Нұр-Сұлтан, 2020 жыл 1-таратпа материал



бет6/8
Дата06.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#79998
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
таратпа материалдар ВКО (1)

11-таратпа материал
Тапсырмаларда ресурстық материалдарды қолдануға қатысты ұсыныстар

Тапсырмада мәтін, график, диаграмма, сызба, бейне, аудио жазбалар, карталар, иллюстрациялар және т.б. түріндегі түрлі ресурстық материалдарды қолдануға болады. Ресурстық материалдар оқушыға қосымша көмек көрсету мақсатында немесе дереккөздері ретінде қолданылады.


Ресурстық материалдарға қатысты тапсырмалар ақпаратты қайта өңдеу және түсіну, іздену дағдыларын тексеруге бағытталуы қажет. Тапсырмалардың әр түрлерін қолдануда олардың жеңілден күрделіге қарай логикалық реттілікпен орналастырылуы ұсынылады. Кез келген ресурстық материалдарға нақты нұсқау берілуі қажет.
Ресурстық материалдарға мазмұндық, техникалық сипаты жағынан бірнеше талаптар қойылады.

Ресурстық материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар:



  • Ресурстық материалдарды іріктеу және құрастыруда тақырыпты, оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін ескеру қажет.

  • Ресурстық материалдарды оқулықтардан, оқу құралдарынан немесе мектепте қолданылып жүрген дереккөздерінен қолданбаған дұрыс. Жауаптары берілуі мүмкін, мысалы, тапсырмада және ресурстық материалда бірдей сөздерді қолданудан аулақ болған дұрыс.

  • Ресурстық материалдар ескірген тақырыптардан алынбағаны жөн, сондай-ақ оқушының денсаулығы мен жеке дамуына кері әсер ететіндей болмағаны дұрыс.

  • Ресурстық материалдарда мәдени ерекшеліктер ескерілуі қажет.

Ресурстық материалдардың техникалық безендірілуіне қойылатын талаптар:



  • Ресурстық материалдың форматы оны орындауға болатындай техникалық мүмкіндіктерге сәйкес болуы қажет. Мысалы, видео және аудио жазбаларды тыңдау, иллюстрацияларды бейнелеу және т.б.

  • Ресурстық материалды безендірудің сапасы тапсырманың күрделілік деңгейі мен орындау деңгейіне әсер етпеуі қажет.

  • Әр оқушыға ресурстық материалдармен жұмыс жүргізуде бірдей жағдай жасалуы керек.

Дайын ресурстық материалдарды қолдану кезінде мұғалімнің оларды өңдеуіне, өзгерістер енгізуіне мүмкіндігі бар. Түзету кезінде мынадай сәттерді есепке алған жөн:



  • ресурстық материалдардың мазмұнынан қажетсіз ақпараттарды алып тастаған дұрыс;

  • көлемін, мөлшерін, ұзақтығын және т.б. қысқартқан кезде ресурстық материал мазмұнының реттілігін сақтау керек;

  • түсініксіз сөздерді, фразаларды, нысандарды, элементтерді және т.б. ауыстыру қажет немесе қайта өңдеу керек;

  • ресурстық материалдың бейімделгендігін атап көрсету қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет