ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің мазмұны
Орындаған: Көрегенова А.
Тексерген: Касымова Р.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Бұл оқыту түрі балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады және мүгедек баланың адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.[1,95б]
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 4. Барлық адам бір - біріне қажет. 5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беру ең алғаш рет шетелде дамыған. Шетел ғалымдары: Ян Амос Коменский, Сайман Лори, Фрэнсис Бэкон зерттеген. Инклюзивті білім беруді ресейде танытқан және этнопедагогиканың негізін алғаш салған ресейлік ғалымдар К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский болды [2].
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден ажырату жүйесінің құрылуына қарамастан, республикалық инклюзивті білім беру ісін енгізуде қоғамның дайын болмауына байланысты бірқатар қиындықтарға кезігеді. Оның ішінде инклюзивті білім беру дағдысы бар педагог мамандар даярлау мәселесі. Арнайы мекемелер үшін білімді кәсіби дефектолог-мамандар даярлау. Дайындық жұмыстары жүйелі және ұзақ мерзімді жүргізілсе, инклюзивті білім беруді тұрақты сипатқа айналдыруға болады [2,6б.]
Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.
Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі
үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.
Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда.
Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады:
- мүмкіндіктері шектеулі балалар;
- мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар;
- қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтікэкономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан
шыққан балалар).
Бірқатар елдерде енгізілген инклюзивті білім, ең алдымен Финляндияда келесідей қағидаттарға негізделеді: адам құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес, әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті, әр адам қатынасуға және танымды болуға құқылы, барлық адамдар бір-біріне мұқтаж, нағыз білім шынайы өзара қатынас мән мәтінінде іске асырылуы мүмкін, барлығы қолдау мен достыққа мұқтаж. Жүргізілген талдау инклюзивті білім берудің қазақстандық моделі әлемдік тәжірибеге және осы саладағы ережелерге толық дәрежеде сәйкес емес екенін
көрсетті.
Инклюзивті білім беруді мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту
нысанында қабылдау барлық санаттағы ерекше оқытуды қажет ететін балаларға жалпы білім беру бағдарламасының қол жетімділігін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін шектейді.
Қазақстанда «Бәріне бірдей мүмкіндік» деген статусты қолданатын инклюзивті білім беру бағдарламасының енгізілгеніне де көп болмады. Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірдей болып келеді. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі баламен басқа да, әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру және соған жағдай жасау. Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп-интернаттарында білім алады [1,33б.]
Қазақстан 2008 жылы Халықаралық мүгедектігі бар адамдардың кұқығын қорғау жөніндегі конвенцияның қатысушысы болды. Инклюзивті білім беру бұл құжаттың міндетті бөлімінің бірі болатын. Инклюзивті білім беру ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Мүмкіндігі шектеулі тіркесінің мағынасы тым жалпақ. Сондықтан мамандар денсаулығында қандай да бір кінәраті бар адамды «мүгедекті бар тұлға» деген жөн дейді. Біз де осы тіркесті қолданайық. Мектептерде инклюзивті оқытудың енгеніне көп бола қойған жоқ. Ал қазір колледждерде мүгедекті бар мыңдаған жас білім алып жатыр.
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.
Инклюзиясы бар бір бала үш балаға теңестіріледі. Егер сыныпта мүгедектігі бар бір бала бар болса, онда сынып 21 бала ғана оқыса да кіші топтарға бөлінеді. Бұл мемлекетке шығын. Қалай дейсіз ғой? Бір мұғалімге сабақ өткен сағаты үшін айлық төлеудің орнына, енді кіші топқа бөлінгендіктен төлейтін жалақы екі, кейде үш есеге өседі. Демек дамуында тежеу бар балаларды оқыту мектеп үшін тиімді. Бұл норма заңмен бектілген. Қазақстандағы әр баланың Конституцияға сәйкес тегін орта білім алуға құқы бар. Еліміздегі 34 мектепте жан басына қаржы аудару эксперименті бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Мектепте оқитын әр бала үшін мемлекеттен жылына бастауыш сыныпқа 260 мың теңгедей келсе, жоғары сыныптар үшін 500 мыңға дейінгі қаржы келеді. Егер бала басқа мектепке ауысса, демек қаржы да сол мектепке ауысады.
2 526 мүгедектігі бар бала колледждерде білім алады.
Елімізде 29 техникалық және кәсіптік білім беру саласында мүгедектігі бар 2 526 бала оқиды. Оның ішінде 1 741 студенттің бала кезден дамуында шектеу болса, 725-і бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар білімгерлер. Республикада 824 колледж болса, оның 30%-ында ерекше білім беруді қажет ететін студенттер үшін арнайы жағдай жасалған. Кедергісіз қозғалысқа қолжетімділік деңгейі жоғары. Бұл көрсеткіш 2022 жылға дейін 40%-ға жетуі тиіс. Өкінішке қарай, инклюзивті білім беру деңгейі әлі толық қанағаттандырмайды. Бірақ бастысы бұл саланың елге керек екенін мемлекеттік деңгейде бәрі түсінеді әрі нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі таңда инклюзивті білі беру саласына мемлекеттен бөлек Үкіметтік емес ұйымдар да баса назар аударып жатыр. Демек азаматтық қоғам мүгедектігі бар адамдарға бей-жай қарамайды. 2017 жылы Білім және ғылым министрлігі мен Synergy қорының бастамасымен Қазақстан халықаралық Abilympics (Абилимпикс) пен DeafSkills қозғалысына қосылды. DeafSkills – есту қабілеті нашар адамдар арасында кәсіби дағдыларды дамыту бойынша халықаралық жарыстардың қозғалысы. Соған сәйкес мүгедектігі бар жігіттер мен қыздар қатысқан алғашқы чемпионат ұйымдастырылды.
Қазақстандық білім беру жүйесінде:
- - әрбір білім алушының тұлғалық даму траекториясына, даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің моделі жасалмаған;
- - білім берудің икемді, бейімделген оқу бағдарламалары әзірленбеген;
- - жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база жеткіліксіз;
- - оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлары жоқ;
- - ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған;
- - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдастық жоқ;
- - балалардың психикалық және дене даму ауытқуларын ерте айқындау және оларды түзету аса өзекті проблема болып қалуда;
- - балалардағы моральдық-психологиялық және әлеуметтік тұрғыда туындайтын проблемаларды жою бойынша алдын алу шаралары жеткіліксіз қолданылады;
- - инклюзивті білім беруді ақпараттық-кеңес беру тұрғысында қолдау әлсіз ұйымдастырылған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзетудегі қолдау туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 11 маусымдағы № 343 Заңы
- Адырбаева М.Ж. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі психологиялық – медициналық педагогикалық консультацияның жұмыс барысы. -Алматы, 2011. – Б.30-35.
- Батырғалиева А.С. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу жолдары. -Алматы, 2011. – Б.17-25.
- Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. – 57 б.
- http://www.rusnauka.com сайтынан.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |