Ақиқат пен өтірік - бөлек бесік
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1896&Itemid=23
... Ақиқат пен өтірік - бөлек бесік.
Ар-ожданға жүрсек те көмектесіп,
Ажыратып болмайсың ақ-қараны,
Адамдардың өмірге көп өкпесі
Ақиқат пен өтірік - бөлек бесік.
Ар-ожданға жүрсек те көмектесіп,
Ажыратып болмайсың ақ-қараны,
Адамдардың өмірге көп өкпесі.
Даулы сөздің көрдім де елеп көбін,
Дұрыс пенен бұрысты бөлектедім.
Қаншалықты күдікпен қарасам да,
Көңіліме қонады көбі өкпенің.
Болмағанмен дастанның тарауында,
Біраз-біраз қызықтар бар ауылда.
Қырмызы дипломмен
Дарынсыздың істейді қарауында.
Мұң айтады пікірлес,
Шерлестерім.
Мейманыңа біреулер бермес төрін.
Біреулер жүр лайық жұмыс таппай,
Біреу отыр жинап ап жерлестерін.
Ақиқатын айталық, күрмелмелік,
Арамдарға - үй емес - түрмең көрік.
Бес бөлмеде біреулер әйелімен,
Бес жаны бар үйде отыр бір бөлмелік.
Өлмей, тірі кетпейді шал бастығы.
Бір-бірімен өзара алмасты мұң...
Достарыңызбен бөлісу: |