Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет236/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   292

Маңдайдан бағың шайқалса


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8549&Itemid=23
...қалаға қайтамын деп отырған күнгі кеште, ымыртшылап Шаған келді. Үсті-басы алба-жүлба. Жүзі отқа күйіп шыққандай күлгін тартқан. Арақ сіңіп кеткен өне бойынан ешкімге керексіздікті сездірер иіс шығады. Кісінің айналдырған он-ақ күнде осыншалық азып-тозарын бұдан бұрын неғып аңғармағанмын. Адамның адамдықтан кетуіне, иә, не бары бір ғана апта уақыт кетеді екен. Ол мені жеңімнен тартып жетелеп шықты да:
- Сен мен туралы неге жазбайсың? - деп, төбеден түскендей сауал қойды. - Жаман ағаңнан артық кейіпкер табамын деп жүрсің бе?.. Жо-жоқ, бауырым, менің өмірім Алтайдың жыныс орманы секілді, ішіне кірсең адасасың... Оны жасау, мен болу ешкімнің қолынан келмейді...
- Ешкімнің өмірін ешкім қайталай алмайды ғой, аға...
- Сен бұлтарма... жаз... ақшасын дауламаймын.
Еріксіз күліп жібердім. Шамданып қалды.
- Күлесің, ә... ішпей, дұрыс жолдан таймай, бір ізбен кіріп, бір ізбен шығатын тәртіпті де тәрбиелі сенің қай жерің артық айтшы маған. Менен бұрын сен өлесің... Кездесеміз әлі сол... жақта...
- Артықпын деп тұрмын дедім бе сізге, - іс насырға шаба бастады.
- Ендеше, кекіреймей мені кітапқа жаз.
Құтыла алмасымды білдім. Білегімнен тас қылып ұстап алған. Айрылар емес. Айлаға көше бастадым.
- Ой, ағасы-ай, мен сіз туралы әлдеқашан жазып жүрмін. Бірақ...
- Не бірақ?
- Аяқтай алмай жүрмін.
- Неге.
- Өзіңіз де білетін шығарсыз. Сіз секілді адамдарды, әсіресе, сотталғандарды жазу оңай-оспақ емес. Өте қиын тақырып. Ондай адамдар өмір жолын дұрыс бастағанмен -дұрыс аяқтай алмайды. Қателікті көп жібереді. Ал шығармада сол қалпында көшіре салмайды. Әлгі сіз сияқты азаматтар кітаптың соңында міндетті түрде түзелуі керек. Әйтпесе баспайды... Ал енді мен өзіңіз жөнінде жазып жатқан дүниемді, амал жоқ, бітіре алмадым.
- Неге?
- Негесі сол - сіз түзелген жоқсыз. Қайтадан ішіп кеттіңіз. Қалайша өтірік жазамын?
- Оның жөн екен-ей, - деді бойын тіктеп. - Ойлану керек екен.
- Ойланыңыз. - Ол жас балаша иланды.
Тәлтіректемей де, сүрінбей де қара жерді дүрс-дүрс басып, өз үйіне беттеді.
Мен Алматыға ұштым. Бір айдан соң ауылдан хат алдым. Шаған ішкенін қойыпты. Совхозда балташы болып жұмыс істеп жүр екен... Ораш келсе, қонаққа шақырам, азамат емеспін бе? - деп, бір тоқтысын семіртіп жатқан көрінеді.
Ал мен де ағайынның алдында өтірікші болмайын деп, осы әңгімені жаздым.


Начало формы




Конец формы


Начало формы
.



М. МАҚАТАЕВ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет