Тұздар мен су арасында жүретін алмасу реакциялары тұздар гидролизі (грек. «гидро»_су, «лизис»-ыдырау)деп аталады. Суда еритін тұздар ғана гидролизге ұшырайды. Металдың немесе қышқыл қалдығының әр ионымен судың бір молекуласы ғана әрекеттеседі, гидролиз нәтижесінде бастапқы заттарға қарағанда әлсіз электролит түзіледі. Гидролиз қайтымды реакция. Егер тұз күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілсе,ондай тұздың ерітіндісі бейтарап болады.Әлсіз қышқыл және күшті негізбен түзілген тұздар гидролизденгенде, қышқыл қалдықтары су молекуласындағы сутек иондарын қосып алып, гидроксид иондары босап шығады. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз гидролизденгенде металл иондары су молекулаларындағы гидроксид иондарды қосып алып, сутек иондары босап шығады.
Сулы ерітінділерді сипаттау үшін ортаның ерекше көрсеткіші рН қолданылады:
рН<7 болса қышқыл; pH=7 болса бейтарап;
pH>7 болса сілтілік орта болады.
рН<7 көрсеткішінің мәні бойынша ертіндінің ортасы:
қышқылдық орта.
негіздік орта.
бейтарап орта.
негіздік-қышқылды .
дұрыс жауап жоқ.
Суда ерімейтін тұз:
натрий хлориді.
кальций хлориді.
күміс хлориді.
калий сульфаты.
барий нитраты.
Қайтымсыз толық гидролизденетін алюминий тұзы:
AlCl3