Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет93/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   292
ӘНЕТ БАБА ӘҢГІМЕЛЕРІ
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас-жораларын ертіп, өзінің даналық, тапқырлық сөзімен мәлім Әнет бабаға сәлем беріп, кәрі құлақ қариядан тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, тағлым алады екен.
Бірде сол әдетімен Әнет бабаның үйіне келіп түседі. Қарт бұрынғыдан әжептәуір қартайып қалса да, сыр білдірмейді. Қазыбектің жора-жолдастарын, өзін жақсы қарсы алып, мал сойғызып, қазан көтертеді. Сол ауыл маңындағы қариялар, жайсаңдар жиналып, әңгіме-дүкен құрады.
Ертеңіне Қазыбек жол жүруге қам жасап, сапар алдында Әнет бабадан бір ауыз өсиет айтып беруін өтініпті. Бірақ Әнет баба:
- Қазыбекжан-ай, жасы келіп, қартайған, қасынан жар тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не өсиет сұрайсың? - деп ештеңе айтқысы келмейді. Бірақ бірбеткей Қазыбек шешен Әнет бабаның бір ауыз ақылын тыңдамай еш жаққа кетпейтінін білдіреді. Сонда Әнет баба Қазыбек шешеннің бұл қылығына күле қарап:
- Болмадың ғой, айтайын,- деп сәл ойланып, - «әкім» деген сөзді жадыңда сақта, - депті. Қазыбек Әнет бабаға ризашылығын білдіріп, жора-жолдасын қасына ертіп еліне қайтады. Ол жол-жөнекей өзімен еріп келе жатқан нөкерлерінен:
- Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңдар ма? – дейді. Бірақ бұл сұрағына ешкім үндемейді. Сонда Қаз дауысты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетін былай деп шешіпті:
- «Ә» дегені - әділ бол,
- «К» дегені – күншіл болма, көпшіл бол,
- «І» дегені – ілтипатты бол,
- «М» дегені – менмен болма, мейірбан бол,- дегені.
Әнет бабаның сол өсиеті ел арасына кең тарап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалыпты.
(Ел аузынан: Шешендік сөздер, ақындық толғамдар, аңыз әңгімелер. Құраст. Б. Адамбаев, Т. Жарқынбекова. – Алматы: Жазушы, 1989. – 368 бет. 18-19 - беттер)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет