Нұр-сұлтан қаласы әкімідігінің «білім беруді жаңҒырту орталығЫ» мкқК



бет37/42
Дата22.04.2024
өлшемі258,87 Kb.
#201161
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Модо тест Каирбаева,Байтуова

XXVIII нұсқа


Минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтер.
Нұсқаулық : Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берініз
Өсімдіктердің қажетті ең маңызды химиялық элементтер азот, фосфор және калий болып табылады. Жоғарыда айтылған жеті элемент макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар өсімдіктерге өте аз мөлшерде марганец, кремний, бор, мыс, мырыш, молибден және басқа элементтер- микроэлементтер қажет. Тыңайтқыштар дегеніміз өсімдіктер тіршілігін қолдайтын элементтері бар суда еритін қосылыстар. Қоректік элементтерінің табиғатына қарай тыңайтқыштар үшке бөлінеді:азотты, калийлі, фосфорлы.
Азотты тыңайтқыштар. Минералды азотты тыңайтқыштарға аммоний сульфаты (NH4 )SO4 , амоний хлориді(NH4Cl), нитраттар:NaNO3 KNO3 Ca(NO3)2 NH4 NO3, несепнәр СО(NO2 )2, жатады.
Фосфорлы тыңайтқыштары: фосфорлы тыңайтқыштар ретінде әртүрлі кальций фосфаттары, негізгі компанентері Cа3(РO4)2 кальций фосфаты болып табылатын қиыршықталған табиғи минералды фосфорит (фосфорит ұны) жиі қолданылады.Суда жақсы еритін фосфор тыңайтқыштарына қос суперфосфат Cа(Н2 РO4)2 ,қос тұздың NH4Н2РO4 және (NH4)2НРO4 қоспасынан тұратын аммофос жатады.
Калий тыңайтқыштары. Калий хлориді KCl және калий нитраты KNO3 калий тыңайтқыштары ретінде жиі қолданылады. Маңызды калий тыңайтқыштарына ағаштың, сабанның, өсімдік сабағының күлі жаттады, оның құрамында калий карбонаты K2CO3 (поташ немесе сақар) бар. Бұл зат суда жақсы ериді және өсімдіктерге оңай сіңеді. Сонымен қатар күлдің құрамында өсімдіктердің өсуіне қажетті фосфор, кальций және басқа да элементтер бар. Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану ауылшаруашылық өсімдіктерінен жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.

  1. Өсімдіктердің өсуіне қажетті маңызды химиялық элементтер қатары.

  1. P,K,Na

  2. N,P, Ca

  3. H,K, Mg

  4. N, P, K

  5. N, P, Na

  1. Шырша ағашының күліндегі калий карбонатының массалық үлесі 26,4%.Массасы 100 г шырша ағашының құрамындағы калий карбонатын K2CO3 бейтараптауға қажетті 20%- дық НСl ертіндісінің массасын есептеңдер. A) 69,83%

B) 68,83%
C) 66,80%
D) 67,83%
E) 67,80%

  1. Қиыршықталған табиғи минералды фосфориттің аталуы.

  1. сақар

  2. фосфорит ұны

  3. поташ

  4. несепнәр

  5. қос тұз

  1. Қазақстандағы фосфатты минералды тыңайтқыштар өндіретін қала.

  1. Алматы

  2. Шымкент

  3. Ақтау

  4. Өскемен

  5. Тараз

Селитраға жататын тұз:

  1. NaCl- натрий хлориді.

  2. Ca(NO3)2- кальций (ІІ) нитраты.

  3. K3PO4 – калий ортофосфаты.

  4. CuSO4 –мыс (ІІ) сульфаты.

  5. ZnS- мырыш сульфиді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет