Жаңа сабаққа бағыттау:
Мұғалім:Күнделікті қолданылатын “өркениет” сөзі 10 000 жыл бұрын біздің ата-бабаларымыз жабайы өсімдіктерді азық ретінде тиімді қолдана бастаған кезде пайда болған. Бұл үрдіс Месопотамияда басталған. Көшпелі аңшылар жабайы өсімдіктердің азыққа қолдануға болатын жемістерін тек кей-кездерде ғана теріп алудан басқа, оларды өз қолымен өсіріп, өнім алуға болатынын байқаған.
Археологиялық қазба деректерінде ежелгі қыш тақтада астықпен төленген салықтың есептеулері табылған екен.
Мұғалім:
"Қанға сіңген жасынан
Адамдардың асы – Нан!
Әрбірі -құт, құдірет
Тағамның да түрі көп.
Қанша құнды десек те
Наннан асқан бірі жоқ!
Наннан тағам аспайды,
Нан бәрін де бастайды!
Нан, балалар, киелі
Нандыхалықсүйеді.
Қастерлегенадамға
Шапағатытиеді..."
Оқушыларға жаңа сабаққа кіріспе сұрақ қойылады:
Мұғалім: Қай өсімдіктің тұқымын ең ежелгі нанды жасауға қолданған деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Бидай.
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын, сабақ түрін, мақсатын айтады.
Жаңа тақырыпты меңгеру
Мұғалім:Астық тұқымдас-тары гүлді өсімдіктердің ішінде ерекше орын алады. Олардың маңызы тек құнды азық ретінде ғана емес, сондай-ақ шалғындық, дала, саванна, прерийлер мен пампастарды құраушы эдификаторлы түрлер болуында. Астық тұқымдастарының 10 000 жуық түрі бар. Қазақстанда 418 түрі өседі.
Мұғалім: Енді астық тұқымдастарына тән тіршілік формаларының түрлерін қарастырайық:
Достарыңызбен бөлісу: |