Мұзтау
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8546&Itemid=23
|
Шелектеп жаңбыр жауды. Жалғыз қарағай шынарды паналап отырған үшеуміздің үсті-басымыз малмаңдай су. Аспан жарықтық өлген шалды жоқтады ма, ағыл-тегіл жылады-ай.
Төрт көз ит сонда да қабірдің басынан кетпеді. Күркіреген көкке қарап, ұзақ ұлыды.
- Қазір толастайды, өткінші ғой, - деді әкем жарғақ сулығын Қаршыға екеуміздің басымызға жауып. "Сонсоң мен сендерге Мұз тауын көрсетемін. Сұлушокының үстінде тұрып, Мұз тауын көрген адам лайым бақытты ғұмыр кешеді дейтін аңыз бар. Ал киелі тау кез-келген адамға кез-келген күні көріне бермек емес".
Мұз тауы - Алтай тауларының ең биік шыңы. Бала кезімнен бір рет көрсем деп көксеп жүрген едім.
Мұз тауы! Әлемдегі ең биік шындардың бірінен санала-сың, бірақ көзге көрінбейсің, көзге көрінбейтінің сенің аппақ сом бітімінді күндіз-түні шуда-шуда бұлттар тұмшалап жатады. Тек, айында-жылында бір рет қана үстіндегі шудаланған бұлтты сілкіп тастап, жарқ етіп дидарынды көрсетіп, сонсоң ақ отауға кіріп кеткен қас сұлудай көзден ғайып боласың. Көрген де арманда, көрмеген де арманда. Сондықтан да сені кәрген жұрт мәңгі бақытты өмір сүреді екен. Жүз жасаған ғұмырында жазған Сарқынды шал бірде-бір рет көре алмай-ақ арманда аттанған екен... мүмкін, мен іздеген қара қасқа құлын сенің тұманында адасып жүр ме, әлде кек сұр мұзыңа тайғанап елді ме?
Күн ашылды. Бұлттар кеше бастады. Жарқырап күн шықты. Ойдағы орман бусанып, буы бұрқыран жатыр. Дүние дүр сілкінген жасанган, жасарған, еңсені басқан ауыр жүктен арылғандай еркін тыныстайды.
- Анау аппақ болып шоғырланып, тарамай жатқан бұлтты көрдіндер ме? - деді әкем қамшысымен нұсқап. - Әне, сол бұлттың арасында Мұз тауы бар. Көз алмай қарап тұрыңдар, қазір сол бұлт қақ жарылады да, көкті тіреген шың керінеді. Қарандар, кірпік қақпай қарандар. қазір көрінеді, қазір анау бұлт қақ айрылады да, өне... өне... айрылды... өне... жарықтық Мұз тауы көрінді. Қарандар, қарақтарым!
Көзімнің алды көкпеңбек буалдыр сағымға төлды да, өлгі шоғыр-шоғыр бұлт баяу ғана екіге жарылды, сонсоң, бұрып-сонды көрмеген асқан сұлу шың қақтаған күмістей жалтырады-ай. Қандай керемет құбылыс! Қандай таңғажайып жұмбақты табиғат! Мен осы сөтте Мұз тауын ғана емес, сол таудың ұшпа басында күнге қарап кісінеп тұрған қара қасқа құлынымды да көрдім, тіпті шырқырай кісінеген үні де құлаққа келгендей болды... Аппақ бұлт қайта бүркеді де Мұз тауы ғайып болды...
- Әке! - дедім мен, - әке, мен қара қасқа құлынымды көрдім!
|
Достарыңызбен бөлісу: |