асқан жауапкершілікпен қараған. Ал Айша анамызды ерекше жақсы көруіне
келсек, оны Аллаһтың жүрекке салған сезімі деп түсінеміз.
Ардақты елші (с.а.с.) Ұлы Рахманның құзырына аттанар алдында қатты
ауырып, төсек тартып жатып қалды. Күн
өткен сайын, дерті меңдеп, басы
ауырып, қатты қиналды. Осы қиын шақта да жарларына деген ыстық
ықыласы мен әдептілігінен жаңылған жоқ.
Әйелдерін кезекпен аралап
шығуға шамасы жоқтығын сезгенде бір бөлмеде қалуды жөн көріп, рұқсат
сұрады. Барлық жары бұл тілекті бірауыздан мақұлдады. Аллаһ
елшісі
ақырғы күндерін хазірет Айшаның (р.анһа) бөлмесінде өткізді (Ибн Сағыд,
Табақат, 2/231; Ибн Хишам, Сира, 4/298.) . Ең ауыр шақта да жарларының
құқықтарын құрметтеп, әрдайым ұлағатты әрекет етті.
Достарыңызбен бөлісу: