Байтуова Турсынай Толегетаевна «Қ.Сәтбаев атындағы № 61 орта мектеп» КММ химия пәні мұғалімі педагог-зерттеуші.
Нұр-Сұлтан, 2022 - 67 бет
Аңдатпа
Тест жинағы негізгі тақырыптың сипатын, мәселесін, жұмыстың мақсаты мен нәтижесін қамтиды.
Бұл тест жинағы ең алдымен педагогтерге және оқушыларға әдістемелік көмек құралы болып табылады, «оқушылардың оқу жетістігін бағалау» үшін тестке дайындалуға көмекші құрал. Тест жинағының орташа көлемі – 70 бет.
«Білім алушылардың білім жетісітігін бағалау» 9 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал. Негізгі оқу мазмұны 7-8-9 сыныпта меңгеретін бөлімдермен тығыз байланысты. Тестер жинағында берілген тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген.
Білім беруді жаңғырту орталығының жаңа үлгідегі тестер жинағында берілген. Тест жинағы таңдау пәндеріне қарай біріктіріліп жаңа форматта жасалған. Жинақта химия пәні бойынша тест сұрақтары құрастырылған. Тест жинағында химия пәні бойынша 1 нұсқада 2 контекст 8 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары қарастырылған.
Тест жинағы оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізуге арналған.