көнедегі араб дәстүрі бойынша сүт анасының қолына тапсырады. Әрі
Ибраһимнің сүт анасына құрма бақшасын сыйға тартады. Пайғамбарымыз
қауырт тірліктен қолы босаған уақытта Ибраһимді көру үшін сүт анасының
үйіне жиі баратын. Тағдырдың жазуы солай болған шығар, өкініштісі, баласы
Ибраһим 16- 18 айға толар-толмас шағында қайтыс болады. Бауыр еті
баласының дүниеден өткеніне іштей қайғырып, көз жасына ерік беріп
отырған Пайғамбарымызды (с.а.с.) көргенде, жанындағы Абдуррахман ибн
Ауф: «Сіз де жылайсыз ба, Аллаһтың елшісі?» – деп сұрағанда, балаға деген
мейіріммен қамығып жылағанын айтқан.
Ал қыздарының ең үлкені – Зейнеп. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 30 жасқа
толғанда Хадиша анамыздан туылды. Он жасында Хадиша анамызбен бірге
иман келтірген. Һижреттің сегізінші жылында 31 жасында дүние салады.
Екінші қызы Рұқия Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 33 жасында Хадиша
анамыздан туылған. Хазірет Османға күйеуге шығады. Бәдір соғысынан
кейін араға үш күн салып 22 жасында науқастанып бақилық болады.
Одан кейінгі қызы – Үммі Гүлсім. Хадиша анамыздың үшінші қызы.
Ұтба ибн Әбу Ләһабқа күйеуге шыққанымен, алғашқы неке түніне дейін
ажы- расып кетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Үммі Гүлсімді хазірет Османмен
(р.а.) некелестіреді. Сол үшін хазірет Осман «Қос нұрдың иесі» деп аталған.
Үммі Гүлсім Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі тірісінде һижреттің тоғызыншы
жылында қайтыс болды. Жаназа намазын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі
оқыды.
Одан кейінгі соңғы қызы – Хадиша анамыздан туылған Фатима
анамыз. Һижреттен 13 жыл бұрын Мекке шаһарында дүниеге келген. Фатима
анамыз 15 жасына толғанда 21 жастағы Алимен (р.а.) отау құрады. Бұлардан
Хасан, Хүсейін және Үммү Гүлсім мен Зейнеп атты балалары болған. Қызы
Зейнеп Абдуллаһ ибн Таййармен некелесіп, бұлардың Али, Үммү Гүлсім
атты балалары болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан алты айдан
кейін Фатима анамыз 24 жасында дүние салады.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкелік қасиеті туралы сөз қозғағанда өз
балаларымен қатар, сол отбасыға кіретін, Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
тәрбиесін алған қызметшілері мен олардың балалары ойға оралады. Атап
айтар болсақ, он жыл қызмет етіп «Хадиму нәби» (пайғамбар қызметшісі)
атанған Әнас (р.а.), «Хиббу расулуллаһ» (пайғамбар сүйіктісі) атанған Усама
және Усаманың әкесі Зәйд (р.а.) секілді бұлардың барлығын Пайғамбарымыз
(с.а.с.) бауырына басып, баласындай қараған.
Достарыңызбен бөлісу: