52
Қайтымды реакциялар
Химиялық реакциялар жүру бағытына қарай
қайтымды және қайтымсыз
реакциялар болып бөлінеді. Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары
теңескен жүйе күйі химиялық тепе – теңдік деп аталады.
Химиялық тепе -
теңдіктегі реакцияның жүру жағдайларының (температура, концентрация, қысым)
біреуін өзгертетін болса, тепе- теңдік сол сыртқы әсерді
әлсірететін реакцияның
жүру бағытына қарай ығысады. Ле Шателье ˗ Браун принципіне бағынатыны
дәлелденді. Берілген температурада бір мезгілде өнім түзілу жағына да,бастапқы
зат түзілу жағына да, яғни қарама ˗ қарсы бағытта жүретін
реакция қайтымды
реакция деп аталады. Қайтымды процестерде бастапқы уақытта тура реакцияның
жылдамдығы жоғары, ал кері реакцияның жылдамдығы төмен болады. Реакция
барысында реагенттердің концентрациясы азайып, өнімнің концентрациясы өседі,
нәтижесінде кері реакцияның жылдамдығы артады.
5.
Арасында қайтымсыз реакция жүретін заттар:
A)
сутек пен оттек
B)
азот (ІІ) оксиді және оттек
C)
күкірт (ІV) оксиді және оттек
D)
көміртек (ІІ) оксиді және оттек
E)
магний мен оттек
6.
Қысымды азайтқанда газ молекулаларынан тұратын жүйенің тепе-теңдігі
A)
Жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады
B)
Әрекеттесуші заттар реакциясы жағына ығысады
C)
Түзілген заттар реакциясы жағына ығысады
D)
Газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады
E)
Газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады
7.
Егер температура мен қысымды бір мезгілде арттырса, реакция тепе-теңдігі оң
жаққа ығысуы болатын реакция
A) 2N
2
+ O
2
⇄
2N
2
O - Q
B) 2NO + O
2
⇄
2NO
2
+Q
C) 2H
2
O
⇄
2H
2
+ O
2
- Q
D)
Fe + C
⇄
Fe + CO - Q
E)
2CO + O
2
⇄
2CO
2
+ Q
8.
Берілген жүйеде2CO + O
2
⇄
2CO
2
+ Q қысымды арттыру, температураны
төмендету, оттектің концентрациясын арттыру тепе-теңдікті:
A)
ығыстырмайды.
B)
солға ығыстырады.
C)
оңға ығыстырады.
D)
оттек түзілетін бағытқа ығыстырады.
E)
СО түзілетін бағытқа ығыстырады.