нұсқа
Электролиттік диссоциациялану механизімі.
Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берініз
Электролиттік диссоциациялану механизімінің мәнін орыс ғалымдары И.А.Каблуков және В.А. Кистяковский ашты.Оларды Д.И. Менделеевтің химиялық теориясына сүйене отырып ерітінділерде бос иондар емес, гидраттанған, яғни су молекулаларымен қоршалған иондар болатыны дәлелдеді. Неліктен электролиттік диссоциация суда жүреді, ал керосинде жүрмейді? Бұл сұраққа жауап беру үшін су молекулаларының құрылысын қарастырайық. Су – күшті коваленттік полюсті байланысы бар диполь. Иондық кристалды заттар суда оңай диссоциацияланады. Өйткені олар іс жүзінде дайын иондардан түзілген. Натрий хлоридінің кристалдары сумен жанасқанда, тұз иондары мен су молекулалары арасында әрекеттесу басталады. Су молекулалары оң полюсімен Cl- иондарына, ал теріс полюсімен Na+ иондарына тартылады. Нәтижесінде иондар арасындағы байланыс әлсіреп, кристалдық тор бұзылады, түзілген бөлшектер су молекулаларының арасында таралады. Иондар су молекулаларымен әрекеттесіп, гидраттанған иондар түзіледі. Иондық байланысы бар заттардың диссоциациялану механизмі:
Су молекулаларының электролиттік иондарына қарай бағытталуы;
Электролиттік иондардың су молекулаларымен гидраттануы;
Электролиттің иондарға диссоциациялануы (ыдырауы). 1.Электролиттік диссоциациялану механизімінің мәнін ашқан ғалымдар
И.А. Каблуков және В.А. Кистяковский
И.А.Каблуков және Д.И. Менделеев
М.В. Ломоносов және В.А. Кистяковский
И.А. Каблуков және М. Фарадей
С. Аррениус және В.А. Кистяковский 2.NaCl диссоциацияланғанда түзілетін иондар
Na + 2Cl
Na+ + Cl
Na+ + Cl2
Na+ + Cl-
диссоциацияланбайды
Су молекулалары оң полюсімен тартатын иондары.
Cl-
Na+
Na
Cl
Cl2
Иондық байланысы бар заттардың диссоциациялану механизміне жатпайтын тұжырым:
су молекулаларының электролиттік иондарына қарай бағытталуы
электролиттік иондардың су молекулаларымен гидраттануы;
электролиттің иондарға диссоциациялануы (ыдырауы).
су молекулаларының арасында таралады
су молекулаларының электролиттік иондарына қарай бағытталмауы
Ле Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе- теңдіктің ығысу жағдайлары.
Химиялық тепе-теңдік күйдегі реакцияның жүру жағдайларын өзгерткенде өнімнің шығымы артса,онда тепе теңдік оңға қарай,ал кемісе солға қарай ығысты деп есептеледі.Көптеген зерттеулер химиялық тепе- теңдіктің ығысуы Ле Шателье-Браун принципі деп аталатын ережеге бағынатынын дәлелдеді.
Химиялық тепе-теңдік реакцияның жүру жағдайларының (температура, концентрация, қысым) біреуін өзгертетін болса, тепе-теңдік сол свртқы әсерді әлсірететін реакцияның жүру бағытына қарай ығысады.Тепе-теңдік күйдегі реакцияда әрекеттесетін заттардың біреуінің концентрациясын арттыратын болса, тепе-теңдік өнім түзілетін жаққа қарай ығысады.
Қысымды арттырғанда тепе-теңдік газдардың зат мөлшері азаятын жағына, ал қысым төмендегенде газдардың зат мөлшері көбейетінжағына қарай ығысады. Газдардың зат мөлшері өзгермесе қысым тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді.
Температураны жоғарлату тепе-теңдікті эндотермиялық, ал төмендету экзотермиялық реакциялар бағытына ығыстырады. Өршіткі тура реакцияны да,кері реакцияны да жылдамдатады,с сондықтан тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді, тек тепе-теңдіктің жылдам орнығуын қамтамасыз етеді.
Температураны жоғарлату тепе-теңдікті ........., ал төмендету реакциялар
бағытына ығыстырады.
эндотермиялық, экзотермиялық
тек экзотермиялық C тек эндотермиялық
қысым, концентрация
температура, қысым
Тепе-теңдіктің ығысуын теориялық тұрғыда негізін қалаған ғалымдар
Э.Франкленд, А.Лавуазье
Ле-Шателе, Ф.Браун
Ж.Л.Пруст, Ф.браун
Д.И.Менделеев, Ле Шателье
М.В.Ломоносов, Ф.Браун
Химиялық тепе – теңдікке әсер ететін факторлар қатары.
концентрация,температура,қысым,көлем
концентрация,температура,қысым,өршіткі
көлем,температура,қысым,өршіткі
концентрация,аудан,қысым,өршіткі
жылдамдық,температура,қысым,өршіткі
N2+3H2=2NH3 тепе-теңдік өнім түзілу жағына қарай ығысуына қысымның әсері
қысым кемітеміз
қысымды арттырамыз
қысым әсер етпейді
қысым тұрақты
қысым орташа
Достарыңызбен бөлісу: |