Бағалау критерийі
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
|
|
6-таратпа материал
Ертегіден үзінді оқыңыз. Үзінді қандай бағалау құралын еске салады?
Бағзы бір заманда бір ханның жан дегенде жалғыз ұлы болыпты. Хан жалғыз ұлын үйлендіргісі келіп, ұлына қалыңдық іздеген екен. Алайда хан ұлы өзіне жар етіп алу үшін шарты барын айтады: «Болашақ жарым менің көзімше зығыр талшықтарынан үлпілдек нан пісіре алса, сол қызды өзіме жар етіп аламын». Мұны естіген хандықтағы қыз-қырқын өз бақтарын сынауға кіріседі. Хандықта бір әйел тұратын еді. Әйелдің екі қызы болатын. Екеуі бір анадан туса да, бір-біріне мүлде ұқсамайтын еді. Үлкені – жалқау, тілазар болса, екінші кенже қызы еңбекқор, ақылды, ұғымтал еді. Анасы бір түн бойы қыздарына нан пісіруді үйретеді. Кенже қызы анасының әр нұсқауын қағазға рет-ретімен жазып алып, әрбір қадамды есіне сақтауға тырысады. Үлкен қызы болса, олай жасауға ерініп, «ее, осы да сөз болып па, ертең тез-ақ жасай саламын» дейді. Сынақ күні бақтарын сынауға келген қыздар ас үйге кіріп, нан пісіруді бастайды. Әр қыздың жұмысын бақылаушылар болады. Ақылды қыз анасының үйреткен нұсқауын есіне түсіре отырып, барлығын рет-ретімен орындай бастайды. Жалқау қыз нан пісіруді неден бастарын білмей, ас үйді көк түнге айналдырып, көпке күлкі болады. Ал кенжеқызы тапсырманы қиналмастан оп-оңай орындап шығады.
(Ежелгі грек ертегісі)
Достарыңызбен бөлісу: |