Нормативтік сілтемелер



бет27/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Бірінші, педагогқа өз қызметін іске асыру үшін педагогикалық қабілеттің болуы маңызды. В.А. Крутецкий педагогтың жеке тұлғалық, дидактикалық, ұйымдастырушылық-коммуникативті қабілеттерін сипаттады [173].
А.И.Щербаков педагогикалық қабілеттерге коммуникативті, дидактикалық, конструктивті, перцептивті, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызады. Ал педагогтың функциясын нақтылай отырып, педагогикалық қызметтің ақпараттық, дамытушы, бағыттаушы, бейімдеуші функцияларын белгілейді.
Бірқатар ғалымдардың зерттеулерін қорытындылай келе, педагогтың қабілеттерін келесідей жіктеуін дұрыс санаймыз:
Ұйымдастырушылық қабілет оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру, оқушылар ұжымын дұрыс басқара білу, оқушыларға оң бағыт-бағдар беру, ата-аналармен жұмысты дұрыс жолға қоя білуді қамтиды.
Конструктивті қабілет оқу-тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді жолдарын іздестіру, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, педагогтық тапқырлық қабілетінің болуын көздейді.
Перцептивті қабілет оқушының ішкі жан-дүниесін тани білу, оқушылардың көңіл-күй өзгерістерін сезе білу және түсіну, жағдаятқа сәйкес әркет етуді қарастырады.
Дидактикалық қабілетке оқу материалын түсінікті етіп жеткізе білу, оқушылардың білім дәрежесін, іскерлігі мен дағды дәрежесін дұрыс анықтай білу, олардың пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін арттыру, ойын дамыту, өз пәнін жақсы білуі жатады.
Комуникативті қабілет мұғалімнің педагогикалық процесс барысында қарым-қатынас жасай алу қабілетін білдіреді [174].
Екінші, педагог өз қызметін тиімді атқару үшін оның бойында педагогқа тән, қызметіне қажетті педагогикалық сапалар болуы шарт. Жоғарыда аталған қабілеттер педагогтың сапасын құрайды. Инклюзивті оқытумен айналысатын педагогтың моделін жасау мақсатында педагогтың сапасына қойылатын талаптарды айқындап алған жөн.
Біздің пікірімізше, педагогтың сапасын:
- тұлғалық сапалар;
- кәсіби сапалар;
- әлеуметтік сапалар деп үлкен 3 топқа жинақтаған дұрыс (Сурет
10).



Сурет 10 – Педагогтың сапаларлары




Үшінші, педагогикалық дағдыларды атқаратын функцияларына қарай, түрлі педагогикалық тапсырмаларды қоя білу және шешуі сапасына қарай жіктейді.
Төртінші, Т.П. Терентьева өз еңбегінде педагогикалық біліктерді төрт топқа бөліп қарастырады:
- педагогикалық міндеттерді айқындау, жаңа білімді белсенді түрде меңгеруге дайындық деңгейін анықтау, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, дамытушылық міндеттер кешенін айқындау;
- білім беру процесінің мазмұнын сұрыптау, оны ұйымдастырудың формаларын, әдіс, тәсілдерін оңтайлы ұйымдастыру;
-білім беру процесін жүзеге асыруға қажетті жағдайларды жасау; бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру және дамыту;
-педагогтың әрекеті мен педагогикалық үдеріс барысын талдау, педагогикалық міндеттердің жаңа сипаттағы басым кешенін анықтау [175, 176].
Қазақстан Республикасында педагогтарды кәсіби даярлау үдерісі білім беру бағдарламалары мен педагогтың кәсіби стандарты талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. [177].
Бесінші, педагогтың қызметінде оның құзыреттілігі маңызды. Педагогикалық құзыреттілік педагогтың іс-әрекетінде мәселелер мен міндеттерді шешуге білім мен білігінің сәйкес келуін білдіреді. А.К.Маркова кәсіби құзыреттіліктің төрт түрін көрсетеді: арнайы, әлеуметтік, тұлғалық және жеке:
Арнайы кәсіби құзыреттілік әрекетті жоғарғы кәсіби деңгейде меңгеруді сипаттайды. Ол тек арнайы білім ғана емес, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдана алуды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет