Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет35/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

Бұл өте күшті сиқыр
», – десті 67(Ахмед ибн Ханбал, 1/413.) .
Құранда бұл оқиғаның нақтылығын былайша баяндайды: «
Қиямет 
жақындады. Ай жарылды. Мұғжиза көрсе, дереу теріс айналып 
сиқыршы дейді. Нәпсілеріне еріп сенбейді. Істелген жамандық та, 
жақсылық та алдарына келеді...
»( «Қамар» сүресі, 1-5) .
Кейбір кісілер бұл оқиғаның Расулаллаһ (с.а.с.) заманында болмағанын, 
қияметте ғана орындалаты- нын айтқан, бірақ аятта айдың жарылғаны ап-
ашық « Ай жарылды » деп өткен шақтағы етістікпен айтылып тұр, сондықтан 
бұл оқиға Құранда да, сахих хадистер жинағында да, көнеден келе жатқан 
барша мұсылмандардың ортақ көзқарасында да бар.
Кейбіреулер: «Ай екіге бөлінсе, басқа жердегі тұрғындар да көріп, 
тарихи кітаптарда қалар еді ғой», – деп білгірсіді. Айдың жарылғандығына 
дәлел ретінде жоғарыда айтылған аят пен хадис жеткілікті, алайда сонымен 
бірге ақылға салып қарайтын болсақ мынадай айғақтар шығады:
1. Құран «Ай жарылды» дегенде, мүшріктердің ешқайсысы «Айдың 
жарылғанын» теріске шығармаған. Өмірбаяны жазылған кітаптарында 
ешкімнің бұған дау айтқаны кездеспейді. Егер ай жарылмағанда, оны 
болмаған деушілердің қатары артар еді.
2. Мұғжиза жұртты пайғамбарға еркінен тыс қинап сендіру үшін емес, 
иман етпегендердің көзін жеткізу үшін жасалады. Мұны табиғи бір құбылыс 
ретінде көрсету не болмаса елді мәжбүрлі түрде иманға шақыру, иләһи 
хикметке қайшы келмек, өйткені пайғамбар дағуаны иман еткендердің 
иманын арттыру үшін, кәпірлерге өзінің пайғамбар екенін дәлелдеу үшін 
ғана жасайды. Оларды еркінен айырып, ақылын тұмшалап, мәжбүрлеп 
сендіру үшін жасамайды. Егер Айдың бөлінуі дүниеге көрсетілуі мұрат 
етіліп, ұзақ уақыт бойы екіге бөлініп тұрғанда, көктің кезекті бір құбылысы 
саналып, жұрттың бәрін сендіруге мәжбүр етіп, адамдарды еркінен айырар 


еді. Ал иман ету кісінің дербес ықтиярына, қалауына байланысты. Кісі 
еркінен тыс иман етпейді. Иман етпесе де өзі үшін, иман етсе де өзі үшін.
3. Оның үстіне аталмыш мұғжиза күтпеген жерден, түн ішінде, 
көпшілік қауымның ұйқыға кеткен уақытында орын алған. 3. Бұл жерде 
айдың туып-батуын да ескеру керек. Бір жерде күндіз болғанда, бір жерде 
түн қараңғылығы орнайды. Ай бір жерде көрінсе, бір жерде көрінбейді. Кей 
жер ашық, кей жер бұлтты. Айдың бөлінгенінің көрінбеуіне сүйеніп, бұл 
мұғжиза орын алмады деу қисынға келмейді, сондықтан Ай жарылды, оған 
сенгендер пайғамбардың хақ екендігін растады, ал оған сенбегендердің 
ақиретте Аллаһ алдында айтар сылтауы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет