Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары
Мақсаты: 9.3.1.4 Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды
Қысқаша конспект
Шаруашылықта маңызы бар пайдалы қазбалардың ірі қорлары кен орындары деп аталады. Пайдалы қазбалардың бір-біріне жақын орналасқан топтары алаптарды құрайды. Біздің елімізде әртүрлі пайдалы қазбаларға бай. Оның белгілі бір заңдылықтары бар. Яғни, платформалардың шөгінді қабатында шөгінді пайдалы қазбалар жинақталған, Платформа фундаменті мен қатпарлану аймақтарында магмалық пайдалы қазбалар басым.
Қатпарлану аймақтарындағы пайдалы қазбалар
кенді пайдалы қазбалар магмадан, одан бөлініп шығатын ыстық су ерітінділерден пайда болған
Мұғалжар, Орал маңы үстіртінде хром, никельге бай. Кенді Алтай полиметаллға бай.
Таулар бұзылуға үшырағанда, бірте-бірте жерге жақындай түседі.
Платформалардағы пайдалы қазбалар
платформалардың шөгінді қабатында жиналған мұнай, газ, көмір,тұз, фосфорит , темір тән.
Жайық-Жем мұнай газ алабы, Маңғыстау-Бозащы мұнайға, Каспий маңы тұз,Батыс Сібір темірге бай.
Мезозойдың көлдері мен батпақтарында ең үлкен Торғай қоңыр көмір алабы пайда болған.
Рудалық пайдалы қазбалар негізінен қатпарлы аймақтармен, шөгінді пайдалы қазбалар ежелгі, жас платформалар тақталарымен байланысты.
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
1 тапсырма: Ойлан
Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы Жас Еуразия платформасына қарағанда ертерек қалыптасып, дамудың ұзақ жолынан өтті. Соған қарамастан оның пайда қазбалары кедей. Неліктен?
2 тапсырма: Картамен жұмыс. Сандармен белгіленген кен орындарын толықтыр.
Достарыңызбен бөлісу: |