Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Балаларды қаншалықты жақсы көрген?



Pdf көрінісі
бет82/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

70. Балаларды қаншалықты жақсы көрген? 
Қаншама жыл жанында жүріп қызмет еткен Әнас ибн Мәлик (р.а.): 
«Отбасы мүшелеріне Пайғамбарымыздан (с.а.с.) артық мейірім көрсеткен 
жанды көрген емеспін», – дейді.
Ат тұяғы жетер жердің бәрін аузына қаратқан сүйікті Елші (с.а.с.) екі 
немересі Хасан (р.а.) мен Хүсейінді (р.а.) арқалап алып аулада серуендеп 
жүретін. Бірде осыны көрген хазірет Омар (р.а.) «Мінгендерің қандай 
керемет!» – дегенде, Пайғамбарымыз: «Олар тамаша мінушілер!» – деген еді. 
Екі бала ол кезде бұл сөздің астарын түсінетін жаста емес шығар, бірақ 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларды осылай тәрбиелеген. Басқа бір жолы 
немерелері мойнына асылғанда: «Астарыңдағы мінгендерің қандай жақсы
үстіндегі сендер де тамаша мінушілерсіңдер! » – деген еді.
Бала тәрбиесінде де орта жолды ұстанған. Балаларды жанындай жақсы 
көріп, сол махаббатын бүлдіршіндердің өздеріне сездіретін еді. Бұл 
махаббаттың да кері әсер етпеуіне мұқият мән беретін. Онсыз да 
балаларының арасында жамандыққа бара қоятын ешкім жоқ еді. Алда-жалда 
біреуі білместікпен қатежасап қойса, оларға дегенмахаббатыорындыескер- ту 
жасауына кедергі келтірмейтін. Мысалы, бір жолы, Хасан (р.а.) не Хүсейін 


(р.а.) екендігі белгісіз, кішкене күндерінде байқаусызда садақаға келген 
құрмаға қолын соза бергенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу оның қолын 
қағып: «Бізге садақа жеу харам», – деген еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
балалардың өзін райхан гүліне, ал иісін жаннаттың иісіне теңеген. 
Немерелерін жиі- жиі қасына шақырып, бауырына басып, маңдайынан 
иіскейтін. Тіпті кейде оларды құшақтап, сүйгеннен кейін: «Аллаһ тағалам, 
бұлардымен жақсы көремін, Сен де оларды жақсы көрші», – деп дұға ететін. 
Бөлмесіне ешкім кірмесін деген уақыттарда да немерелерінің кіруіне қарсы 
болмайтын. Тіпті мешітте жамағатпен намаз оқып жатқанда немерелері келіп 
үстіне шығып ойнайтын. Әбу Қатада: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні жиен 
немересі Умаманы иығына отырғызған күйде мешітке келді. Жамағатқа 
намаз оқытты. Рүкуғқа иілгенде қызды жерге түсіретін, сәждеден тұрған 
кезде қайтадан қолына алатын», – дейді.
Үмбетін тәрбиелеуде мейірімділікті арқау еткен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) 
балаларға деген сүйіспеншілігі үлгі аларлық еді. Бір хадисінде: 
«Балаларыңды көп сүйіңдер, себебі сүйген сайын жаннатта бір дәреже 
беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр 
сүйгендеріңді санап, жазып отырады», – деген.
Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) немересі Хасанды сүйіп жатқанда қасына 
келген Ақра ибн Хабис: «Менің он балам бар, ешқайсысын дәл бұлай сүйген 
емеспін», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз: « Мейірім танытпағанға Аллаһ 
тағала да мейірімділік танытпайды», – деп оның қаталдығын жақтырмаған 
сыңай танытады.
Бірде жұма күні құтба оқып жатыр еді. Хасан мен Хүсейін тәлтіректеп, 
бір құлап, бір тұрған күйі мешітке кірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөйлеп 
жатқан жерінен тоқтап, мінберден түсіп, екеуін көтеріп алып, мінберге қайта 
шығады. Екеуін алдына отырғызып: «Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет