құратын. Осы негізде әйелдері, діни үкімдерді үйреніп, кейінгі ұрпаққа
жеткізуге зор үлестерін қосты.
Құптан намазы. Құптан намазынан кейін аса маңызды іс туындамаса,
бос сөйлесуді жаны қаламайтын, намаздан кейін ұйқыға бас қоятын
(Ұйықтамас бұрын «Исра», «Зүмәр», «Хадид», «Хашр», «Саф», «Тәғабун»
және «Жұма» сынды сүрелерді оқитын. ) . Айша анамыз оның ұйқы алдында
дұға еткендігі жайлы былай дейді: «Аллаһ елшісі әр күні жатар алдында екі
қолын жайып, «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып қолына үрлейді де,
басынан бастап, денесінің қолы жететін барлық жерін сипайтын. Мұны үш
мәрте жасайтын» (Бұхари, Фадаилул-Құран 14) . Сонымен қатар, Али (р.а.)
былай дейді: «Аллаһ елшісі Фатима екеумізге мынаны өсиет етті: «Жатар
алдында 33 мәрте Аллаһу акбар, 33 мәрте субханаллаһ, 33 мәрте әл-хамду
лиллаһ» деңдер». Али (р.а.) сол күннен кейін мұны еш тәрк етпегендігін
айтқанда бір кісі: «Соғыс кезінде де тастамадың ба?» – деп сұрағанда, ол:
«Иә», – деп жауап береді (Мүслим, Зікір 80) .
Кешқұрым үйінен көп шықпайтын. Ілуде кештетіп шыққандығын мына
хадистен біле аламыз: Бір күні кешкісін Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір мен
Омарға барады. Әбу Бәкірдің өте бәсең дауыспен, ал Омардың зор дауыспен
Құран оқып жатқанын көреді. Таң атқанда екеуімен жолығып, Әбу Бәкірге
Құран оқығанда даусын біраз көтеруін, ал Омардың біраз даусын
төмендетуін айтады. Әбу Бәкірге дауыстап оқы деу арқылы оның даусын
айналасындағылар естісін, Аллаһтың жалғыздығын ұқсын, білсін дегендей.
Ал Омарға даусыңды біраз бәсеңдет деуі, айналасындағы намаз оқып тұрған
адамдарға кедергі келтірмесін, күндізгі тіршілігінен шаршап ұйықтап
жатқандарды мазаламасын дегендей ( Сахаренфури, Базлул-мажһуд, 7/89)
Ұйқыға жатқанда, әрдайым оң қырымен жатып, оң қолын жастанатын.
Анда-санда төсекте жатқаны болмаса, көбіне кепкен тері үстінде, қамыстан
жасалған төсеніште, топырақ үстінде ұйықтайтын.
Түнгі құлшылыққа ерекше мән беретін. Аяғы іскенге дейін намаз
оқитын. Тәһәжжүдте «Бақара», «Әли Имран», «Ниса» сияқты ұзын сүрелерді
оқушы еді.
Жатарда дәрет алатын суымен мисуағын бас жағына дайындап қойып,
оянғанда алдымен тісін тазалайтын.
Достарыңызбен бөлісу: