектептен тыс уақытта жоғары сынып оқушыларына экологиялық білім беруге болады. Ол үшін табиғи ортадағы жұмыстарды жүргізуге болады. Бұл жұмысты танымжорық деп атайды. Экологиялық танымжорық лат. Еxеurао – жол жүру деген мағына білдіреді. Табиғатқа және мәдени орындарға білім алу мақсатында топталып қатысытын экологиялық білім формасы.

Белгілі педагог, әдіскер К.Т.Ягодский ХХ ғасырдың басында-ақ танымжорық жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынды. Танымжорықтың негізгі мақсаты: қатысушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру.


«Адам – табиғат перзенті» атты экологиялық апталықтың күнтізбелік жоспары

1-кесте



Күні уақыты

Экологиялық апталық бағдарламасында жүргізілетін іс – шарлар, жұмыс түрлері

1
Дүйсенбі

Апталықтың ашылу салтанаты, оның бағдарламасымен таныстыру, апталыққа қатысушы қонақтардың тілігі мен пікірлері.

2

Сейсенбі


«Күте білсең, жер жомарт» Семей сынақ полигоны деген тақырыпқа байланысты Пресс-конференция өткізу.

3

Сәрсенбі

«Өрісіне қарай мал өсір, өзеніне қарай тал өсір». Халықтық мақал – мәтелдер, қасиетті сөздер, көркем сөз (ақын жазушылар шығармаларынан келтіру).

4

Бейсенбі

«Көлдің көркі – құрақ,

Таудың көркі – бұлақ»

әнмен күймен тербетейік.


5

Жұма

«Табиғатты аялау – ата салтымыз,

тәрбиеге мән берген дана халқымыз» - деген тақырыпта сурет көрмесі мен шығарма жазудан конкурс өтеді.



6

Сенбі

Апталықтың қорытынды кеші

1.Кеш қонақтарының пікірлері

2.Озық нөмірлер, жеңімпаздар

3.Викториналық сұрақтар

4.Музыкалық сәлемдемелер

Танымжорықтың негізгі объектісі – табиғат құрам бөліктері болып табылады. Танымжорық өлкетану негізінде экологиялық проблемаларды оқып үйренуге, айналадағы ортаны қорғауға, табиғи құбылыстарды білуге, табиғат объектілерін анықтауған көмектеседі.

Танымжорықтың мақсаты:

1.Танымжорық өтетін жермен алдын-ала танысып, маршрутын анықтау;

2.Танымжорық бойындағы табиғи объектілер мен құбылыстарды есепке алу; 3.Танымжорық бойындағы объектілер туралы мәліметтерді жинау

4. Табиғатта білімгерлердің зейінін табиғи объектілерге аудару.

Танымжорыққа шығар алдынада Ұлы Жібек жолында орналасқан ежелгі қалалардың бірі: Тараз – Арыстанбаб - Түркістан объектілерін белгілеп алдық.

Маршрутты Түркістан деп алуымыздың себебі, ол халқымыздың мемлекет болып қалыптасуында үлкен роль атқарған. Екі жүз жылдан астам қазақ халқының сүйікті астанасы болған қасиетті қала. Халқымыздың керемет ел билеген көсемдері, сөзге жүйрік шешендері, елін жерін жаудан қорғаған хас батырлары мен көріпкел, болашақты болжағыш абзал ұлдары мен қыздары жерленген жер.

Түркістан - өзге жерден ерекше киелі жер. Халық нақылында: Түркістанда бар Түменбаб, Сайрамда бар сансыз баб, солардың ең үлкені Арыстанбаб делінген. Сондықтан оқушылар Тараз қаласындағы мавзолейлерді аралап, содан кейін Арыстанбабқа барып түнеп, одан кейін Түркістанға келеді.

Оқушылар осы объектілерді жәй көріп қана қоймай, қалалардың тарихын, географиялық орнын, табиғатын, салт – дәстүрлерімен танысып, қандай экологиялық проблемалар бар екендігін көреді.


II.Инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқушыларға экологиялық білім беру әдістемесі

II.1.Модульдік оқыту технологиясы

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан –2030» стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңында, 2000 жылдың 30-қыркүйегінде қабылданған “Білім” мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл – ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді [22].

Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын экология сабақтарында қолдануға болады. Ал, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізсе, ал оқушының ойлау, есту, көру, ынталандыру, бақылау, қабылдау, іздену мен танымдық қабілеттерін ашуға, өзін-өзі өзектілендіруге, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. (М.М.Жанпейісова). Бүгінгі таңда П.Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті– тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модельді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модельді оқыту технологиясы, В.М. Монаховтың, В.П.Беспальконың оқыту технологиялары кеңінен таралған.

Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Ш.Т.Таубаеваның, Қ.Қ.Қабдықайыровтың, С.Н.Лактионованың, М.М.Жанпейісованың және Қ.М.Нағымжанованың т.б. ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолдануда [14].

«Модульдік оқыту технологиясы» деп аталған педагогикалық технология нұсқасын жасағанда «толық менгеру» әдістемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. Осы технология - 1960 жылдардың соңында пайда болған. Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігі. Қазір дүние жүзінде модульді оқытудың 4 түрлі жолы бар:

1.Американдық модуль;

2.Неміс модулі;

3.Скавиннің орыс модулі;

4.Алексюк пен Фурманның Украина модулі.

Модульдік оқыту технологиясы – оқушы өзінше мақсаты жеке бағдарламамен оқитындай етіп оқыту процесін өзгертеді. Модульдік оқытудың өзегі оқу модулі. Ол:

-ақпараттардың аяқталған блогынан;

-оқушы іс-әрекеті бағдарламасынан;

-бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.



Модульдік оқыту технологиясының мынандай құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады:

1.Кіріспе

2.Диалогтық сұхбат бөлімі

3.Қорытынды бөлімі.

Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі болады. Бұл бағдарлама бойынша тараулар, тақырыптар блогына, тақырып берілген санына байланысты.

Психолог Л.М.Фридман тақырыпты оқып үйрену: кіріспе – қызықтырушылық, операционалдық – танымдық, рефлекциялық – бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс деп есептейді. В.Ф. Шаталов технологиясындағы сызба және белгілік үлгілерді оқу модулінің кіріспе бөліміндегі визуалдық, лекцияда пайдалану объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптыстырады. Оқытудың жаңа мазмұнына сай берілетін ақпаратты тірек сызбалар арқылы “жалпыдан жекеге” қағидасы бойынша ұғындыру – тұлғаның есте сақтау, көру қабілетін арттырады. Оқу модулінің кіріспе бөлімінде ғана емес, сөйлесу бөлімінде де осы тілдің коммуникативтік қызметі жүзеге асады.

Оқу модулінің бірінші сабағында мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай: визуалдық лекция, лекция - өзара сөйлесу, проблемалық лекция үлгілерін пайдаланады.

Лекция бірізіділікпен түсінікті тілмен баяндалып, көрнекілік, сызба – нұсқаулар пайдаланғанда, міндетті түрде жазылып, соңында негізгі ұғымдар бойынша әңгімелесіп, қорытынды жасау керек.

Оқу модулінің сұхбат бөлімінде тұтас оқып – үйренудің, екінші – операционалдық – танымдық кезеңі іске асырылады. Оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуде оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге назар аударылады. Тұлғаны дамытатын жағымды эмоция тудыратын қызмет болғандықтан, оған оқу, танымдық қызметпен айналысудың ұнайтындығын, ақыл – ой жұмысынан ой-өрісінің кеңеюін ескеру қажет. Тұлғаның өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту – дамыту құралы болып табылады. Ол тапсырмалар қарапайым, орташа, күрделі сұрақтардан тұрып, геометриялық фигуралармен белгіленеді. Осы үш деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеті артады.

Осы модулінің сұхбат бөлімінде тұлғаның танымдық қабілетін жетілдіруге негізделген Б.Блумның таксономиясына сүйену орынды. Олар:

- білу;


- түсіну;

- қолдану;

- талдау;

- топтау;

бағалаудан тұрады.

Оқу модульдегі үш деңгейлік тапсырмалардың кез келгенін өз қалауы бойынша таңдап алады. Тұлғаның қабілетіне сай білімін жағдай жасалынады. Оқушының білімін бағалау кез келген оқыту жүйесінің міндетті бөлігі. Тақырып, тарау, немесе модуль бөлімдерін өткен сайын, оның қалай өткендігін, қандай нәтижеге қол жеткізгендігін оқыту процесінің қаншалықты үйлесім болғанын, ненің толық істеліп болғанын, ненің алдағы уақытта атқарылу қажеттігін анықтау – білімін бағалау үшін дәстүрлік бағамен, және рейтингі жүйесімен бағалау әдісін қолдануға болады.

Оқу модулінің қорытындысы бөлімінде бақылау жүргізу, диагностикалық тест арқылы жүзеге асатынын атап көрсеткен. Тұлғаның танымдық қызметінің бақылаудың екі түрі бар:

1.тестілеу – міндетті түрде;

2.сынақ, бақылау, мұғалімнің таңдауы бойынша жүргізуді нақтылайды.

М.Жанпейісова оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша оқу бағдарламасы негізінде тестік тапсырмалар құрастыруды ескеріп, күрделі маңызы жоқ, яғни тым қарапайым материалдарды тестке енгізуге болмайтынын ескертеді.

Тест сұрақтарын екі топқа бөліп қарастырады:

1.абстрактілі – негізгі ережелер мен пәнаралық байланысты айқындайды;

2.нақты – орташа күрделірек дәрежедегі нақты материалдар бойынша білімін айқындайды.

