Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Хатшылық қызметін қай сахабалары атқарды?



Pdf көрінісі
бет45/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

38. Хатшылық қызметін қай сахабалары атқарды? 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузынан шыққан әрбір сөзді қалт жібермей 
жазып алатын сахабалардың саны қырыққа жуық еді.
Айша анамыздың (р.а.) риуаятында уахи келгенде Пайғамбарымыздың 
«Кәне, Усейім, жаз» дейтіні айтылған. Соған қарағанда хазірет Осман да 
(р.а.) Пайғамбарымыздың аузынан төгілген інжу-маржанды хатқа түсірген 
болса керек.


Келісімшарттарды хазірет Алиге (р.а.) жаздыратын. Мәселен, 
құрайышпен арадағы келісімшартты, мал- мүлікке қатысты жарлықтар, жеке 
тұлғаларға қатысты хат-хабарларды қағазға түсіріп отырды.
Үбәй ибн Кағыб(р.а.)Пайғамбарымыздың Мәдинаға келгенде жазуын 
алғаш жазған ансарлық. Сондай-ақ хат соңына «пәленшеұлы түгенше» деп 
атын қалдыруды да алғаш жүзеге асырған осы Ибн Кағыб еді. Мәдинада 
түскен уахилар да Үбәйдің қолынан жазылды. Ол жоқ кездері жазу ісін Зәйд 
ибн Сәбит (р.а.) мойнына алып отырған. Бұл істе өте шеберлік танытып
уахидан басқа да жазатын көп жұмыстарды үздік орындаған. Хазірет 
пайғамбар оған яһуди (еврей) тілін үйренуді тапсырады. Ибн Сәбит бұл тілді 
бес-ақ күнде меңгеріп алады. Кейінірек сириялықтардың тілін үйренуді 
тапсырады. Бұл жолы ол он жеті күнде үйреніп, ерекше қабілетін байқатады.
Абдуллаһ ибн Әркам (р.а.) – Пайғамбарымыздың нағашысы. Аллаһ 
елшісі әлдебір хат келген кезде «Кім мынаған жауап жазады?» – деп 
сұрайды. Сол кезде топ ішінде Әбу Бәкір мен Омарлардың отырғанына 
қарамастан Абдуллаһ: «Мен жазайын», – деп суырылып алға шығады. Аллаһ 
елшісі кейбір керек хаттарды сақтауды да соған сеніп тапсыратын.
«Бисмиллаһ»-ты алғаш жазған сахаба Халид ибн Саид есімді (р.а.) 
сахаба. Онымен қоса Халид ибн Уәлид (р.а.), Ұқба (р.а.), Талха ибн 
Ұбайдуллаһ (р.а.), Әбу Әюб Халид ибн әл-Ансари (р.а.), Әбу Суфиян ибн 
Харб (р.а.), Бұрайда ибн Хұсайб (р.а.), Зүбәйір ибн Ау- уам (р.а.) сынды 
сахабалар жазу-сызу ісінде қызмет еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет