Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Таурат пен Інжілде Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы айтылған ба?



Pdf көрінісі
бет16/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

14. Таурат пен Інжілде Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы айтылған ба? 
Аллаһ тағала соңғы пайғамбарды бүкіл адамзатқа жібергендіктен
бұрынғы елшілердің барлығы өз үмбеттерінің ақырғы нәбиге сеніп, қолдау 
көрсетулері жөнінде уәде алған.
Хазірет Али (р.а.) мен хазірет Ибн Аббастан (р.а.) осыған қатысты 
мынадай риуаят жеткен: «Мұхаммедке иман етіп, қолдау көрсетулері үшін 
Аллаһ тағала барлық пайғамбарлардан уәде алған. Сонымен қатар, олардың 
өз үмбеттерінен, егер ақырзаман нәбиін көруге ғұмыры жетсе, оған иман 
етіп, қолдау көрсетулері жөнінде де уәде алуларын әмір еткен. Жаратушы 
Иеміз хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) сипаттарын алдыңғы пайғамбарларға 
түсірген кітаптарда білдірген».
Яһуди мен христиандардың соңғы елшінің келетінін білгендері сенімді 
дереккөздерде анық көрсетілген. Таурат пен Інжілде түр-тұлғасын соқырға 
таяқ ұстатқандай етіп түсіндіріп берген, бірақ уақыт өте келе бұл кітаптар 
өрескел бұрмаланған. Алайда бүгіннің өзінде зерделей қарасақ, соңғы елшіге 
қатысты көптеген мәліметтерді кездестіреміз.
Хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) алдыңғы кітаптарда білдірілген сипаттары 
аударманың нәтижесінде көп өзгеріске ұшыраса, енді бірде қасақана 
бұрмаланған, бірақ сол діндердің ар-ұжданы таза ұстанушыларының 
арасында бүгіннің өзінде Таурат пен Інжілден адамзаттың асыл тәжі (с.а.с.) 


жайында нақты сілтемелер тауып, ақиқатқамойынсұныпжатқандарыда 
баршылық.
Яһудилердің хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) шынайы пайғамбар екендігін 
білгендігіне байланысты тарих ғалымдарының пікірі бір арнаға ойысады. 
Исламнан бұрын ұзақ уақыт бойы көрші қоныстанған мәдиналық арабтар 
мен яһудилердің арасында қақтығыстар жиі орын алатын. Айы оңынан тумай 
жеңілістің ащы дәмін татқан яһудилер сонда: «Біздің айтқандарымызды рас- 
тайтын бір пайғамбардың келетін уақыты таяу. Соны- мен бірлесіп бәріңді 
Ад пен Ирам қауымдары сияқты жоямыз», – дейді екен. Сонымен қоса, соңғы 
елшінің құрметі үшін Аллаһқа дұға етіп: «Уа, Жаратқан! Тауратта 
сипаттаған, ақырзаманда жіберетін пайғамбарыңмен бізге көмек бере гөр!» – 
дейтін, бірақ олардың көксеген мақсаттары, соңғы пайғамбардың өздерінен 
шығып, соның арқасында арабтарды жеңіп, әлемге билік құру еді. Ал хазірет 
Мұхаммед (с.а.с.) олардың дүниені билеуге деген құштарлықтарын 
қанағаттандырмай, ұлтшылдықты тоқтатып, Аллаһтың құзырында бар- ша 
адамзаттың тең дәрежеде екенін айтып, жөнсіз мақсаттарын күл-талқан етті 
және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) араб болуы да оларды іштей қызғандырып, 
оны мойындамау арқылы жауласты.
Төменде Таураттағы расулаллаһқа (с.а.с.) қатысты көп сілтемелердің 
бір-екеуін ғана ұсынуды жөн көрдік.
а. «...Аллаһ Ибраһимге былай деді: «Балаң мен күңіңді ойлап қайғырма. 
Сараның тілін ал, өйткені ұрпағың Ысқақтан тарайды. Күңіңнен туған ұлың 
Исмайылды да бір ұлт қыламын. Аллаһ сәбидің дауысын естіді. Періште 
Ажарға былай деді: «Еңсеңді түзе. Балаңдыжоғары көтер, оны іргелі ел 
етемін» («Тәкуин», 21/12, 13, 17, 18). «...Сара жәбір көрсетіп, ақырында Ажар 
қашып кетті. Жаратушының періштесі оны шөлдегі бұлақтың басынан тауып 
былай дейді: «Сенің ұрпағыңды көбейтемін. Көбейгені соншалық – санына 
жетіп болмайды» («Тәкуин», 16/6-10) 
Ибраһим (а.с.) Ажар мен Исмайылды Хижаздың шөл даласына тастап 
кеткен болатын. Аллаһ тағала оларға шөлден су шығарып, зәмзәм бұлағымен 
сусындандырды. Исмайыл ер жеткен соң әкесі Ибраһим келіп қасиетті 
Қағбаны тұрғызады. Міне, сол жер Мекке, кей деректерде Бекке аталып
Қағба қажылар тауап ететін қасиетті орынға айналды. Исмайылдың ұрпағы 
өсіп-өне берді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұлы міндетпен келуі – періштенің 
Ажарға берген уәдесінің орындалғаны. Ислам діні күн өткен сайын 
жайылып, замана ағысымен жаңара берді. Аллаһтың Тауратта айтқан 
ақиқаты жүзеге асты. Қазір де жыл өткен сайын мұсылман үмбетінің саны 
көбеюде.
ә. « Аллаһ адамзатқа Синада жақындады, Саир де байқалды, Фаран 
тауларында көрінді» («Тәсния», 33/2). Бұның түсініктемесі мынадай: 
Жаратушы Иенің Синада жақындауы – Сина тауында Мұса пайғамбарға (а.с.) 
Таураттың түскені, Саирде байқалғаны – Исаға (а.с.) Інжілді бергені. Фаран 
тауларында көрінуі – расулаллаһқа Құранды уахи етуі. Фаран – Мекке 
маңындағы таулардың көне замандағы атауы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
пайғамбарлығынан бұрын Хира үңгіріне жиі баратын. Міне, сол күндердің 


