Кез келген химиялық реакция кезінде жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Химиялық реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуіне байланысты реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп бөледі. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері реакцияның жылу эффекті болады. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық теңдеу – термохимиялық теңдеу деп аталады. Химиялық реакцияның жылу эффекті 1 моль өнім алу үшін жұмсалатын жылу мөлшерімен өлшенеді. 1кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері, сол заттың меншікті жану жылуы деп аталады. Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы бірнеше факторларға:
әрекеттесуші заттардың табиғатына
температураға
реагенттердің мөлшеріне
реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне тәуелді болады 5.Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері реакцияның
жылу эффекті
меншіктті жылу
термохимиялық теңдеу
экзотермиялық реакция
эндотермиялық реакция 6.Эндотермиялық реакциялар
A) S+O2 = SO2+Q
B) 2H2( г) + O2 (г)=2H2O(г)+Q
C) 3Fe(қ)+ 2O2 (г) =Fe3O4 + Q
D) 2HgO = 2Hg + O2-Q
E) CH4 (г) + 2O2 (г) = CO2(г)+ 2H2O+Q
7.Экзотермиялық реакцияның теңдеуі
A) N2 + O2 ⇄ 2NO - Q
B) 2CH4 ⇄ C2 H2 + 3H2 -Q
C) C + 2S ⇄ CS2 - Q
D) 2H2O ⇄ 2H2 + O2 - Q
E) N2 + 3H2 ⇄ 2NH3 + Q
8.S + O2 ⇄ SO2 + 297 кДж 96г күкіртті жаққан кездегі бөлінетін жылу мөлшері:
891кДж