Нұсқаулық : Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берініз Химиялық реакцияны тездететін, бірақ реакция нәтижесінде жұмсалмай қалатын заттар өршіткілер (катализаторлар) деп аталады. Өршіткі қатысында жүретін реакциялар катализдік реакциялар деп аталады.
Реакция жылдамдығына өршіткінң әсері катализ деп аталады. Катализ гомогенді және гетерогенді болады. Әрекеттесуші заттар мен өршіткі бір агрегаттық күйде болатын катализ-гомогенді катализ, ал әрекеттесуші заттар мен өршіткі әртүрлі агрегаттық күйде болатын катализ-гетерогенді катализ деп аталады. Химиялық реакцияның жылдамдығын баяулататын заттар тежегіштер (ингибиторлар) деп аталады.
Өршіткі қатысында жүретін реакциялар
А) гомогенді реакциялар В) гетерогенді реакциялар
С) катализдік емес реакциялар
D) катализдік реакциялар Е) тежегіштік реакциялар
Реакцияны тездететін, бірақ реакция нәтижесінде жұмсалмай қалатын заттар
өршіткілер
тежегіштер
ингибиторлар
катализдік реакциялар Е) тежегіштік реакциялар
Әрекеттесуші заттар мен өршіткі бір агрегаттық күйде болатын катализ А) гомогенді емес катализ
В) гомогенді катализ С) гетерогенді катализ
D) гетерогенді емес катализ Е) тежегішті
тежегіштер
реакцияның жылдамдығын арттыратын заттар
реакцияның жылдамдығын баяулататын заттар
реакцияның жылдамдығына оң әсер ететін заттар
реакцияның жылдамдығы өзгермейді
реакцияның жылдамдығын орташа баяулататын заттар
Кремний.
Кремний – жер қыртысының негізі. Кремнийдің латынша атауы- силициум, шақпақтас деген сөзінен шыққан. 1824 жылы Швед химигі И.Я.Берцелиус ашқан. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кремний 3-периодта, IV топтың негізгі топшасында
орналасқан. Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p2 Кремний табиғатта таралуы бойынша оттектен кейінгі екінші орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі-27,6%. Бос күйінде кездеспейді. Кремний қосылыстары кремнезем SiO2 және түрлі силикаттар түрінде кең таралған. Аллотропиялық түр өзгерісі : аморфты және кристалдық кремний. . Аса таза кремний күн фотоэлементтерін даярлауда қолданылады. Күн батареясы космос корабльдерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Кремний шала өткізгіштер – диодтар,триодтар және радиотехникада – қабылдағыш үдеткіштер даярлауда ,әртүрлі приборлар жасауға қолданылады.
Кремнийдің электрондық формуласын көрсетіңіз А) 1s2 2s2 2p6 3s2 3p2