Нормативтік сілтемелер



бет18/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Инклюзияның
даму аспектілері

Сурет 6 - Т.Бут пен М.Эйнскоу ұсынған инклюзияның дамуының


үш аспектісі

Ғалымдар еңбектеріне жасалған талдау инклюзивті білім беру әрбір мемлекеттің экономикалық жағдайына, әлеуметтік мәретебесіне, білім беру саласындағы жаңғырту реформасына байланысты болатындығын көрсетті.


Сонымен ғалымдардың жоғарыда айтылған тұжырымдамаларды есепке ала отырып, инклюзия дегеніміз - тұлғалардың кез келген айырмашылықтарына қарамастан, білім беру үдерісіне қосуды білдіретін әлеуметтік ұғым деген авторлық қорытындыға келдік.
«Интеграция», «арнайы білім беру», «инклюзивті білім беру» ұғымдарының бөлінуінің нәтижесінде «инклюзивті оқыту» ұғымының мағыналық өрісі қалыптасты [110]. Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту процесін сипаттау мақсатында инклюзивті білім беру ұғымы қолданылады. Инклюзивті білім берудің негізінде барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға ерекше жағдай жасайтын, кемсітуге жол бермейтін ізгіліктік идеологиясы жатыр. Ең алғаш рет 1994 жылы Саламанка декларациясында «инклюзивті» ұғымы «білім беру» ұғымымен бірге қолданылды [76].
ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді «қоғамның барлық топтарын тең құқылы сапалы білім беру мүмкіндігімен қамтамасыз ету және өмір бойы оқыту, тұрақты дамыту мақсатында білім беруді қолдаудың басты қағидасы ретінде қарастыруға болады» дей отырып, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жынысына, экономикалық жағдайына, этникалық тобына немесе олардың үйлесімділіктеріне қарай жіктеуге болады деп мәлімдеді.
«Инклюзивті білім беру» ұғымын философия, саясаттану, әлеуметтану, психология, педагогика ғылымдары түрлі элементтердің өзара әрекеттесуі орын алатын үдерістер жиынтығы, әлеуметтік тұтастық, бүтін бір жүйеге біріктіру, бөліктерді толықтыру, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өзін-өзі сақтау қабілеттілігі бағытында қарастырады. Инклюзивті білім беру қазіргі таңда қоғамдағы жаңа педагогикалық құбылыс болып отыр, инклюзивті білім беруді зерттеу педагогика ғылымының ұғымдары қатарын кеңейтті. Педагогикада «инклюзивті білім беру» ұғымы дені сау және денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды бірлесе оқытуды, оларға сапалы білімнің қол жетімділігін білдіреді. Осы бағыттағы жүргізілген зерттеулер педагогикалық теория мен практика тұрғысынан да, білім беру құқығы тұрғысынан да білім берудің жаңа философиясын қалыптастыруға негіз болды.
Енді инклюзивті білім беру ұғымына тілдік, мазмұндық, ұғымдық және компоненттік тұрғыдан талдау жасайық. «Инклюзивті білім беру» ұғымына тілдік тұрғыдан талдау жасасақ, «инклюзивті» ұғымы адресат сөзінің 1-жақ көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы деп түсінуге болады. «Инклюзивті білім беру» ұғымына мағыналық талдау жасайтын болсақ, ол «біреуді, бірдеңені белгілі бір санға қосу» дегенді білдіреді. «Инклюзивті білім беру» ұғымын түсіндіру үшін оның мәнін семантикалық компоненттер жиынтығы түрінде ұсынуды көздейді.
«Инклюзивті білім беру» ұғымына жасалған ұғымдық талдау осы ұғымның бір бірлігі «арнайы білім беру» ұғымы екендігін көрсетті. Аталған екі ұғымның мазмұнын жақындастыратын [111] ортақ белгі екі ұғымның да денсаулығында бұзылыстары бар мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға білім беруде қолданылуы болып табылады.
Ғалым Н.В.Васильеваның көзқарасы бойынша «арнайы білім» ұғымы психофизикалық дамуында бұзылыстары бар тұлғаларды оқыту, әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға кіріктіру мәселелерін қамтиды [112].
«Инклюзивті білім беру» ұғымына жасалған компоненттік талдау ұғымдарды салыстыруда мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қатынасы тұрғысынан қарағанда мәндік айырмашылықтар бар екендігі анықталды. Д.З.Ахметова интеграция тек денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты, ал инклюзия білім беру саласының барлық қатысушыларына қатысты қолданылады деп тұжырымдайды [113].
Педагогикада «инклюзивті оқыту» ұғымы дені сау және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды бірлесе оқытуды, кәсіптік даярлауды, оларға сапалы білімнің қолжетімді болуын білдіреді. Инклюзивті оқыту негізінде адамдар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті білім беру адамдардың тең құқығын анықтай отырып, қоғамда ұжым іс-әрекетіне қатысуға, қарым-қатынасқа қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
«Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлға» ұғымы адамның физикалық немесе психикалық саласының жетіспеушілігін білдіретін кең мағынада қолданылады. Медицинада денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектелуі тұлғаның еңбек қабілетін тұрақты немесе ұзақ уақытқа жоғалтуын немесе мүмкіндігінің шектелуін сипаттайды.
Заң ғылымы тұрғысынан денсаулығына байланысты тұлғаның мүмкіндігінің шектелуі дәрігерлік-еңбек сараптау комиссиясы растаған еңбек қабілетін тұрақты немесе ұзақ уақытқа жоғалтуына байланысты кәсіби еңбекке қабілетсіз болуын білдіреді.
Қазіргі уақытта педагогикалық және әлеуметтік салада медициналық «мүгедек» ұғымын қолдану этикалық тұрғыдан қолайсыздық тудырады. Өйткені «мүгедек» ұғымы адамдардың қадір- қасиетіне нұқсан келтіре отырып, олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін көрсетпейді. Сондықтан педагогикада «мүмкіндігішектеулі тұлға» ұғымын қолдану басымдық алып отыр, өйткені мүмкіндіктердің шектелуі, мұндай тұлғаның ажырамас кемшілігі ретінде емес, педагогикалық ықпал ету шамасы ретінде қолданылады [114].
Бірқатар ғалымдар «мүмкіндігі шектеулі тұлға» ұғымын пайдаланса, соңғы кезде ізгіліктік қағидатына сүйенген ғалымдар қатары бұл ұғымға қарсы шығып, «ерекше қажеттіліктері бар тұлға» ұғымын пайдалануды ұсынды. Бұл екі ұғымның қатар қолданылуы инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына сай қолданылатын сөздерді, ұғым түсініктерді әлі де нақтылау қажеттігін көрсетеді. Сондықтан біз төменде «инклюзивті білім беру» ұғымына берілген түрлі анықтамаларды ұсынып отырмыз (Кесте 3).

Кесте 3 - «Инклюзивті білім беру» ұғымының берілген анықтамалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет