Нұрмұханов Бекай Жаббарұлы Ақмола облысы Ерейментау ауданы


Табиғат лирикасына арналған өлеңдерін оқу



бет2/2
Дата05.11.2016
өлшемі456,82 Kb.
#1083
1   2

Табиғат лирикасына арналған өлеңдерін оқу.

(Оқушыларға өлең мәтіндерін беру, мәнерлеп оқыту.)

Мұғалім: №9-10 слайдтар. М.Әуезов табиғат туралы өлеңдеріндегі Абайдың енгізген жаңалығын былай атап көрсеткен болатын:

  1. Табиғат көріністерін динамикалы түрде көрсетеді.

«Қыс» өлеңі. Абайға дейін қазақ поэзиясында қысты тірі жанды, бейнелі етіп сипаттаған ешкім жоқ. «Қылышын сүйретіп қыс келді» деген жалғыз метафора болмаса, қысты адам етіп, оның ішінде шал етіп суреттеген ешкім жоқ.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,


Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Жансыз дүниені жанды етіп суреттеу қалай аталады?

  1. Табиғат көріністері Абай заманымен үндесіп, сол кездегі халықтың жай-күйінен хабар береді. Адамның сезімін, іс-әрекетін табиғат ортасында береді.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін, 
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

  1. Абайға дейін тауды бейнелегенде «бұлғыр-бұлғыр тау», «асқар-асқар таулар» деп жалпылап қана айтылатын. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде тау бейнесі жаңаша берілген. Оның әрбір тасы, ой-қыры анық, дәл беріліп, тұтас оқиғаны көз алдымызға әкеледі.

Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға...

... Бүркітші тау басында, қағушы ойда,


Іздің бетін түзетіп аңдағанда.

Оқулықпен жұмыс.Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығы туралы оқулықтарыңда не жазылған екен? Оқу.114-бет. Абай – ұлы реформатор.

Мұғалім: Тақтадағы сөздердің мағынасын анықтап көрейік. (№11 слайд). Оқушылар берілген сөздердің мағынасын білгендерінше айтады. №12 слайдты ашып, жазғызу.

Сөздік жұмысы



  1. Малма - тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты-үстіне шығарып, араластыру

  2. Шуда жіп - түйенің шудасынан иірілген жіп. Оны әжелер ұршықпен иірген.

  3. Шомшы -түйемен жүк тасушы адам

  4. Күзеу - көшпелі халықтың күзде отыратын қонысы,жайылымы

  5. Ұшпа - жеке, шоқ бұлт

  6. Шидем - қойдың жабағысынан тігіп, сыртын матадан қаптаған киім

  7. Аяңшыл – ат

  8. Қансонар – жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі

  9. Ғанибет – қызық, тамаша

  10. Томаға – бүркіттің екі көзін жауып тұруы үшін кигізетін бас киімі

  11. Қырымнан – алыстан

  12. Қырық пышақпен қыржаңдап – тісін қайрап, айбат шегу.

  13. Қаса – өте сұлу

Өлеңдерін талдау.

  • Сыртқы талдау

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіне талдау жасау.

  1. Өлең неге «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп аталады?

Бұл өлеңнің тақырыбы – аңшылық. Қансонарда аңға шыққан аңшылардың іс –әрекеті, жер тағысы мен көк тағысының адам үшін күресі берілген.

  1. «Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы» деп ақын нені айтады? Жер тағысы – түлкі, көк тағысы – бүркіт.

  2. Осы өлеңнен ақынның аңшылыққа деген көзқарасың білуге бола ма? Қай жерінен көрінеді? Ақын аңшылыққа қызығушылықпен қарайды, аңшылыққа шыққанда ойда ешқандай арам ой болмайтынын айтады. Оның аңшылыққа деген көзқарасы мына өлең жолдарынан көрінеді:

Таудан жиде тергендей ала берсе,
Бір жасайсың құмарың әр қанғанда.
Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,
Аң болады кеңесің құс салғанда.
Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда.

Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын,


Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң.

  1. Өлеңде кездесетін «Үйірімен үш тоғыз» деген тілек сөздің мағынасын қалай түсінесің? «Үйірімен үш тоғыз» - бұл кәде түрі,ылғи олжалы бол деген мағынада айтылады.

  2. Өлеңде қандай лесика қолданылған? Өлеңде жалпылама лексика қолданылған.

«Күз» өлеңін талдау.

  1. Ақын күз көрінісін суреттеуде қандай айшықты суреттер қолданған?

Сұр бұлт, дымқыл тұман, жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 


Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

  1. Ауыл тұрмысы қалай көрсетілген? Өлеңде кедей ауылының тұрмысы берілген. Күзгі табиғат пен күзгі ауылдағы тіршілікті үйлестіре баяндайды. Мына өлең жолдарында кедей ауылының тұрмысы шынайылықпен берілген:

Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.

  1. Көшпелі ауылдың тіршілігіне деген ақын көзқарасы қай шумақта көрінеді?

Ауылдың итіне дейін дала кезіп кезіп, бесхзіп кетуі арқылы Абай көшпелі тіршілікке лағнетайтқандай болады. Оны мына өлең жолдарынын көруге болады:

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,


Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

  1. Күз мезгілін өзің қалай суреттер едің?

  2. Мына сөздің синонимдік қатарын жасап, сөйлем құра: шөп, от, көк

«Жаз» өлеңі бойынша талдау

  1. «Жаз» өлеңі ақынның қандай көңіл-күйінен хабар береді? Өз ойыңды дәлелде. «Жаз» өлеңінде ақынның көңіл—күйі жадыраңқы, жаңа қонған ауыл тіршілігіне сүйсініп қарайды. Ақын жайлаудағы ауыл өмірін суреттерде жарқын, ашық бояуларды қолданған.

  2. Өлеңді оқи отырып, Абай заманындағы ауыл бейнесін көз алдына қалай елестеттің?

Жаңа қонысқа қонған ауыл адамдарының көңілі жадыраңқы. Жайлауға келіп, мәре-сәре болып жатқан ауылды көрдім. Бұралып үй тігіп жатқан қыз-келіншектер, жаңа қонысқа көшіп, көңілі жайланған бай, кеңсіп қымыз ішіп отырған ауыл адамдары – бәрі көз алдыма көшпелі ауыл өмірін әкелді.

  1. Жаңа қонысқа көшкен ауыл адамдарының көңіл күйін олардың іс-әрекеті арқылы анықтауға болады ма?Дәлелде.

Өлеңде құлпырған көріністер мен шадыман көңіл күйі қызу да әсем іс-қимылдар арқылы берілген. Жылтылдап, бұлтылдап, сыңқылдап, бұрқылдап, аңқылдап, жарқылдап деген ұйқастардың өзінен –адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі екені көрінеді.


  1. Өлеңнің баяндауыштары қалай берілген? Баяндауыштары тиянақсыз түрде берілген, менің ойымша бұл кейіпкерлердің үнемі қозғалыста екендігінт көрсетеді.

«Қыс» өлеңі бойынша талдау.

  1. Ақын қысты қалай бейнелеген?

  2. Өлеңде халық тұрмысы қалай бейнеленген?

  3. Шартты түрде өлеңді нешеге бөлуге болады?

  4. Қыстағы жан-жануарлар бейнесі қалай берілген?

  5. Төмендегі үзіндіден сөйлемнің бірыңғай мүшелерін тап.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

  • Өлең құрылысына теориялық талдау.

Тақтада 2 оқушы «Күз» өлеңінің 1-шумағын және «Қыс» өлеңінің 1 шумағына талдау жасайды. Отырған оқушылар көмектеседі.

Сұр бұлт\ түсі суық \қаптайды аспан\,а

Күз болып,\ дымқыл тұман\ жерді басқан.\а

Білмеймін\тойғаны ма,\ тоңғаны ма,\б

Жылқы ойнап,\ бие қашқан,\ тай жарысқан.\а

  • Ақ киімді, \денелі, \ақ сақалды,\а
    Соқыр, \мылқау,\ танымас тірі жанды\а
    Үсті-басы \ақ қырау,\ түсі суық,\б
    Басқан жері\ сықырлап, \келіп қалды\а


6 шумақты, 24 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы

Мұғалім: Абайдың «өлең сөздің шебері» екеніне көз жеткіздік, енді ақынды басқа қырынан тануға тырысайық. Абайдың табиғат лирикасы тақырыбына жазған сырлы өлеңдерінің бірі – «Желсіз түнде жарық ай», бұл өлең Абайды сазгер ретінде танытқан өлеңдерінің бірі. Абайдың  «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға елестетеміз. Бұл өленде Абай нені айқын өрнектеп бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Желсіз тынық жылы түн. Айнала жым-жырт. Аспанда толықсып толған ай сәулесін шашып, бүкілдалаға нұрын төгіп тұр. Су бетіндегі айдың сәулесі өзен бетін көгілдір-сары  алтын түске бөлеп, діріл қағады. Ағаш жапырағы өздерімен-өздері сыбдырласып, түннің тыныштығына құлақ салғандай. Жер беті ерекше сұлулыққа бөленгендей. Осы әнді өзіміз айтып көрейікші

(№13слайд. «Желсіз түнде жарық ай»әнін айту).



Оқушыларға сұрақ. Абай өлеңдеріндегі табиғат көрінісін «заман табиғаты» деп айтуға болады. Ақын барлық өлеңдерінде табиғатты көшпенді халық тұрмысымен байланысты суреттеген. Ұлы ақын көңілі өз заманына толмайды, заман адамына қарап қапа болады. Бірақ табиғатқа қарап көңілі жай тауып, жадырағанын көреміз. Заман адамы бұзылғанмен, туған жердің бұзылмаған таза кәусар ауасын біз де жұтып, тас бұлақтың суын ішкендей боламыз. Қалай ойлайсыңдар, Ұлы ақынның көңілін қазіргі заман табиғаты, әсіресе туған жерінің табиғаты шабыттандыра алады ма? Өз ойларыңды дәлелдеп көріңдер. (№14 слайдтан табиғат суреті көрсетіледі)

Қорытынды: №5 слайдты ашу.

Сабақ басында Абай бейнесін жасаған болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда Абайдың жүрегінің бар жылуын халқына арнаған ақын екенін дәлелдей алдық па?

Ақынның табиғат лирикасына қандай анықтауыштарды қолданар едің? (Оқушылар жауабы)

№15 слайд. Тақтаға назар аудартып, қорытындылау.



Сабақты бағалау.

Үй тапсырмасы. Абайдың табиғат лирикасы. «Жаз» жаттау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет