Нұрбай Гүлім ПМНО 18-5
Сын есімдерді оқыту әдістемесі.
Жоспары : - Есімдікті оқыту.
- Дара және күрделі сын есімдерді .
- Сын есімдердің түрлерін: негізгі және туынды
Есімдікті оқыту- басқа сөз таптарын оқытудан гөрі күрделірек.
Өйткені есімдіктердің мағынасы өзге сөздермен сөзтаптарының
мағынасына қарағанда тым жалпы, абстракты болып келеді.
Есімдік затты, белгіні, санды атамай олардың орнына жүріп,
көрсету үшін қолданылатын сөз табы.Есімдіктен жан-жақты
терең білім беруде жаттығу жұмыстарына мынадай
методикалық талаптар ескеріледі. Жаттығу материалдарын
жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге қарай беру,
оқушылардың жас ерекшелігіне олардың ойлау қабілетін,
ой-өрісін жетілдіру, тілін байытаттындай дәрежеде,
тәрбиелік мәні бар жаттығуларды көбірек талдау,оқушылардың өздігінен жұмыс істеп, зерттеу жұмыстарына бағыт беретіндей мақсатта алынуы керек.
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Есімдікті оқыту
Жіктеу есімдігін оқытуда слайд арқылы түсіндіру тиімді.
1.Мен, сен, біздер- сөйлеушінің өзін білдіреді.
3. Ол, олар- бөгде адамды білдіреді.
2.Сен, сіз, сендер, сіздер- тыңдаушыны білдіреді.
Мысалы: Есімдіктер өте ерте кезде пайда болғандығын, мен, сен, біз, кім? Есімдіктері тарихи жағынан ме-н, се-н, бі-з,кі-м о-л бөлшектерінен тұрғандығын , бұлар қазіргі кезде бөлшектеп, талдап жатуды қажет етпейтінтүбір сөздерге айналғандығын айтып отыру.
Бұдан кейін оқушыға жіктеу есімдігіне жалғанатын жалғаулар, жіктеу есімдігінің тәуелденуі, септелуі, жіктелуіжөнінде алған білімдерін жаттығулар арқылы меңгертуіске асырылады.
Зат есімді есімдікпен алмастыра отырып қолдану мақсатында мына сөйлемдер ауызша орындаттырылады.
«Ыбырай- ірі ағартушы, зор саналы қоғам қайраткері»
m
«Абай-зор ойшыл, зор қоғамшыл, күресшіл ақын».
m
Яғни:- Ол- балалар әдебиетінің атасы.Біздер Абай өлеңін жатқа білеміз. . Сұрау есімдігін түсіндіру барысында «Диалог» ойынын ойнау өте әсерлі болады.Ойын екі немесе бірнеше оқушының оқыған кітаптарынан, көрген киноларынан,кездескен оқиғалары жөнінендиалогты әңгіме құрастырады да,соның ішінен сұрау есімдігін іздейді.Сұрау есімдігі құралған әңгімеде көп болса, сол оқушы жеңіп шығады. Бұндай жарысқа сыныптағы барлық оқушылар қатысады.
Сұрау есімдігін оқытқанда оны әдебиеттік оқумен тығыз байланысты қаралады.
Сын есім
күрделі
дара
Дара сын есім бір сөзден тұрады.Мысалы:Көк, қою, сары, қара, ала.
Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден тұрады. Мысалы: Ақ сары, көк ала, қара сұр, қызғылт сары, сары ала, көк ала, ақ боз.
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,
Серейтіп кеп тұрады.(Керік)
Сын есімдерді тауып,олардың дара, күрделі екенін дәлелде.
Күрделі сынның жасалу жолдары:
|
1.Сапа сындарының бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: қызыл ала,қоңыр күрең,қара сұр, қара көк , көк алат.б.
2.Сапалық сыны мен қатыстықсынның тіркесуі арқылы жасалады: қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар) , кең маңдайлы көк көйлекті(қыздар) т. б.
3.Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесіарқылы жасалады: түлкі тымақты (кісі), қос ішекті( домбыра), былғары етікті (жігіт), қасқыр ішікті(азамат) т б.
4.Қатыстық сын менқатыстық сынның тіркесі арқылыкүрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді (жігіт), толықша денелі(әйел), сәнді киімді(қыз), өткір көзді)жігіт), сапалы білімді(азамат) т. б.
5.Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-үлкен, жақсылы- жаманды, үлкен-кіші.
|
Тұлғалық жағынан сын есім
негізгі
туынды
2.Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Мысалы, 1. Көкпеңбек еріндері қимылдайды. 2. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. 3.Ақ, сары, қара, ала көк, ауыз жолды, көп балалы, жібек көйлекті.
- Негізгі сын есімдерге – түбір сын есім жатады. Түбір сын есмі жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып-ақ сындық мағына береді. Мысалы, көк,сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |