Нұргүл Оқашева Бір үйдің балаларындай



Дата27.12.2016
өлшемі32,5 Kb.
#6045
Нұргүл Оқашева
Бір үйдің балаларындай
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінде бүгінде шеттен келген 50 бала білім алуда. Олардың отыз бесі - Қытай Халық Республикасынан, он бесі - Моңғолия елінен ата-мекенге оқуға келген өрендер. Жуырда есімдері өңір жұртшылығына таныс мәдениет саласының қызметкерлері, өнер иелері қасиетті Қызылжар топырағына білім іздеп келген қазақ жастарымен кездесу өткізіп, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрысқан болатын. Шараға біз де қатысып, өрендердің көзқарастарына қанығып, пікірлерін тыңдадық. Өзге елде жүрсе де, халқымыздың ұлттық келбетін анықтайтын салт-дәстүрлерді, ырым-тыйымдарды сары-майдай сақтаған қазақтың қарапайым балаларының сауалдары да, ой-пікірлері де жүрекке жылы тиіп, көңілімізді бір мейірлендіргені жасырын емес.

Дайындық курсында білім алып жүрген жастардың қазақы дәстүрге берік екендігі сездерінен, әрбір іс-әрекеттерінен керініп тұрды. Өйткені, жігіттердің дені кабинетке кірген бойда "Ассалаумағалайкүм" деп амандасып жатты.

Кездесу барысында өрендердің орыс тілінен қиындық көріп жүргендері де сөз болды. "Қызылжардың тұрғындарының дені өмірдің барлық саласында орыс тілін жиі қолданады екен. Қазақ мектебінде білім алып, қазақша тәрбиеленген бізге бұл жағдай алғашында өте таңсық болды. Мұнда келгенімізге 5-6 ай уақыт өтсе дө, әлі тілді меңгере алмай жүрміз, - деген олар бұл жағдайдың әсерінен көп қиындықтарға, түсінбестіктерге тап болғандарын айтты. Бастарынан өткерген бірлі-жарым оқиғаларды баяндап та берді. Қажетті заттарын сатып алу үшін дүкендерді, сауда орындарын аралағанда сөмкелеріне қазақша-орысша сөздік кітаптарды салып жүретін жағдайлары болыпты. Бұл ретте балаларға дайындық белімінің мамандарының жасап отырған көмегі де зор екен. Олар оқушылар тұрып жатқан №2 жатақхананың, білім алып жүрген оқу ғимараттарының маңындағы дүкендерді, асханаларды, өзге де қоғамдық орындарды аралап, қызмет-керлерге орыс тілін түсінбейтін балалардың бар екендігін, олармен мейлінше қазақша тіл табысып, үнемі қолдау керсету қажеттігін ескертіпті.

Бізді таңдандырған тағы бір нәрсе - оқушылардың барлығы да шетінен өнерлі. Бірі ән салса, бірі күй шертеді. Енді бірінің өлең шығаруға, мақала жазуға, өз ойларын қағаз бетіне түсіруге икемдері бар. Аламан бәйгелерге, дүбірлі додаларға түспесе де, түрлі айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды еншілегендері де кездесті. Шара барысында олар өз өнерлерін паш ете білді. Мәселен, Мақсат Серіктің суырыпсалмалық өнері бар. Қытайдың Іле облысына қарасты Күніс ауданындағы Алмалы ауылында туған оған ақындық өнер қара сөзге де, қара өлеңге де қара жаяу болмаған ата-анасынан дарыған екен. Кездесуге қатысқандардың қолқа салуымен бірнеше тақырыпқа табан астында өлең шығару қабілетін танытқан ол наурыздың 22-ші жұлдызында Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өтетін аймақтық ақындар айтысына қатыспақ.

Бала күнінен қазақтың "Бес ғасыр жырлай-ды" кітабын, батырлық жырын жата-жастанып оқып өскен Қытайдан келген Шынар Әлімбайдың өлеңдері де, дауыс мәнері де өне бойымызды шымыр еткізді.

- Болашақта журналистика мамандығына оқуға түсіп, қаламы қарымды қаламгер болғым келеді. Ол үшін көп оқып, іздену қажет. Дайындық курсының тыңдаушысы бола жүріп, шығармашылық шыңдалуды да көздеп жүрмін, -дейді ол.

Кездесуде оқушы Бекболат Қосын орындаған ән өте әсерлі болды. Туған жерге деген ыстық сағынышты, іңкәрлікті жүрекке жылылық нәрін сепкен ырғақты әуенмен жеткізген ол аталмыш әннің мәтінін де, әнін де өзі жазыпты. Бір-бірінен асып жығылған сазгерлік, орындаушылық қабілетіне таң-тамаша болдық. Бұлардан өзге шырқалған әндер, оқылған өлеңдер, тартылған күйлер жастардың халықтың қайнаған қызу ортасында өсіп, жетілгендерін тағы бір мәрте аңғартқандай болды. Жоғарыда есімдері аталған өнерпаз өрендер университетте ғана емес, облысымызда орын алып жатқан әртүрлі іс-шараларға қатысып үлгеріпті.

Әңгімелесу барысында жастардың бойларындағы қазақ балаларына тән жақсы қасиеттерге куә болдық. Олар жайында сабақ беріп жүрген оқытушылары да бізге жан-жақты баяндап берді. Өрендердің уәдеге беріктігі, өтірік айтпайтындығы, шыншылдығы, мұқтаж адамға көмек қолын созуға құштарлық танытатындары, елгезектігі, тағы сол сияқты қасиеттері қазақ балаларының бітім-болмысын ашып тұр емеспе?



Дайындық курсында оқып жүрген 50 баланың армандары да, көздеген мақсаттары да алуан түрлі. Бірі - мұғалім, енді бірі білікті дәрігер болғысы келеді. Олардың ең басты ойлары - болашақтарын ата-бабаларының табаны тиген ортақ Отандары - Қазақстанмен байланыстыру.
// Солтүстік Қазақстан. - 2016. - 22 наурыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет