Елім саған ғашықпын.
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=5074&Itemid=23
Елім!
Саған ғашықпын.
Ғашықпын саған!
Құмарымды қандырмап едім.
Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам,
Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Мен іздеп жүрген жер-көкте,
Арманым менің, ақылым менің.
Елім - уілдеп жатқаи жөргекте
Сәбиім менің, батырым менің.
Өмірдің қосын доғарып,
Бітсе екен сенің туыңда демім.
Жүз рет өшіп, жоғалып,
Қайыра тағы оңалып,
Табылған елім!
Бауырмал елім!
Ауыздықтап тұра алсын арманды кім
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4711&Itemid=23
Ауыздықтап тұра алсын арманды кім
Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін.
Байыздамай өмірден біз өтерміз
Болашаққа қалдырып жиған жүгін
БАрАрмандаймызандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,
Мына думан өмірге сия алмаймыз.
Бос қиялмен өтпесек жарар еді,
Көктемеген егінді жия алмай біз.
Өзімізді, себебі, жиі алдаймыз,
Өзімізден-өзіміз үялмаймыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |