Мәңгүрт күндер
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1472&Itemid=23
Жақсы дедік,
Жабайы кез қалды ұлып.
Жылжи беру тек ілгері - заңдылық.
Есерсоқты есірткімен қамшылап,
Жіберуге жеңіл енді мал ғылып?!
Өлтіруге болады ерді бір оқпен,
Ия төбеден тарс еткізіп күрекпен!
Не болмаса,
Қылжиту да оп-оңай
Әндеріңді айырбастап р-рок-к-пен!
Ойлан! Ойлан!
Құр бекерге қағынба!
Өзіңе тән түйір қалмай қаныңда,
Діліңнен де,
Тіліңнен де жаңылып,
Еріп кете бересің бір табынға!
Көзің сатып шетел тіккен шалбарға,
Ләйлисің кеп төледе не албарда.
Кейбіреудің қорқатыны - ойлану,
Ойланарлық енді оларда хал бар ма?!
Бет пердесі - киіп алған бір шұлық.
Бұзық күндер,
Мәңгүрт күндер жүр шығып.
Ең алдымен олар ойды тонайды,
Өмір емес, ойсыз өмір -
Тіршілік!
Достарыңызбен бөлісу: |