Нормативтік сілтемелер



бет24/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Бірінші топқа «мүгедек», «мүгедектік» ұғымдарының мәнін, мүгедектікке деген қоғамдағы көзқарастарға тарихи тұрғыдан талдау жасалған зерттеулерді енгіздік.
Е.Р. Ярская-Смирнова, Э.К. Наберушкина мүгедек ұғымының мәнін ашып, ғасырлар бойы мүгедектікке деген қоғамдағы көзқарастарға тарихи тұрғыдан талдау жасайды, кедергісіз орта құру мәселелерін, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік мәселелерін ашып көрсетеді [134].
Думбаев А.Е., Попова Т.В. мүгедектің әлеуметтік мәселе ретінде замануаи аспектілерін қарастыра отырып, шетелдік және қазақстандық заңнамаларға талдау жасайды [135].
Tijunelyte A. инклюзивті білім беруде оқу субъектілерінің мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтады, толеранттылық тұжырымдамасын жасады, оған әсер ететін факторларды айқындады [136].
Sam Hickey, Kunal Sen, and Badru Bukenya инклюзивті қоғамның даму мүмкіндіктері, түрлері мен формалары, маргиналды топтарды әлеуметтік қорғау, әділет жүйелері, мүмкіндіктерін кеңейтудің жаңа бағыттары, инклюзивті даму саясаты, сондай-ақ одан туындайтын жаңашыл және практикалық ұсыныстар береді [137].
Caroline C.S. өз еңбектерінде денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды, яғни физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларды инклюзивтік оқытудағы қиындықтарды сөз етеді [138].
Италяндық ғалымдар Daniela Pasquinelli d’Allegra, Davide Pavia, Cristiano Pesaresi жаһандану дәуіріндегі теңсіздік және әртүрлілік мәселелерін сөз қыла отырып, экономикалық және әлеуметтік теңсіздік, мүмкіндіктері шектеулі педагогтардың денсаулығы, құқығы әділеттілік, қол жетімділік көріністерін баяндайды [139].
Martin Giese көзқарасына сүйенетін болсақ, ол мүгедектер мүмкіндіктерінің әділдігі, мүгедектерге арналған білімнің кәсіби бағытын сөз етеді [140].
Швейцария ғалымы Margarita Schiemer инклюзивтік білім берудің мәдени аспектілерін, интеграция, білім берудегі теңдік, мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірі, қоршаған орта факторлары, түрлі әлеуметтік және мәдени контексте инклюзивтік білім беруді жан-жақты талдады [141].
Diana Kartika мүгедектікті зерттеудің екі саласын белгілейді, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға инклюзивтік білім берудің қиындықтарын негізге ала отырып, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен отбасылардың білімге қол жеткізу қиындықтары, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі, оның ішінде есту қабілеті нашар немесе саңырау балалардың қиындықтары, мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беретін мұғалімдерді сапалы даярлау, ресурстардың жетіспеушілігі мәселелеріне қатысты дәлелдерге негізделген тұжырымдар береді [142].
Pillay Sareesha мемлекеттік саясат пен ұлттық заңнамадағы мүгедектердің әлеуметтік және саяси құқықтарына сыни талдау жасай отырып, мүгедектердің құқықтары мен бостандықтарына қатысты заңнамалық нұсқамаларды жетілдіру мен нығайтудағы проблемаларды анықтады, халықаралық-құқықтық база ұсынды. Бұл ұсыным ұлттық және халықаралық деңгейде мүгедектерге қатысты заңнамалық нұсқамаларды нығайта алады [143].
Alduais, Ahmed арнайы білім беру инклюзия мен сегрегацияға байланысты қақтығыстар мен проблемаларды, сондай-ақ тең өмір сүру, білім алу құқықтарын ескере отырып, инклюзивтік білім беруді дамыту елдің идеологиялық дамуына байланысты әртүрлі болады деп қорытынды жасайды [144].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет