Партияның Х-съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 17 қаңтардаЕлбасы – Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның халықтық платфомасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды. 2008 жылғы 15 мамырда «Жас Отан» жастар қанатының І сьезі өтті.
2009 жылғы 9 қаңтарда Партия Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдық отырысы өтті. 2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан»Халықтық демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Сол күні партияның жаңа Доктринасы қабылданды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауы қарсаңында 2016 жылғы 29 қаңтардаөткен кезектен тыс XVII Съезінде «Нұр Отан» партиясының – «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлау алды бағдарламасы әзірленді және қабылданды.