Қазіргі таңда оқыту үрдісінде модульдік технологиялар кең өріс алуда. Оқушылардың мектепте алатын білімі мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болды. Мысалы ретінде, “Қала және жергілікті жер экологиясы” мен “Өндірістік экология” деген тарауларды ала отырып, модульдік технологиясы арқылы оқушыларға сабақ өтіп, экологиялық білімін қалыптастыруға болады. “Қала және жергілікті жер экологиясының” жоспары ұсынылады (№ 2-Кесте)



Мақсаты:

1.Қазақстан қалаларының зиянды заттармен ластануы туралы түсінік беру. Қазақстанның түсті металдарды өндіруде әлемдегі үлесі туралы білім қалыптастыру.

2. Қазақстан қалаларының зиянды заттармен ластануын айта отырып, оқушылардың өй - өрісін дамыту.

3.Географиялық, экологиялық және экономикалық білім беру.



Қала және жергілікті жер экологиясы” тарау бойынша өтетін сабақтың жоспары

2-кесте



Модуль құрылысы

Сабақ саны

Сабақ түрі мен мазмұны

Сағат саны

1

Кіріспе

1 – сабақ


Қазақстан қалаларының зиянды заттармен ластануы.

Тірек –сызба, нұсқа




1

2

Диалог сабақтар


2,3 – сабақ

«Тапқырлық ойыны»



Қалалардағы ірі өнеркәсіптер, зауыттар мен автокөліктердің көбеюі және адам организміне әсері.

2


4 – сабақ «Сиқырлы сандық»

Сұрақ жауап арқылы топпен жұмыс. Викториналық сұрақтар

1

5 – сабақ

«Мені түсін»





Қалалардағы жер-су көздерінің ластануы. Табиғатты аяла сөзжұмбақ арқылы оқушылардың білімін тексеру.


1

3

Қорытынды

6 –сабақ

Релелік сынақ



Оқушылардың білімін тексеріп, ой-өрісін арттыру.

2

Педагогикалық технологияның ерекшелігі, оның талабы осы мақсатқа жету, оқушының өзі іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып, жүзеге асыруды қарастырады. Оқушылардың оқудағы іс-әрекет арқылы, олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, мақсат қою технологиясын тарау бойынша көрсетуге болады (Блумның жүйесі бойынша №3 кесте).

«Қала және жергілікті жер экологиясы» тарауы бойынша оқушылардың алған экологиялық білім қорының жүйесі төмендегідей:

3-кесте



Білу

Осы тарауда қандай проблемалар келтірілген?

Түсіну

Қазақстан қалалардың зиянды заттармен ластануын қалай түсіндіруге болады?

Қолдану

Жергілікті жердің өзіне тән экологиялық проблемасы бар ма?

Талдау

Жер – су көздерінің ластану тобына, ластанудың негізгі себептеріне, негізгі ластану көздерін айқындау.

Жинақтау

«Тапқырлық» және «Сиқырлы сандық» ойын арқылы өз ойын жинақтау.

Бағалау

Қазақстанның дүние жүзілік түсті металдар өндірісіндегі үлесі.

Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың басқа технологиялардан ерекшелігі мынада:

1.Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылап, онда тек оқылатын мазмұнымен көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. Сонымен қатар оқушы мұғалімнен жұмыс істудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады;

2.Мұғалімнің оқушылармен қарым –қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым – қатынас процесі арқылы жүзеге асады;

3.Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады. Ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға, өзін бағалауға үйренеді.

ІІ.2. Компьютерлік және ақпараттық технология
Модернизациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі - мектепте экологиялық білім беруде компьютерлік технология мен мультимедианы енгізу болып табылады. Бұл процесс жақында ғана басталса да, оның таралу жылдамдығы өте жоғары.

Феноменнің құрылымы соншалықты, егер мұғалім компьютерлік технологияға қарсылығын көрсететін болса да, оқушылардың ішінде компьютерді және мультимедианы жақсы меңгерген нұсқауларды қабылдайды. Қазіргі жастар тапсырманы орындау барысында өздері компьютерлік мүмкіндіктерін қолдануға тырысады. Әсіресе бұл тапсырмалар қазіргі таңдағы көп ақпараттарды пайдалануға және жұмысты даярлауында үлкен талаптар қойылуымен байланысты. Мұндай жағдайда мұғалім экологиялық білім беруіндегі барлық мүмкіндіктерді сонымен қатар жаңа пайдалы жаңалықтарды қолдануға барлық күшін салады [27].

Орта мектептің оқылатын пәндердің, барлығында компьютерлік технологияны пайдалану мүмкіндіктерді қарастырылуда және қолданылып та жүр (Шульгина, 2003; Горечко, Чернышев, 2004; Перфильев, 2003; Брукс, Кент, 2002, Таможняя, 2002) [28].

Экология сабағында жаңа технологияларды қолдануға көптеген мүмкіндіктер бар. Экологиядан сабақ беруде бірнеше негізгі бағытта компьютерлік технологияны және мультимедианы қолдануға болады (2-сурет).



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет