Новосветловка орта мектебі өткізген : Капарова К. А



Дата08.07.2018
өлшемі45,75 Kb.
#48721
НОВОСВЕТЛОВКА ОРТА МЕКТЕБІ




Өткізген : Капарова К.А.
2014


ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ТЫС ШАРА
«Білгірлер сайысы»


Шараның мақсаттары:


1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылдыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру.

Шараның түрі: сайыс

Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар.

Шараның эпиграфы:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Шараның барысы:


Жүргізуші-
1.Кіріспе.
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.
Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. «Бәйге» .Сұраққа жауап бер-5 ұпай; /ответь на вопрос -5 баллов за каждый/
2. «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу-10 ұпай; /найди ответ, алфавитные загадки-10 баллов/
3. Сөз құру-1 ұпай; /составь слова -1 балл на каждое слово/
4. Тақырыптық әңгіме құру-10 ұпай; /составить рассказ по теме-10 баллов/
5. Тестілеу- «Қай септік?»-1 ұпай; /тест- «Какой падеж?» - 1балл за правильный ответ/
6. Сөздердің антонимдерін тап және аудар-1 ұпай; /если правильно-1 балл/
7. «Жорға»-әр жауапқа 5 ұпайдан. /за каждый ответ по 5 баллов/

3.Сайыстың жүруі:

1-кезең «Бәйге».
Сайыскерлердің қолында оған берілген өз саны.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер өз сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.

1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)


2.Абайдың шын аты? (Ыбырай)
3.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
4. Күз айларын ата (қыркүйек, қазан,қараша)
5. Күзде не жауады? ( жаңбыр жауады
6.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда)
7.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?)
8. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)
9. Бір жылда неше күн бар? (365)

10.Бір айда қанша апта бар? ( 4)

11.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)

12.Бір сағатта неше минут бар? ( 60)

13.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100)

14.Бір аптада қанша күн бар? (7)


15.Етістіктің неше шақтары бар, атаңдар? (нақ осы шақ келер шақ, өткен шақ)
16.Қазақ тілінде қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар? (дауысты-15,
дауыссыз-25)

20.2-кезең «Шешуін тап». (қазақ тілінің тән дыбыстары)


Қазақ тілінің тән дыбыстарын еске түсіру мақсатында алфавиттік жұмбақ ұсынылады.
1.Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар? ( 9 )

2.Қатаң дауыссыз дыбыстар (Қ,Һ )


3.Жіңішке дауысты дыбыстар (Ә,Ө,І,Ү)
4.Ұяң дауыссыз дыбыс (Ғ)
5.Үнді дауыссыз дыбыс (Ң)
6.Жуан дауысты дыбыс (Ұ)

3-кезең. «Қазақстандықтар» сөзінен сөз құрулары қажет. Ойын 10 ұпаймен есептеледі.

4-кезең Қалған топ өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды.
Ұсынылған тақырыптар:
1.Менің отбасым;
2.Менің досым;
3.Менің мектебім;
4.Менің күн тәртбім;
5.Менің ауылым;
6.Қыста.

5-кезең «Қай септік?»


-ойыншылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады.Қалған 5 сайыскер өздері таңдап алған парақтары бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа берілетін ұпай саны-5.Ұпай аз ойыншы шығарылады.
1.Барыс септікті сөз тіркесін тап:
А)қаладан келді;
ә)қаланың адамы;
б)қалаға барды;
в) қалада тұрада
2. Жатыс септікті сөз тіркесін тап:
А)мектепке келді;
ә)мектептен қайтты;
б)мектепті бітірді;
в)мектепте оқиды;
3.Табыс септікті сөз тіркесін тап:
А)ауылдың малы;
ә)ауылға бардым;
б)ауылдан келдім;
в)ауылды жақсы көремін;
4.Шығыс септікті сөз тіркесін тап:
А)оқушымен келді;
ә)оқушыдан сұрады;
б)оқушыны көрді;
в)оқушыға қарады;
5.Көмектес септікті сөз тіркесін тап:
А)қаламды алдым;
ә)қаламның сиясы;
б)қаламмен жаздым;
в)көп қалам

6-кезең
Сайыскерлер сөздердің антонимдерін жазып айтады. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін және олардың аудармасын айту қажет. /участники находят и озвучивают антонимы данных им слов, с переводом/

1.Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.жаңа –ескі /новый –старый/
2.бүгін - кеше /сегодня-вчера/
3.жақсы –жаман /зороший-плохой/
4.тар – кең /узкий-широкий/

2.Сөздердің антонимдерін табыңыз


1.аз – көп /мало-много/
2.биік - аласа /высокий-низкий/
3.кішкентай – үлкен /маленький-большой/
4.ерте –кеш /рано-поздно/

