Жалпы химия хм5 – 01, – курc



Дата24.04.2022
өлшемі20,93 Kb.
#140718
Байланысты:
file-8570
лекц ФР, лекц ФР, сор2 4сынып қазақ тілі

Экзамен сұрақтары 2022


Жалпы химия ХМ5 – 101, 1 – курc

1. Активтендіру энергиясы дегеніміз не?


2. Атомдық электрондық орбиталь (АО) деген не?
3. Квант сандары және олардың сипаттамалары.
4. Хунда ережесін, Паули принципін, Клечковский ережелерін түсіндіріңіздер.
5. Иондану энергиясы, оның мәні период бойынша және топ бойынша қалай өзгереді?
6. Радиоактивтілік деген не?
7. Атом ядросы 12 протон және 12 нейтроннан тұрады, элементтің атомдық массасын, реттік номерін, валенттік электрондар санын анықтаңдар.
8. Реттік номері 23 және 35 атомдардың электрондық деңгейлерінің санын анықта.
9. Бас квант саны 3-ке тең электрондық қабатындағы электрондар саны нешеге тең?
10. Қосымша(орбиталь) квант саны 2,3-ке тең болғандағы деңгейлердегі магнит квант санының неше мәні болады?
11. Мыс атомының қозбаған жағдайдағы d-электрондарының қосынды санын көрсету керек.
12. Неліктен көптеген элементтер атомдық массалары бөлшек мәндерге ие болады?
13. Жаңа көзқарас бойынша периодтық жүйедегі аргон және кобальт элементтерінің орналасуын қалай түсіндіруге болады?
14. Азот атомының электрондарының қосынды спині нешеге тең?
15. Заттың эквиваленті, эквивалент массасы деген не?
16. Күрделі заттардың (қышқылдардың, негіздердің, тұздардың) эквиваленті, эквивалент массасы қалай анықталады?
17. Тотықтырғыштардың, тотықсыздандырғыштардың эквиваленті, эквивалент массасы қалай анықталады?
18. Газдардың негізгі заңдарының анықтамасы
19. Парциалды қысым деген не?
20. Термохимияның негізгі заңы;
21.Гиббс энергиясы және химиялық реакциялар бағыты;
22.Гомогенді және гетерогенді жүйелер;
23.Термодинамиканың 1-ші және 2-ші бастамаларын түсіндіру;
24.H және S таңбалары белгілі болса, температураны көтергенде G мәні қалай өзгереді?
25. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар.
26.Жылдамдық константасы деген термин мағынасын түсіндіріңіздер.
27.Активтендіру энергиясының мағынасын түсіндіріңіздер.
28.Химиялық реакциялардың жылдамдығына катализатор әсері.
29.Берілген жылдамдық теңдеуі бойынша жылдамдық константасын есептеңіз.
30. Гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін тепе-теңдік константасының теңдеуі;
31.Реакцияның жылу эффектісі мен тепе-теңдік константасының температураға тәуелділік байланысын көрсету керек;
32.Ле-Шателье принципін тепе-теңдіктегі жүйеге қолдану;
33.Гетерогенді тепе-теңдік деген ұғымды түсіндіру;
34.Гомогенді тепе-теңдік деген ұғымды түсіндіру.
35. Химиялық тепе-теңдік деген не және ол қандай факторларға тәуелді?
36.Тепе-теңдік константасы деген не және ол қандай шамаларға тәуелді?
37.Неге реакция жылдамдығын, тепе-теңдік константасын есептейтін формулаларға қатты заттың концентрациясы кірмейді?
38.Әр химиялық тепе-теңдік қандай параметрлермен сипатталады? Бір параметрдің өзгерісі қандай өзгерістерге әкеледі?
39. Қаныққан, қанықпаған ерітінділер деген не?
40.Ерітінділер концентрацияларының түрлері;
41.Ерігіштік коэффициентінің мәні;
42.Ерігіштік қисығы арқылы қандай жағдайлар анықталады?
43. Ерітіндінің осмос қысымы деген не?
44.Изотонды, гипертонды, гипотонды ерітінділер деген не?
45.Ерітіндінің қаныққан буының қысымының төмендеуі қандай жағдайларға байланысты?
46.Вант-Гофф және Рауль заңдарының қолданылуы.
47.Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері деген не?
48. Электролиттер деген не?
49.Электролиттердің диссоциация дәрежесі мен константаларына анықтама беріп, олардың өзара байланысын көрсетіңіздер.
50.Электролиттер мен бейэлектролиттер айырмашылығы?
51.Изотонды коэффициенттің мағынасын түсіндіріңіздер.
52.С. Аррениус ұсынған электролиттік диссоциация теориясы негізі.
53. Ерітіндінің иондық күші деген не, ол актив коэффициентімен қалай байланысқан?
54.Активтілік деген ұғымды түсіндіріңіздер.
55.Электролиттерді күшті және әлсіз деп қандай қасиеттері бойынша бөледі?
56.Қандай электролиттер сатылы диссоцияцияға түседі?
57. Сутектік көрсеткіш, сутектік көрсеткіштің (рН) ерітіндінің табиғатына байланысты өзгеруін көрсету керек және оның мәніне әсер ететін факторлар.
58.Ерігіштік көбейтіндісі деген не және ол нені сипаттайды?
59. «Индикатор» ұғымының физикалық мағынасы не?
60.Заттың суда ерігіштігіне әсер ететін факторлар.
61. «Судың иондық көбейтіндісі» ұғымының физикалық мағынасы не?
62. Гидролиз процесі деген не?
63.Гидролиз константасы және дәрежесі қалай есептеледі?
64.Қандай тұздар гидролизге ұшырайды?
65.Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторлар.
66.Реакция қай уақытта аяғына дейін жүреді?
67.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының басқа химиялық реакциялардан айырмашылығын көрсетіңіздер.
68.Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, тотықсыздану, тотығу деген ұғымдарға анықтама беріңіздер.
69.Қосылыстың формуласынан элементтің тотығу дәрежесін анықтау және тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру әдістері.
70.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жіктелуі.
71.Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың эквиваленттері, эквивалент массалары қалай анықталады?
72. Электродтық потенциалдардың мәні, қолданылуы.
73.Бекетовтың кернеу қатары нені көрсетеді?
74.Гальваникалық элемент деген не? Мысалдар келтіріңіздер.
75.Редокс-потенциал мәніне әсер ететін факторлар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет