Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет35/56
Дата22.05.2018
өлшемі6,79 Mb.
#40605
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56

С. Мұратбеков




. Жан шуағы


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=7578&Itemid=23&limit=1&limitstart

Кенет үй ішіндегі күңгір-күңгір сөз ойымды бөліп жіберді. Қамар жеңгейдің дауысы. Кіммен сөйлесіл отыр екен деп таң-тамаша болдым мен. Ақырын басып кеп ішке ендім. Ұйықтап жатыр деген Қамар жеңгейім ағаш төсек үстінде басын көтеріп отыр. Қолында әбден сарғайған, шет-шеті тозған күйеуінің суреті, соған қарап сөйлеп отыр. Қарсы алдында күйеуінің өзі отырғандай өкпе-назын айтып отыр.

-Мен бейбақты ғой, жападан-жалғыз тастап кеттің.Күт мені, келемін деп аттандың ғой. Келгенің қане.Сарғайып әлі отырмын. Жолыңа қарай-қарай екі көзім төрт болды, не өлі, не тірі деген хабарың жоқ...

    Қолы сәл дір-дір етті. Ендігі сөзді сурет айтып тұрғандай көрінді маған: "Қамықпа, жарым, күте түс әлі" деген тәрізді.Менің кіріп қарап тұрғанымды сезіп, Қамар жеңгей маған бұрылды.—Жақсы ағаңмен ұрсысып отырмын,- деді жасын іркіп.-- Ол кеткенде әлтек-тәлтек басып, тұрып- жығылып жүрген сен де міне, зіңгіттей азамат болдың. О, дүние-ай!.. Біз жаңадан үй боп, отау тіккен жылы сендермен көрші отырдық. Сен ол кезде екі жастағы былдырлаған сәби едің. Апаң сені емшектен шығарамын деп, біраз күнге біздің үйге әкеп тастаған. Мазалы жақсы бала едің, жылаған жоқсың. Тамаққа тойғызып қойсам болды, домалаңдап ойнай беретінсің. Менің күйеуім сені жақсы көруші еді. Сен оны "Жақсы аға" дейтінсің. Кешкісін жатарда сен екеуміздің ортамызға кіріп, тыпырлап жатып: "Жақсы ағам менікі" деп күйеуімді шөп-шөп сүйіп, мені төсектен қуушы едің...Соларыңды ұмытқан жоқсың ба? Жақсы ағаңды білесің бе?

-Айналайын, Қамар жеңгей, қызықсың ғой сен. Осы сұрақты шынымен-ақ ойланып қойып отырсың ба, маған.Әлде буынсыз жерден пышақ ұрып мені қинағың келе ме?

Несін жасырайын, жақсы ағам менің есімде жоқ. Тіпті қандай екенін көз алдыма келтіре де алмаймын. Көрмеген адамымды қалай елестетейін. Бірақ бұл үшін мен кінәлі емеспін ғой.Туғаннан ес білмегенім үшін сәбилігім кінәлі ғой. Екі жастағысын кім есінде сақтады екен?!Мен осы шындықты айтып сенің көңіліңе титтей де кірбің салғым келмейді. Мейлі, бұрыс болса да шынымды ішке бүгіп, өтірік айтуға мәжбүрмін. "Бәрі есімде, жеңеше, тап бүгіндей бәрі де көз алдымда, жақсы ағамды да ұмытқан жоқпын" деймін. Мүмкін, бұл өтірігімді өзің де сезетін шығарсың. Сонда да ішіңнен менің дәл осылай айтуымды тілеп тұрасың ғой. Өзің ұмытпайтын жанды басқа да ұмытпаса екен дейсің ғой...Өзім де ойға қалдым. Расында да қай уақыттан бастап маған ес кірді?! Иә, иә, ең әуелі қарнымның қатты ашқаны есімде. Дәл неше жаста екенімді, қай ай, қай күні екенін де білмеймін. Әкемнің қайда екенін де білмеймін. Күн суық. Далада жел соғып түрды. Аспан қап-қара бұлт еді. Мен терезенің алдына шығып, апамның жұмыстан оралуын зарыға күтіп отырдым. Біз үйелмелі-сүйелмелі бес ағайынды болатынбыз, апам үйге сыртымыздан бекітіп жауып кеткен.Ертеңгісін қалдырған азын-аулақ нанды таласа-тармаса жеп ап, қарнымыз ашып, шуласып отырғанбыз. Сонда мен терезеге бетімді басып жылағанымда бірінші рет ес кіріпті. Таршылық адамды тез есейте ме деймін. Өйткені мен сол күннен бастап өмірімнің әр кезеңін кинолентадай көз алдыма анық елестете аламын. Сөйтіп, жылап отырғанымда, Қамар жеңгей, сен келдің, есікті ашып үйге кірдің. "Жыламаңдар, балапандарым, апаларың қазір келеді" деп бізді жұбаттың.Біз қарнымыздың ашқанын айтып шуылдасып, онай әрмен жыладық. Жүріңдер деп сен бізді өз үйіңе ертіп апардың.Жарты таба нанды алып бізге бөліп бердің де, өзің біздің қомағайлана асаған түрімізге қарап әуелі күлдің, онан соң қабағың түйіліп, мұңайып отырып қалдың. "Балапандарым-ай, сендерді де шулатты-ау, соғыс деген қу пәле" дедің. Сол күні шай қайнатып, тұз салып, құр қара суды ішкенің де анық есімде, өйткені бар нанынды бізге беріп қойған едің.Біздің үйді жоқшылық тауқыметі жиі қысып тұрды. Анамыз байгұс ертелі-кеш колхоз жұмысында, далада жүреді.Тауып өкелген қос уыс кеусенін түнде қуырып, түйіп, ертеңгі күнге бізге талқан әзірлеп береді. Бірақ бес бірдей балаға ол не болсын. Міне, сол кезде сен бізді ылғи үйіңе ертіп апарушы едің. Өзің жемей аузыңнан жырып, бар наның мен талқаныңа бізді тойғызатынсың. Іш тартқан адамға бала тез үйір болады ғой. Біз сенің үйіңе де дәл өзіміздің үйіміздей еркін кіретінбіз. Мен көбіне сенің бауырыңда жатып ұйықтайтынмын. Сенің жұмыстан қалжырап, шаршап қайтқан кезің, я жайнаңдаған қуанышты шағың менің көз алдымда болушы едіСол жылы қыста сен алыстағы станцияға шанамен колхоздан астық тарттың. Бірде ат құлағы көрінбес алай-түлей боранда оралдың. Аяғында тар етік еді. Келген бойда тез шешпек болдың, бірақ мұз болып қатып қалған етік шешілмеді. Ақырында, апам алқымын пышақпен тіліп, әзер шешті. Сенің аяғың күптей боп, қаракөктеніп үсіп кетіпті.Сонда сен:

-        Шанам тоқтап қалатын болды-ау деп жыладың.Уақытша ат-шанаңды менің апам айдайтын болды да, біз бес бала сенің үйіңде қалдық. Енді сен аяғынды орап тастап, күні бойы және ұзақты түнге май шамның жарығымен әскерлерге жіберу үшін жүн қолғап, шұлықтар тоқыдың.Ұйықтамағандықтан көзің шелдене қызарып, ісіп кетті.Жасаурап тұратын болды. Сен сонда да қойған жоқсың, тоқи бердің.Бір күні почта таратушы қара домалақ қыз Ұмсынай үйге жүгіріп кіріп:

-  Сүйінші, Қамар, биле! - деген үш бұрышты хатты көрсетіп.Сен аяғыңды ораған көрпені жұлып тастап, еденге секіріп түстің де, тапырлап билей жөнелдің. Аяғыңды көрген Ұмсынай шошып кетіп:

-   Әзілдеймін, Қамар әзілім ғой. Мә, - деп хатты ұстата берген.Сен хатты қолыңа алған күйде ішек-сілең қатып, тоқтаусыз билей бердің. Аяғыңнан сауылдап қан ағып, еден үстіне ештеңеге ұқсамайтын белгісіз бір тұрпайы іздер түсіп жатты. Сен оны елең де қылған жоқсың. Хатты көкірегіңе басқан күйде қуана тапырақтап, билей бердің, билей бердің...Бұл жарыңның ең соңғы жазған хаты еді. Бірақ сен одан ылғи да хат күтумен болдың. Соғыс аяқталды. Ер-азаматтар біртіндеп елге қайта бастады. Сен енді оның өзін қай күні келіп қалар деп, елеңдей күттің.Майданға сенің күйеуіңмен бірге аттанған жырық ерін Балташ қайтқанда сенің қуанышыңда шек жоқ еді. Сен оның алдынан елден бұрын жүгіре шықтың. Сондағы Балташ сөзі де көңіліңе үлкен медеу болып еді. Оның айтуынша сенің де күйеуің қызу ұрыс кезінде азғана топпен жау қоршауында қалып қойыпты. Және тірі қалғаны анық көрінеді. Онан әрі партизандарға қосылды ма, әлде қолға түсті ме, ол жағы беймәлім деген. Тіпті, қолға түскен күнде де тірі қалуы әбден ықтимал деген-ді. Балташ саған сендіре айтқан. Мүмкін, Балташ сенің көңіліңді жасытпайын деген болар. Бірақ, жау қолында тұтқында болып, ауыр азаптарды бастан кешіріп, кейін де елге аман-сау келгендер де болды ғой. Сен де күйеуіңді солар сияқты бір күні күтпеген жерден келіп қалар деп тостың. Жылдар өтіп жатты. Тірілер әлдеқашан қайтып болды. Ал сен әлі де күтудесің.Тағы бірде сенің апаммен сөйлескен сөзіңді де естігем.Мазаң болмай ауырып жүргенінді айтқансың.

-   Турасын айтсам ренжіме, - деді апам.

-   Жоға, неге ренжиін.

-   Ендеше тілді алсаң күйеуге шық. Сен тірі адамсың ғой, өміріңді қор қылма.

-  Әй-әпке, осы ма бар айтқаныңыз, - деп, Қамар жеңгей, сен түйіліп қалғансың. Осыдан соң көп ұзамай малға күзетке кеттің...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет