МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Отбасы туралы
Ата- балаға сыншы,
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.
Есер баладан ерке бала жаман.
Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.
Бала – ананың бауыр еті.
Бала қадірін, балалы болғанда білерсің.
Талабы жоқ жас ұлың
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Бала- көңілдің гүлі, көздің нұры.
Талапты бала – талпынған құстай.
Құмары қанбас – аспанға ұшпай.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Қарға тамырды қазақпыз.
Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.
Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
Достарыңызбен бөлісу: |