Жабир ибн Абдуллаһ риуаят етуде: «Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге
Нәжид жақтан соғыстан келе жатқанбыз. Жолда бір тоғайдың жанына барып
ат шалдырып, тынығып алмаққа тоқтадық. Әр жерге топ-топ күйде жата
кеттік. Ұйқыға бас қойғанымыз сол еді, кенет Пайғамбарымыздың бізді
шақырған даусын естіп өре түрегелдік. Енді байқадық, өзі бір мүшрікке
қылышын кезеп тұр. Соңынан білдік, әлгі мүшрік Пайғамбарымызды өлтіру
үшін аңдып жүрген екен. Ұйықтап жатқанын пайдаланып, ағашта ілініп
тұрған Пайғамбарымыздың қылышын алып жақындай түседі. Аллаһтың
елшісі оянып кеткенде,
қылышын ыңғайлап тұрған мүшрікті көреді.
Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарап миығынан күліп: «Енді сені кім құтқарады?»
– дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның қолындағы қылышына қарамай «Аллаһ!» –
дейді. Кәпірдің өті жарылып, қатты қорыққаны сонша – қолындағы
қылышын жерге түсіріп алады. Осы сәтте қылышты Аллаһ елшісі қолына
алады да: «Ал енді сені кім құтқарады? – деп сұрайды». Әлгі адамның зәре-
құты қашып, қалшылдап кетеді.
Жағдайды бағаласақ, өлтіруге барлық жағдай жасалған, бір ғана
қимылмен о дүниеге аттандыра салатындай көрінгенімен,
Достарыңызбен бөлісу: