Мұғалім: Астық тұқымдастарына тән құрылыс ерекшеліктеріне тоқаталамыз:
1. Тамыр
Тамыр жүйесі – шашақ. Тұқымның өнуі кезінде 1-7-ге дейін алғашқы тамыр жүйесін құрайтын қосалқы тамырлар пайда болады. Бірнеше күннен соң, өсімдіктің тамыр жүйесін құраушы екіншілік қосалқы тамырлар дамиды.
(Тұқымның өсуі тұралы видео ұсынылады)
Мұғалім:Мына суретте көрсетілген тамырға қарап, олардағы түктердің қандай қызмет атқаратынын есіңе түсір?
2. Жапырақ
Астық тұқымдастарының жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді. Тек австралиялық микрайра туысында (Micraira) жапырақтары спиральды орналасады.
Жапырақтары әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген және астық тұқымдастарына жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі - жапырақ қынабының болуы тән.
3. Сабақ
Астық тұқымдастарының сабағы бунақталған цилиндр тәрізді сабансабақ деп аталады. Бунақтар аралығы - қуыс, кейбіреулерінде іші борпылдақ паренхимаға толы болады.
Сабақтың әрбір буын аралығының түбінде орналасқан жасушалардың бөлінуі нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма (вставочный) меристемалар арқылы өсу деп атайды.
4. Гүл.Астық тұқымдастарының гүлдері желмен тозаңдануға бейімделген болып келеді. Олар ұсақ, көріксіз, көпшілік жағдайда жасыл түсті. Гүл 2 гүл қабыршағы, 2 гүл жамылғысы (лодикула), 3 немесе 6 (кейде 2) аталықтан және 1 аналықтан тұрады. Аталық жіпшелері ұшына емес, ортасына бекиді. Сол арқылы тозаңның жел әсерінен тербеліп, тарауға мүмкіндік туады.
Аналығында сыртын қалың түктер қаптаған отырмалы аузы болады.
Жеміс жапырақшасы – 3. Тозаң түйіршіктері тегіс, құрғақ қабықшамен қапталған.
Гүл түйіні жоғары, бір ғана тұқым бүрі болады.
Гүл формуласы:
↑Гж2 A3 Ж (3)
Гүлшоғыры
Астық тұқымдастарының гүлшоғырлары: күрделі масақ, сыпыртқыгүл, собық және шашақ.
Мұғалім:Төменде берілген суреттен аталған гүлшоғырларын тап.
5. Тұқым
Астық тұқымдастарының тұқымының сыртын жұқа жарғақ қабат жауып тұрады. Оны тұқымнан ажырату қиын. Ол тұқым қауызымен бірігіп кеткен жемісқап. Дәнектің көп бөлігін эндосперм алып жатыр
Зертханалық жұмыс № 28
Тұқым құрамындағы крахмал және нәруызды анықтау.
Құрал-жабдықтар: ұн, химиялық стақандағы су, дәке қиығы, иод ерітіндісі, су және крахмалы бар стақан, пипетка.
Жұмыс барысы:
Бидай ұнына су қосып, қамыр илеу.
Илеген қамырды дәкеге орап, стақандағы суға жуу. Стақандағы суда болған өзгерісті жазу.
Су және крахмалы бар стақанға 1-2 тамшы иод ерітіндісін тамызу. Стақанда болған өзгерісті жазу.
1-2 тамшы иод ерітіндісін дәкедегі қамырды жуған стақанға тамызу. Стақанда болған өзгерісті жазу. Бұл өзгерісті қалай түсіндіруге болады?
Қамыр оралған дәкені жазамыз. Дәкедегі созылмалы, жабысқақ масса – желімтек (клейковина) немесе өсімдік нәруызы.
Қорытынды жазу.
Зертханалық жұмыс нәтижесі:
Иленген қамырды стақандағы суға жуған кезде, судың ақ түске байқалды.
Крахмал қосылған суға иод ерітіндісін тамызған кезде оның көк түске боялғанын көрдік, ал қамыр жуылған суға иод ерітіндісін тамызған кезде ол да көк түске боялды, яғни бидай ұнының құрамында крахмалдың бар екенін дәлелдейді.
Қамыр оралған дәкені жазған кездегі жабысқақ масса – клейковина бидай тұқымында болатын нәруызды зат екені белгілі болды.
Қорытынды: Бидай ұнының құрамында органикалық заттар – нәруыз мен крахмал бар екені анықталды
№ 9 Сарамандық жұмыс «Астық тұқымдасы өкілдерінің экологиялық ролі мен шаруашылықтағы маңызы»
Мақсаты:
Оқушыларды астық тұқымдастарының жекелеген өкілдерімен таныстыра отырып, олардың халық шаруашы-лығындағы және экологиялық ролін анықтау.
1 тапсырма
Жекелеген өкілдерінің сыртқы құрылысы бойынша астық тұқымдастарына тән белгілерін анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар: кеппешөп, өскін. Ұлғайтқыш әйнек, препараттық ине және пышақ, пинцет.
Кеппешөптегі бидайдың тамыр жүйесін анықтап қараңдар. Қосжарнақты өсімдіктер класы өкілдерінің тамыр жүйесінен ол немен ерекшеленеді?
Бидайдың сабағын анықтап қараңдар. Бидай сабағының буынаралығы мен буынынан көлденең кесіңдер де кесінділерді анықтап қараңдар. Бұрынғы оқыған өсімдіктер сабағынан бидай сабағының қандай ерекшелігі бар? Мұндай сабақ қалай аталады?
Бидайдың гүлшоғырын қараңдар. Ол қалай аталады?
Пинцетпен жеке масақшаны бөліп алыңдар. Оны ұлғайтқыш әйнекпен анықтап көріңдер.
Масақшадан бидай гүлін бөліп алып, оны анықтап көріңдер. Гүлді жауып тұратын қабыршақтарды табыңдар. Олардың саны нешеу?
Бидайдың жемісін анықтап қараңдар. Ол қалай аталады?
Бағалау және үйге тапсырма:
Достарыңызбен бөлісу: |