Оттек.
Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берініз Оттек массасы бойынша жер қыртысының 47,2%-ын құрайды. Ауадағы оттектің көлемдік үлесі 21%,ал массалық үлесі 23% .Мектеп зерханасында көбіне оттекті калий перманганаты KMnO4, калий хлороты KClO3, сутек пероксиді H2O2 сияқты күрделі заттарды қыздырып ,айыру арқылы алады. Өнеркәсіпте оттекті ауадан алады. Оттек- ең белсенді бейметалдардың бірі. Оның гелий, неон және аргоннан басқа элементтермен қосылыстары белгілі. Заттардың оттекпен қосылуы тотығу деп, ал түзілген өнімдер оксидтер деп аталады. Жану - заттардың тотығып, жылу және жарық түзе жүретін реакциясы. Оттек адам іс әрекетінің түрлі салаларында: металлургияда, медицинада, сондай ақ тірі организмдердің тыныс алу процесінде жұмсалады. Сонымен қатар оттек металдардың тотығу, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының шіру процестеріне қатысады.
Бір элементтің әртүрлі жай зат түзу құбылысы аллотропия деп аталады. Оттек және озон- оттек химиялық элементінің аллотропиялық түрөзгерістері. Жерді қоршап тұрған озон қабаты барлық тіршілік иелерін күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайды.
Заттардың оттегімен әрекеттесу реакциясы
Айырылу
Орын басу
Бейтараптану
Тотығу
Алмасу
Оттекке жатпайтын тұжырым:
салыстырмалы молекулалық массасы-32
түссіз газ
су ыдыраған кезде алынады
сутек пероксиді ыдыраған кезде алынады
суда жақсы ериді
Оттектің массалық үлесі көбірек зат
PbO
FeO
BaO
CaO
CuO
Oттек химиялық элементінің аллотропиялық түрөзгерістері.
тек оттек