Аңдар да сөйлейді. Мәтін: А.Асылбеков Түлкі мен Тиін ( мысал )
-кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалайды; - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзететеді
Ой қозғау
Түлкі мен тиін туралы не білеміз?
Түлкі – жыртқыш аң. Ол інін өзі қазады. Әр күшіктеген сайын 4-6 немесе 12-ге дейін туады. Түлкінің есту , сезу қабілеті жақсы дамыған , бірақ көруі әлсіз. Қыста тышқан аулайды. Ең сүйікті асы – сұр тышқан , көжек , қаз , құр , балықты да жей береді.
Тиін орманда , тоғайда болады. Ол секіруге икемді. Бұтақтан –бұтаққа , ағаштан – ағашқа секіріп жүреді. Жыртқыш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Ол жаңғақпен қоректенеді.Тиінді қорғау керек . Терісінен жаға тігеді.
Абдырахман Асылбеков– 1- мамыр 1938 жылы Жамбыл облысы , Талас ауданы , Үшарал ауылында дүниеге келген.Ақын әнге сөз жазады , кейде мысал да жазады. Мектепте мұғалім , қазақ радиосында әдеби қызметкер болып жұмыс істеген. 24 жыр кітабын шығарған. « Алтын дән» , «Сиқырлы сыбызғы», «Балбұлақ» ертегілерін жазған . Аңыздар , өлеңдер , сатиралық өлеңдер жазған.
Мысал- қысқа оқиғалы шығарма. Мысалдың кейіпкерлері аңдар, құстар, жануарлар, өсімдіктер болады. Мысалда кемшіліктер сыналады. Ақыл кеңес айтылатын қорытынды ой болады.
-Тиін орманда , тоғайда болады. Ол секіруге икемді. Бұтақтан –бұтаққа , ағаштан – ағашқа секіріп жүреді
Қасқыр туралы не айтасыңдар?
-Қасқыр – мінезі өте жаман , орманда , тауда жүреді. Азулы аң, терісінен тоң тігеді , етпен қоректенеді , өте кекшіл , адамды да жеп қояды , аңшылар атады.