«Нұр Отан» ХДП Астана қаласы Сарыарқа аумақтық филиалы
«Өркен» бастауыш партия ұйымы жиналысы
ХАТТАМАСЫ
№2
Өту орны: Астана қаласы, Бейбітшілік к, №51, 205-кабинет
Өту күні: «01» ақпан 2012 жыл
Өту уақыты: 11:00
Қатысты: 17 партия мүшесі
Шақырылды:
Шайдаров М.З - «Астана медицина университеті» АҚ ректоры, «Нұр Отан» ХДП «Өркен» бастауыш партия ұйымының төрағасы
Жумашева З.С - «Сапа менеджменті және стартегиялық жоспарлау» бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» ХДП «Өркен» бастауыш партия ұйымының төрағасының орынбасары
Махамбетов Қ.О - «Жалпы медицина» факультетінің деканы
Карибжанов А.А - «Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, мейірбике ісі, педиатрия, медико-профилактикалық ісі, фармация» факультетінің деканы
Сапарова Л.Т - «Үздіксіз кәсіптік дамы және қосымша білім беру» факультетінің деканы
Досхожина Г.Н - «Интернатура және жұмысқа орналастыру» жөніндегі деканы
Алиева Маржан Жусупбековна - «Сапа менеджменті және стратегиялық жоспарлау» бөлімінің бас маманы.
Баймухаметова С. Р - «Әкімшілік-басқару бөлімі» бастығы, «Нұр отан» ХДП «Өркен» БПҰ парторггрупп.
Бегайдаров А.Д - «Жастар ісі жөніндегі» деканы
Еркебай Р.А - «Қоғамдық денсаулық сақтау Институты» бакалавриатының деканы
Сапарбаева М.Ж - Есепке алу және статистика Секторының меңгерушісі
Досыбаева Н.Т - «Философия және социология» кафедрасының аға оқытушысы
Өтелбаева А.Т - «Офис тіркеуші» бөлімінің маманы
Ерболатова Е.Е. - 1 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің студенті
Өлмесова А.Ж – 3 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенті, «Республикалық жастар конгресі» мүшесі.
Уазырханов Мерей – 4 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенті
Захарова А.П – 3-курс «Жалпы медицина» факультетінің студенті.
Кезекті жиынды «Өркен» БПҰ Төрағасының орынбасары З.Жұмашева ашты. Алдағы жұмыс тәртібін 1 сағат 00 минут, үзіліссіз жүргізуді ұсынды.
Дауыс берді:
«қолдаушылар» - 400 адам,
«қарсы» - 0 адам,
«қалыс қалғандар» - 0 адам.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. «Нұр Отан» ХДП «Өркен» бастауыш партия ұйымының 2013 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, партия мүшелерін есепке алу тәртібіне сәйкес салыстырмалы – тексеруледің қорытынды есебі.
2. ҚР Президенті Н:Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау.
Кеңейтілген кеңес отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау туралы мәселе қаралды.
Сөз сөйледі:
«Өркен» БПҰ Төрағасының орынбасары З.С. Жұмашева:
«Нұр Отан» ХДП «Өркен» бастауыш партия ұйымының төрағасының орынбасары З. Жумашева кезекті жиналыста 2013 жылдың қаңтар айында кезекті салыстырмалы тексерулердің қорытынды есебіне тоқталды.
2013 жылдың қаңтар айында партияішілік салыстыра отырып тексерулер жүргізілді. Қызмет бабымен 22 оқытушы–профессорлар құрамы, отабасылық және әлеуметтік жағдайларына байланысты жұмыстан шығарылса, 39 студент өз еріктерімен университеттен кеткен. Тексерулер нәтижесі бойынша партия мүшелерінің сандық құрамы - 1662.
Оның ішінде: 13,4% қызметкер, 86,6% студенттер болса, ұлттық сапалық құрамы жағынан 86,7% -қазақтар, 6,8% - орыстар, 6,5% - басқа ұлт өкілдері. Ал, біліктілігі бойынша 84,6% - орта білімді, 12,9% - жоғары білімді, 2,4 % - орта кәсибі мамандығын қамтиды.
«Қазақстанның болашағы – жастар!» Партия мүшелерінің сандық құрамы да осы жалында жастармен толыққан. Негізгі сандық құрамы: 30 жастағылар – 1479 адам, 61-і 30-40 жас аралығында, 41-50 жас аралығында 73 - адам, 51-60 жастағылар 33 - адам, 16 –і 60 жастан асқандар.
«Өркен» БПҰ алға қойған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудағы жұмыстары жалғасуда. Қоғамда және партия ұйымында болып жатқан тың жаңалықтармен таныстыру мақсатында Университеттің сайтында «Өркен» БПҰ-ның желісі партия мүшелеріне жол тартқанын нақтырақ атап өтті.
«Жастар ісі жөніндегі» деканат қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым- қатынас жасай отырып, студент жастарды қоғамдық және саяси өмірге қызықтаруда.
«Жеңісім – ел үшін!» тақырыбындағы патриоттық форумға өте белсенді қатысты.
«Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру – ол берік те, қайратты және көрікті ел!» ұстанымын басқара отырып, «Студенттің денсаулығы – жақсы оқу негіздері» бағытымен бірнеше іс-шаралар өткізілуде.
Партияның жемкорлыққа қарсы күресі алғашқы әрі негізгі жұмыстары болып табылса, университет көлемінде Қоғамдық кеңесі және жоспарлары құрылып, жұмыстар атқарылуда.
«Өркен» БПҰ алға қойған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудағы жұмыстары жалғасуда. Қоғамда және партия ұйымында болып жатқан тың жаңалықтармен таныстыру мақсатында Университеттің сайтында «Өркен» БПҰ-ның желісі партия мүшелеріне жол тартты.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы «Өркен» бастауыш партия ұйымы құрамын 2012 жылдың қыркүйек-желтоқсан айы аралығындағы салыстыра тексерулер қорытындысы бойынша партия қатарынан 61 – азамат университеттен шығып, Қазақстан Республикасының басқа аймақтарында білімдерін жалғастыруда. Осы себептерге байланысты «Өркен» бастауыш партия ұйымынан да шығарылуды ұсынамын:
Абильгапарова Людмила
Есетова Асель Адилбековна
Жумадилова Анар Жаксыбаевна
Зайкенов Талгат Сабитович
Искаков Асулан Алмазович
Какимжанов Жумаш Тукенович
Какимжанова Нургуль Тукеновна
Кукеева Гаухар Амангельдиновна
Қыдырмолла Ұлпан Қуанышбекқызы
Муканова Роза Жұмекенқызы
Мырзахмет Куаныш Ермекұлы
Нуртазинова Гаухар Сагынтаевна
Орынбекова Дана Олжабаевна
Рыжих Татьяна Ивановна
Сибагатова Айнур Сериковна
Есенжолова Акмарал Сериковна
Ізбасар Айгуль Ағатайқызы
Мандрик Алена Василевна
Марутян Карен Камоевич
Маулитбек Паргул
Шарбаков Алтай Жиенбаевич
Молдахметова Зұлқия Нұрышқызы
Абдугалиева Ақерке Кемелбекқызы
Алиева Айдана Мухтарханқызы
Аркт Фатима Оттовна
Бодукова Аруна Жумагельдиева
Бойко Евгения Григорьевна
Вручинская Кристина Евгеньевна
Даниярова Гулнур Даниярқызы
Даулетова Камиля Бериковна
Дюсенбина Динара Мейрамовна
Исмаилова Ляйля Мансуровна
ЕсалиевНурсултан Муратович
Жекебаев Ермек Корланұлы
Жумадилдаева Айжан Бериковна
Ибраева Айгерим Шаханқызы
Идрисова Ақмарал Айбековна
Исмагулова Айсұлу Куанышовна
Тажиева Гульфайруз Валихановна
Толебаев Куандык Тугелбаевич
Толстопят Вероника Александровна
Тулегенова Аякоз Женисовна
Турлыбек Жасулан Толбасыулы
Турсынова Зухра Айтпаевна
Усербаева Айымгуль Маратовна
Утемисов Агабек Абдисадықулы
Мусаева Мухаббат Алимжановна
Козлова Любовь Васильевна
Куанова Гулбану Бейсембаевна
Кусман Нариман Толеугазыулы
Мырзалиев Жаркынбек Маратулы
Мажит Бауыржан Рапыхович
Масумова Румилям Гожахметовна
Нурпеисова Асемгуль Естаевна
Полина Анастасия Дмитриевна
Романов Евгений Артурович
Рустембек Жансая Рустамбеккызы
Сарсенгалиева Жулдыз Абдирузаккызы
Сатбаева Айгерим Талгатовна
Соловьева Надежда Вячеславовна
Сулейменов Жаркын Жангельдинович
Дауыс берді:
«қолдаушылар» - 17 адам,
«қарсы» - 0 адам,
«қалыс қалғандар» - 0 адам.
Бірініші мәселе бойынша жиналыс қаулы етеді:
«Астана медицина университеті» АҚ-та білім алушылар мен қызметкерлер жұмыс барысын тоқтатуына байланысты тізім бойынша «Өркен» бастауыш партия ұйымынан шығарылсын.
«Өркен» БПҰ 2013 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілсін.
Дауыс берді:
«қолдаушылар» - 17 адам,
«қарсы» - 0 адам,
«қалыс қалғандар» - 0 адам.
Сөз сөйледі:
Досыбаева Н.Т - «Философия және социология» кафедрасының аға оқытушысы:
Күн тәртібіндегі екінші мәселе ҚР Президенті Н:Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау жұмыстарына бөлек тоқталып, үлкен саяси маңызы бар құжат екендігін және Елбасымыздың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуына қатысты барша Отандастарымызға айтқан сөзі, тиісті орындауға берген нақты тапсырмалары – тәуелсіз елімізді дамытуға жасалған кезекті батыл қадам деп бағалаймыз деді. Осы маңызды құжатта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Нұр Отан» партиясына, әр саланың министрлігіне әдейі тапсырмалар беріп отыр.
Сондықтан, Елбасының тапсырмасын орындау баршамыздың міндетіміз екендігін айта отырып, мекеме, бөлім басшыларына, селолық округ әкімдеріне, бастауыш партия ұйымдарына, партия активіне жергілікті жерлерде Елбасының тапсырмасын халыққа түсіндіру бағытында үгіт-насихат топтарын құруды тапсырды.
Елбасының тапсырмасына орай өз кезегінде салалар бойынша сөз сөйлеген мекеме басшылары Елбасының тұжырымдамасымен танысқандықтарын айта келіп, онда көрсетілген мәселелердің өзекті екендігін, сондықтан да оны толықтай қуаттайтындықтарын білдірді. Ең бастысы, студенттердің бойына еңбексүйгіштік сезімдерді ұялатып, өз отаны, елі мен жері үшін еңбек етіп, ізденімпаздықты құрметтеуге тәрбиелеп, өз халқының мақтанышы болуына, өнегелі азаматтар болып қалыптасуына ықпал етті.
Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәтижесіне жауапкершілікті тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жекеменшік құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс.
Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік жағдайында ғана кең көлемді қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады» - деп сөзін аяқтады.
Сөз сөйледі:
«Стоматология, емдеу ісі, педиатрия, медико-профилактикалық ісі, фармация, шығыс медицинасы» факультетінің деканы Карибжанов А.А:
«Кепілдік берілген медициналық қызмет көлемін қоса алғанда, өмір сапасының негізделген ең төменгі басты өлшемдері мен индикаторлары көрсетілетін әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктер туралы заң қабылдаудың, денсаулық үшін жауапкершілікті үш тарап: адамның өзі, жұмыс берушісі және мемлекет бөліп көтеретін сақтандыру медицинасын дамытудың, дәрілік құралдарды пайдалануға қатысты халықты ақпараттандыру деңгейін көтерудің пәрменді тетіктерін енгізудің маңыздылығына тоқталды.
Сөз сөйледі:
«Интернатура және жұмысқа орналастыру» деканатының декан орынбасары Досхожина Г.Н.
«Елбасының тапсырмалары бұл - шын мәнісінде ел болашағын айқындайтын тарихи құжат, халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеген көреген қадам болды. Онда Мемлекет басшысы Қазақстанды дамытудың жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясына негізделген жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Бұл ретте еңбек әлеуметтік жаңғырту мен жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шешуші факторы ретінде қарастырылады.
Мемлекет әлеуметтік саясат ұстанған жағдайда ғана еліміз өзінің өркенді даму жолына түсетінін өмірдің өзі көрсетіп берді. Ірі мемлекеттердің үстемдігін еліміз тәуелсіздігімен ұштастырудың жолдарын іздестіру, технологияларды тиімді пайдалану – қазіргі заманның басты талабы» деген ой білдірді.
Сөз сөйледі:
Еркебай Р.А - «Қоғамдық денсаулық сақтау Институты» бакалавриатының деканы
«Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет», деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында. Осы бағыттағы жұмысты жандандыра түсу мақсатында Мемлекет басшысы ел Үкіметіне әлеуметтік тәжірибені ескере отырып, үш айлық мерзімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындауды тапсырды. Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарламада, менің ойымша, бірінші кезекте Қазақстанның Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауаптылық туралы (1999 жылғы 27 қаңтар) және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы (1999 жылғы 4 қараша) конвенцияларға қосылуы отырып университеттің бағдарламасын жасауымыз тиіс.
Біріншіден, қауіпсіздік комитетін және «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің топтарын құру. Бұл топ - сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік теріс құбылыс ретіндегі ұғымы мен мазмұнын айқындап, оған қарсы заңнаманың тұтастай бір жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық шаралардың жаңа жүйесі мемлекеттік қызметшінің құқықтарын, міндеттерін және өз функцияларын орындау қағидаларын нақтылау арқылы олардың мінез-құлқын мінсіздендіруге септігін тигізеді.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның жобасын «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша Мәжілістің бір топ депутаттары әзірлеп, бітірді. Университетімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» кешенді бағдарламада қылмыстық және әкімшілік кодекстерді, әкімшілік рәсімдер, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіруге, заңды тұлғалардың жауаптылығын енгізуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қызметтен алынған кірістерді тәркілеуге ерекше назар аударылуға тиіс.
Екінші бағыт экономикадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруға бағытталуға тиіс;
Үшінші бағыт – бұл мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар.
Келесі бағыт сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағдарлануы тиіс. Халықтың құқықтық мәдениетін арттырумен қатар, дүниеқоңыздықпен, сатқындықпен және парақорлықпен сыйыспайтын іргелі рухани құндылықтар жасау керек.
Заңның және қоғамдық әшкерелеудің алдында бұлтартпас жауаптылықта болатын жағдайда шенеуніктер мен азаматтарға сыбайлас жемқорлық әрекеттерге бару мүлде тиімсіз болатындай құқықтық әрі қоғамдық ахуал туғызу қажет. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ мүшелерінің ар-ожданы таза, сауатты, жоғары кәсіби деңгейдегі білікті мамандар болуы тиіс. Елбасымыз айтқандай, «құқық қорғау органдары қызметкерлерін аттестаттау құптарлық қадам». Сыбайлас жемқорлық деңгейі анағұрлым төмен елдердің (Дания, Норвегия, Чехия, Сингапур, Малазия, Тайланд және т.б.) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын зерделеу көрсеткендей, оларда қолданылатын шаралардың базалық негізі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және жазалаудың бұлтартпастығы, мемлекеттік органдар жұмысының азаматтық қоғам тарапынан ұйымдастырылған түрде бақылануы, мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының жоғары болуы, профилактикалық және алдын алу жұмысының тиімді жүргізілуі болып табылады.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, электронды үкіметті дамыту, рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту, халыққа қазмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлемдік оң тәжірибеге толық сәйкес келеді.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы барлық мүдделі күштерінің бірлесіп жұмыс істеуі елімізді өркендетуге және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін» деп әсері ой қозғады.
Жиынға қатысушылар әлеуметтік жаңғыртылу саясатына бірауыздан қолдау білдіріп, оны іске асыруға белсенді қатысатындарын жеткізді.
Екінші мәселе бойынша жиналыс қаулы етеді:
«Астана медицина университеті» АҚ-та білімалушы жастарға, қызметкерлерге, оқытушы-профессорлар құрамы мен оқу-топ жетекшілеріне 2012 жылдың 14 желтоқсанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау түсіндіру жұмыстары өз күшіне енсін.
Жолдауын талқылау, насихаттау түсіндіру жұмыстары Партиялық топ ұйымдастырушы басшылырына жүктелсін.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, орындалуын қадағалау топтары құрылсын.
Дауыс берді:
«қолдаушылар» - 17 адам,
«қарсы» - 0 адам,
«қалыс қалғандар» - 0 адам.
ЖИНАЛЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Астана медицина университеті» АҚ-та білім алушылар мен қызметкерлер жұмыс барысын тоқтатуына байланысты тізім бойынша «Өркен» бастауыш партия ұйымынан шығарылсын.
«Өркен» БПҰ 2013 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілсін.
«Астана медицина университеті» АҚ-та білімалушы жастарға, қызметкерлерге, оқытушы-профессорлар құрамы мен оқу-топ жетекшілеріне 2012 жылдың 14 желтоқсанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау түсіндіру жұмыстары өз күшіне енсін.
Жолдауын талқылау, насихаттау түсіндіру жұмыстары Партиялық топ ұйымдастырушы басшылырына жүктелсін.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру, орындалуын қадағалау топтары құрылсын.
Жасампаздықтың төріне, жаңғыртудың өріне жетелейтін 20 қадамға әрбір қазақстандық белсенділік көрсетіп, индустриялық-инновациялық дамудың аясында қоғамды жаңғыртуға аянбай ат салысу.
«Астана медицина университеті» АҚ-тың, бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары барлық сауалнамаларды, партия жиналысының хаттама көшірмесін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Сарыарқа аудандық филиалына ұсынсын.
«Нұр Отан» ХДП «Өркен» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары З.С. Жұмашева: «Уақыттың өзі бізден бірлікті талап етіп отырған бүгінгі таңда командалық рух пен топтаса отырып, біз болашаққа, жаға жетістіктерге, жаңа табыстарға бара аламыз!» деген қанатты ойымен жиналысты жабық деп жариялады.
Хаттама екі данада жасалды, 8 беттен тұрады.
Төраға ___________ М.З. Шайдаров
қолы
Төрағасының орынбасары ___________ З.С.Жұмашева
қолы
Хатшы ___________ М.Ж. Сапарбаева
қолы
Достарыңызбен бөлісу: |