Мақсаты: білім алушылардың білім сапасын негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес бағалау.
Міндеті: оқушылардың білім берудегі келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру деңгейлерін бағалау.
Күтілетін нәтиже:ББЖМ нәтижелері бойынша талдау және сапалық сараптама жүргізу, олқылықтарды жою мақсатында білім алушылармен диагностикалық жұмыс жүргізу.
Мәнмәтінге негізделген тапсырмаларды құрастыру кезінде спецификацияны басшылыққа ала отырып, химия пәнінен 8-9 сыныптар бойынша 60 тақырып, қамтылды.
Мәнмәтіндегі негізделген тапсырмалары: М.Қ. Оспанов, Қ.С. Аухадиева, Т.Г. Белоусова, Алматы «Мектеп» 2019ж баспа оқулығы бойынша химия 8 сынып, химия 9 сынып 1-2 бөлім басшылыққа ала отырып құрастырылды.
Xимия І нұсқа
Атомда электрондардың таралуы Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларғадұрыс жауап берініз Атомның ядро заряды қанша болса, ондағы электрондар саны да сонша болады.Осы электрондардың барлығы ядроға бірдей күшпен тартылмай- ды.Олар өздерінің энергия қорының шамасына қарай ядродан әр түрлі қашықтықта орналасады. Энергия қорлары шамалас электрондар ядродан бірдей қашықтықта орналасады. Осы деңгейлерді энергетикалық деңгейлер деп атайды. Ол – N әрпімен белгіленеді, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сан мәндерін қабылдайды. N-нің мәні элементтің орналасқан периодының нөмірімен анықталады. Әрбір энергетикалық деңгейдегі электрондар саны: N= 2n2 формуласымен анықталады. N- электрондар саны, n -энергетикалық деңгейлер. Электрон ядроны белгілі бір қашықтықта айналып жүру мүмкіндігі ең жоғары кеңістіктің бөлігі орбиталь-электрондық бұлт , ал электронның өз білігінен айналуын спин деп атайды.
Берілген суретте валенттілік электрондары 1s22s22p63s1 болатын элементті анықтаңыз
А) Li
В) B
С) K
D) Na Е) Rb
Атомда орналасқан элементтің протон, нейтрон, электрон санын анықтап, ядро зарядын өрнектеңіз: 31
15 P А) +15 Р (+15р, 16n) -15e
B) +15 Р (+15р, 16n) 15e
C) 15 Р (+15р, 16n) -15e
D) +15 Р (15р, 16n)-15e
E) 15 Р (+15р, 16n)-15e