бірінде алғаш рет уахи түсті. Таурат осы ақиқатты тайға таңба басқандай етіп 
көрсеткен. Ал Жохан Інжілі өз кезегінде хазірет Исаның (а.с.) хауарилеріне 
былай дегенін айтады: « Егер маған деген көңілдерің шынайы болса, сөзімді 
жерге тастамаңдар. Раббым сендерге ақиқат рухы Фарақлитты жібереді. Ол 
үлкен рух иесі, сендермен бірге болады. Раббым оны менің 
есімімменжібереді. Ол сендерге бәрін де үйретеді, айтқанымды қайталайды. 
Келгенде бірден иман етсін деп қазір әдейі айтып отырмын. Жандарыңда көп 
бола алмаспын, өйткені әлемнің мырзасы келе жатыр » (Жохан, 14/15, 16, 26, 
29, 30).
Иса (а.с.) исрайылұлдарының қыңыр мінезін жақсы білгендіктен, соңғы 
пайғамбардың ерекшеліктерін осылайша жақсылап түсіндіруге тырысқан. 
Әсіресе, есімінің Фарақлит аталатынын айтқанын баса көрсету қажет. Бұл 
есімге үлкен зерттеу жасаған ғалым Абдулахад Дәуіт бұл сөздің «көп 
мақталған», «үлкен», «атақты» деген мағынаға саятынын, «Ахмет» деген 
есімнің синонимі екенін алға тартқан. Сонымен қатар, сипаттары Хамид, 
Хаммад, Муиз, Мухлис мағыналарына да тура келеді. Христиандар да бұл 
сөзді «мақталған», «құтқарушы» мағынасында қолданады. Түйініне тоқтасақ, 
қараңғылықтың қақпасын Құранның кілтімен ашқан Мұхаммедке (с.а.с.) 
лайық сөз екені даусыз. Сондай-ақ Хазірет Мәсіхтен кейін Мұхаммед 
Мұстафадан (с.а.с.) басқа ешқандай пайғамбар келмегеніне қарап, жоғарыда 
айтылған « Жандарыңда көп бола алмаспын, өйткені әлемнің мырзасы келе 
жатыр» де ген сөзден, барша адамзатқа пайғамбар болып келетін Мұхаммед 
пайғамбарды (с.а.с.) айтып, сүйіншілеп кеткенін түсінеміз.
Иса (а.с.): «Біз ақиқатты айтамыз. Фарақлит келуі үшін мен кетемін. Ол 
бүкіл әлемді тура жолға тәрбиелеп, қараңғылықтың тамырына балта шабады. 
Ақиқат рухы тура жолды нұсқайды. Өз жанынан ештеңе қоспай тек 
Аллаһтың әмірін айтады...» (Жохан, 16/7-13).
Хазірет Исаның сөздері түгелімен расқа шықты. Кітап иелеріне Исаның 
(а.с.) дар ағашқа таңылып өлмегенін және анасының пәк екенін айтты. Аллаһ 
елшісі (с.а.с.) күллі елшілердің ортақ ұстанымындай тәухидті түсіндіріп, 
Исаның айтқандарын қайталады. Үш құдайлық ұғымның шектен шыққан 
қате екенін ұғындырып, үмбетіне пайғамбарға сүйіспеншіліктің шариғаттық 
шеңберінен шығып кетпеуін қатаң ескертті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет