Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берініз Бейметалдардың атомдарына қарағанда, металл атомдарының радиустары үлкен болады, сондықтан металл атомдары валенттілік электрондарын оңай береді. Нәтижесінде металл атомдары оң зарядты иондарға айналады. Атомдардан ажыраған электрондар металл иондарының арасында салыстырмалы түрде еркін қозғалады. Сондықтан бұл зарядталған бөлшектердің арасында химиялық байланыстың ерекше түрі-металдық байланыс түзіледі. Кристалдық тор түйіндерінде оң зарядталған металл иондары орналасып, олардың арасында электрондар еркін қозғалады. Электрондар үздіксіз қозғалыста болатындықтан, олар металл иондарымен соқтығысқанда иондар бейтарап атомға, содан кейін қайтадан ионға айналады. Кристалдық тор түйіндеріндегі оң иондар мен кейбір бейтарап атомдар арасында еркін қозғалатын электрондары бар тор металдық кристалдық тор деп аталады. Металдық кристалдық тор түйіндеріндегі иондар мен қозғалатын электрондар арасында түзілетін химиялық байланыс металдық байланыс деп аталады.
Металдық байланысты анықтаңдар
O2
CaF2
Cu
NaF
НCl
Жер қыртысында бос күйінде кездесетін металдар қатары
Cu, Fe, Mg
Na, Ca, K
Ag, Pb, K
Pt, Au, Ag
Mn, Au, Zn
Кристалдық тор түйіндеріндегі иондар мен қозғалатын электрондар арасында түзілетін химиялық байланыс деп аталады.