3. Сөздердің антонимдерін табыңыз


1.күн-түн /день-ночь/
2.алыс-жақын /далеко –близко/
3.аш-жап /открой-закрой/
4.қысқа-ұзын /короткий-длинный/

4. Сөздердің антонимдерін табыңыз


1.кедей – бай /бедный-богатый/
2. үстінде –астында /наверху-внизу
3.ақ – қара /белый-черный/
4.жақсылық –жамандық /добро-зло/

1. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз


1.новый -жаңа
2.расписание –кесте
3.дедушка -ата
4.хлеб -нан

2.Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз


1.время -мезгіл
2.год -жыл
3.август -тамыз
4.лето –жаз

3. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз


1.класс –сынып
2.сахар-қант
3.класс -сынып
4.сахар-қант

4. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз


1.старый –ескі
2.врач-дәрігер
3.независимый-тәуелсіз
4.учебник-оқулық

7 –кезең. «Жорға»


Екі топ бір минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Көп ұпай жинаған топ сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады.

1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Тілдер күні (22 қыркүйек)
2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт)
3.Республика астанасы (Астана қаласы)
4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ)
5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ)
6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)
7.Кабинет истории (тарих кабинеті)
8.Біздің аудан атауы (Атбасар)
9.Бала оқытатын адам (мұғалім)
10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).

2-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:


1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы)
3. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы)
4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз)
5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір)
6. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті)
8.Адамды кім емдейді? (дәрігер)
9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен)
10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков).
Қазылар алқасыларға сөз беріледі. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады.





Внеклассное мероприятие по казахскому языку в 6 классе "Конкурс знатоков"

Білгірлер сайысы

 

Сабақтың  мақсаттары:

1.     Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету;қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту;

2.     Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

3.     Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,қазақ әдебиеті,орыс тілі,ағылшын тілі,география.

Сабақтың әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар.

Сабақтың эпиграфы:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

А)кезекшімен сұхбат;

ә)оқушыларды түгелдеу;

б)сабақтың мақсатымен таныстыру;



2.Жаңа сабақ.

1.Кіріспе.

-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.

    Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген меғына береді. Сайысқа сыныптың барлық оқушылары қатысады.Тапсырма саны-9,әр кезең сайын бір оқушы (аз ұпай жинаған) сайыстан шығады. Соңғы кезеңге 2 оқушы шығады,солардың арасынан жеңімпаз анықталады.



Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:

1.     «Бәйге» .Сұраққа жауап бер-5 ұпай;

2.     «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу-10 ұпай;

3.     Полиглот-10*3-30 ұпай;

4.     Сөз құру-10 ұпай;

5.     Тақырыптық әңгіме құру-10 ұпай;

6.     Тестілеу- «Қай септік?»-5 ұпай;

7.     Сөзжұмбақ шешу. «Қай қала?»-10 ұпай;

8.     Мақалды аяқта-5*3-15 ұпай;

9.     «Жорға»-әр жауапқа 5 ұпайдан.



3.Сайыстың жүруі:

1-кезең «Бәйге». Сайыскерлердің қолында 1-ден 11-ғе дейін сандар.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.Ең  аз ұпай жиналған сайыскер ойыннан шығады.

1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)

2.Абайдың шын аты? (Ыбырай)

3.Қазақ тілінде неше септік? (7)

4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы)

5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден)

6. «Подлежащее» деген не? (бастауыш)

7. Қыс  айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан)

8.Қыста не жауады,не сөғады? (қар,боран)

9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда)

10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?)

11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)

12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер)

13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім? (Әл-Фараби)

14.Күнпарақ дегеніміз не? (күнтізбе)

15.Бір жылда неше күн бар? (365)

16.Бір айда қанша апта бар? (4)

17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)

18.Бір сағатта неше минут бар? (60)

19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100)

20.Бір аптада қанша күн бар? (7)

2-кезең «Шешуін тап».

Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән  дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады.

1.Тұзда бар,суда жоқ.

Мұзда бар,буда жоқ. (ұ)

2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ.

Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ)

3.Үйде бар,шиде жоқ.

Күйде бар,биде жоқ. (ү)

4.Қазда бар,үйректе жоқ.

Құрда бар,шілде жоқ. (қ)

5.Дәнде бар,елде жоқ.

Сәнде бар,селде жоқ. (ә)

6.Бірде бар,үште жоқ.

Екіде бар,бесте жоқ. (і)

7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ.

Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ)

8.Шөлде бар,далада жоқ.

Көлде бар,теңізде жоқ. (ө)

9.Қайсы әріп қасарып,

Көнбейтін болуға бас әріп? (ң)



3-кезең «Полиглот».

Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 10 ұпайдан,жиыны-30 ұпай беріледі. Ең  бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам.Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды-ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздіңмемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ ,орыс, ағылшын тілдеріне аударыңдар.

1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок-ring)

2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег-snow)

3.Қаласы бар,үйі жоқ.

Өзеңі бар,суы жоқ.

Орманы бар,бүрі жоқ.

Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта-map)

4.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама!

Немесе-


Көп әңгімем,өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім. ( кітап-книга-book)

5.Түк білмей барасың,

Тәлім аласың.

Есейіп кетсең де,

Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа-school)

6.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед-ice)

7.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи-snow-sri)

8.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник-biary)

4-кезең.   «Қарлығаш» сөзінен сөз  құрулары қажет,ең аз соз құрған сайыскер ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі.

5-кезең Қалған ойыншы өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды.

Ұсынылған тақырыптар:

1.Менің отбасым;

2.Менің досым;

3.Менің мектебім;

4.Менің күн тәртбім;

5.Менің ауылым;

6.Қыста.


6-кезең «Қай септік?» -ойыншылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады.Қалған 5 сайыскер өздері таңдап алған парақтары бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа берілетін ұпай саны-5.Ұпай аз ойыншы шығарылады.

1.Барыс септікті  сөз тіркесін тап:

А)қаладан келді;

ә)қаланың адамы;

б)қалаға барды;

в) қалада тұрада

2. Жатыс септікті  сөз тіркесін тап:

А)мектепке келді;

ә)мектептен қайтты;

б)мектепті бітірді;

в)мектепте оқиды;

3.Табыс септікті  сөз тіркесін тап:

А)ауылдың малы;

ә)ауылға бардым;

б)ауылдан келдім;

в)ауылды жақсы көремін;

4.Шығыс септікті  сөз тіркесін тап:

А)оқушымен келді;

ә)оқушыдан сұрады;

б)оқушыны көрді;

в)оқушыға қарады;

5.Көмектес  септікті  сөз тіркесін тап:

А)қаламды алдым;

ә)қаламның сиясы;

б)қаламмен жаздым;

в)көп қалам



7-кезең Сайыскерлер сөзжұмбақ шешеді.Сөзжұмбақта Қазақстан қалалары жасырылған.Сөзжұмбақ шешу барысында оқушылардың сөздік қорларының деңгейі сараланды. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін немесе аудармасын табу қажет.

 





х

х

х

х




х

х

х

х

х

х

х

х

х




х

х

х




х

х

х







1.Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.жаңа                                                   

2.бүгін

3.жақсы


4.тар

5.кедей


 

 

 



 

2.Сөздердің антонимдерін табыңыз

 










х

х

х







х

х

х

х

х










х

х

х

х













х

х

х




х

х

х

х

х

х

х







х

х

х

х

х




х

х

х

х







1.аз

2.биік

3.кішкентай

4.ерте

5.үстімен

6.көріксіз

7.қысқа

 

3. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз






х

х

х

х

х

х

х

х

х




х

х

х







х

х

х




х

х

х

х

х




х

х

х

х

1.новый

2.расписание

3.дедушка

4.хлеб

5.класс

6.сахар

 4.Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз



х

х

х

х

х

х

х

х







х

х

х

х

х




х

х

х




х

х

х

х







х

х

х




1.время

2.год

3.август

4.лето

5.неделя

6.зима

 

8 –кезең.  «Мақалды аяқта» кезеңінде қалған 3 сайыскерге мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі. Әр мақал үшін 5 ұпай есептеледі.

№1.

1.Өмір-үлкен .....         (мектеп)



2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз)

3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)

 

№2.


1. ... бір күні,қыстың ...айын асырайды (күздің,бір)

2.Ұстаздан шәкірт .... (озар)

3.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)

 

№3.



1.....жолдастан таяғым артық (жаман)

2.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта)

3.Кітап- ....,тілсіз мұғалім (ғалым)

 

9 –кезең.  «Жорға» .Қалғанекі сайыскер минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Көп ұпай жинаған оқушы сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен  марапатталады.

1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Тілдер  күні (22 қыркүйек)

2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт)

3.Республика астаны (Астана қаласы)

4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ)

5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ)

6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)

7.Кабинет истории (тарих кабинеті)

8.Біздің аудан атауы (Астрахан)

9.Бала оқытатын адам (мұғалім)

10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).

 

2-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:



1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы)

3.Шығыс Қаз-н облысының орталығы (Өскемен қаласы)

4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз)

5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір)

6. Аптаның соңғы күні (жексенбі)

7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті)

8.Адамды кім емдейді? (дәрігер)



9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен)

10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет